Салалар тізімі

Алаң

Терминжасам барысында жаңа сөздерді ғылыми ортада талқылау маңызды. Бүгінгі таңда бизнес саласы қарқынды дамып, жаңа экономикалық ұғымдар мен терминдер күн сайын пайда болып отыр. Осыған байланысты қазақ тіліне ағылшын және  Толығырақ ...орыс тілдерінен көптеген бизнес терминдері енуде. Алайда олардың бір бөлігі қазақ тіліне толық бейімделмей, сол күйінде қолданылып жүр. Кейбір терминдердің қазақша баламалары болғанымен, олар кең қолданысқа түспеген немесе бірізді түрде қолданылмайды. Бұл жағдай кейде тіл мәдениетіне де әсер етіп, кәсіби ортада терминдердің әртүрлі нұсқада қолданылуына әкеледі.
Менің бірінші ұсыным - акция сөзі. Бұл сөз (нидер. aktіe , нем. Aktіe, лат. aktіү - қарамағына беру, рұқсат беру) деген мағынаны береді. Бизнес және қаржы саласында қолданылатын «акция» термині көбіне орыс тіліндегі нұсқасында қолданылып келеді. Алайда қазақ тілінің терминжасам қағидаларына сәйкес бұл сөзге балама ретінде «үлес қағазы» деген атауды қолдану орынды деп есептеймін. Себебі акция – белгілі бір компанияның капиталына иелік етуді білдіретін, яғни сол ұйымдағы белгілі бір үлесті көрсететін бағалы қағаз. Сондықтан «үлес қағазы» атауы осы ұғымның мағынасын қазақ тілінде нақты әрі түсінікті жеткізеді.
Келесі бұл - промоушн сөзі. Менің ойымша, «промоушн» сөзін «ілгерілету» немесе «жарнамалық ілгерілету» деп қолдану орынды. Себебі бұл атау өнімді нарықта таныстыру, оның сатылымын арттыру және тұтынушылардың назарын аудару сияқты негізгі мағыналарды дәл жеткізеді. Сонымен қатар «ілгерілету» сөзі қазақ тілінің сөздік қорына жақын әрі түсінікті.
Келесі таргет сөзі. Менің ойымша, «таргет» сөзін қазақ тілінде «мақсатты аудитория» немесе «нысаналы аудитория» деп қолдануға болады. Себебі бұл термин жарнаманың белгілі бір топқа, яғни жас ерекшелігіне, қызығушылығына немесе әлеуметтік жағдайына қарай бағытталуын білдіреді. Сондықтан «мақсатты аудитория» атауы осы ұғымның мазмұнын қазақ тілінде нақты әрі түсінікті жеткізеді.
Курманова Камилла Терминжасам барысында жаңа сөздерді ғылыми ортада талқылау маңызды. Бүгінгі таңда бизнес саласы қарқынды дамып, жаңа экономикалық ұғымдар мен терминдер күн сайын пайда болып отыр. Осыған байланысты қазақ тіліне ағылшын және Толығырақ ...орыс тілдерінен көптеген бизнес терминдері енуде. Алайда олардың бір бөлігі қазақ тіліне толық бейімделмей, сол күйінде қолданылып жүр. Кейбір терминдердің қазақша баламалары болғанымен, олар кең қолданысқа түспеген немесе бірізді түрде қолданылмайды. Бұл жағдай кейде тіл мәдениетіне де әсер етіп, кәсіби ортада терминдердің әртүрлі нұсқада қолданылуына әкеледі. Менің бірінші ұсыным - акция сөзі. Бұл сөз (нидер. aktіe , нем. Aktіe, лат. aktіү - қарамағына беру, рұқсат беру) деген мағынаны береді. Бизнес және қаржы саласында қолданылатын «акция» термині көбіне орыс тіліндегі нұсқасында қолданылып келеді. Алайда қазақ тілінің терминжасам қағидаларына сәйкес бұл сөзге балама ретінде «үлес қағазы» деген атауды қолдану орынды деп есептеймін. Себебі акция – белгілі бір компанияның капиталына иелік етуді білдіретін, яғни сол ұйымдағы белгілі бір үлесті көрсететін бағалы қағаз. Сондықтан «үлес қағазы» атауы осы ұғымның мағынасын қазақ тілінде нақты әрі түсінікті жеткізеді. Келесі бұл - промоушн сөзі. Менің ойымша, «промоушн» сөзін «ілгерілету» немесе «жарнамалық ілгерілету» деп қолдану орынды. Себебі бұл атау өнімді нарықта таныстыру, оның сатылымын арттыру және тұтынушылардың назарын аудару сияқты негізгі мағыналарды дәл жеткізеді. Сонымен қатар «ілгерілету» сөзі қазақ тілінің сөздік қорына жақын әрі түсінікті. Келесі таргет сөзі. Менің ойымша, «таргет» сөзін қазақ тілінде «мақсатты аудитория» немесе «нысаналы аудитория» деп қолдануға болады. Себебі бұл термин жарнаманың белгілі бір топқа, яғни жас ерекшелігіне, қызығушылығына немесе әлеуметтік жағдайына қарай бағытталуын білдіреді. Сондықтан «мақсатты аудитория» атауы осы ұғымның мазмұнын қазақ тілінде нақты әрі түсінікті жеткізеді.
13.03.2026 11:13 | 0 | 0
«Кэш» терминіне талдау (терминологиялық сөздіктерге сүйене отырып)

«Кэш» термині ағылшын тіліндегі cache сөзінен шыққан. Ақпараттық технологиялар саласында бұл термин компьютер жүйесінде немесе құрылғыда жиі қолданылатын деректерді уақытша сақтайтын жедел жад түрін  Толығырақ ...білдіреді. Кэштің негізгі мақсаты – ақпаратқа қол жеткізу жылдамдығын арттыру және жүйенің жұмысын тиімді ету.

Терминологиялық сөздіктерде «кэш» ұғымы көбінесе «жедел аралық жад» немесе «уақытша жад» ретінде түсіндіріледі. Бұл жадта жиі қолданылатын мәліметтер сақталып, оларды қайта жүктеу немесе қайта іздеу уақытын азайтады. Соның нәтижесінде компьютер бағдарламалары мен интернет-браузерлер жылдамырақ жұмыс істейді.

Қазақ тіліндегі терминжасам қағидалары бойынша халықаралық терминдерді кей жағдайда сол күйінде қабылдау да кездеседі. Сондықтан «кэш» сөзі ақпараттық технология саласында халықаралық термин ретінде кең қолданылып келеді. Дегенмен ғылыми мәтіндерде оның мағынасын нақтылау үшін «жедел аралық жад» деген түсіндірме баламасын бірге қолдану орынды деп есептеймін.
Zhuldyz Yessenbay «Кэш» терминіне талдау (терминологиялық сөздіктерге сүйене отырып) «Кэш» термині ағылшын тіліндегі cache сөзінен шыққан. Ақпараттық технологиялар саласында бұл термин компьютер жүйесінде немесе құрылғыда жиі қолданылатын деректерді уақытша сақтайтын жедел жад түрін Толығырақ ...білдіреді. Кэштің негізгі мақсаты – ақпаратқа қол жеткізу жылдамдығын арттыру және жүйенің жұмысын тиімді ету. Терминологиялық сөздіктерде «кэш» ұғымы көбінесе «жедел аралық жад» немесе «уақытша жад» ретінде түсіндіріледі. Бұл жадта жиі қолданылатын мәліметтер сақталып, оларды қайта жүктеу немесе қайта іздеу уақытын азайтады. Соның нәтижесінде компьютер бағдарламалары мен интернет-браузерлер жылдамырақ жұмыс істейді. Қазақ тіліндегі терминжасам қағидалары бойынша халықаралық терминдерді кей жағдайда сол күйінде қабылдау да кездеседі. Сондықтан «кэш» сөзі ақпараттық технология саласында халықаралық термин ретінде кең қолданылып келеді. Дегенмен ғылыми мәтіндерде оның мағынасын нақтылау үшін «жедел аралық жад» деген түсіндірме баламасын бірге қолдану орынды деп есептеймін.
13.03.2026 10:35 | 0 | 0