Жаһандану заманының өзіндік ерекшеліктерінің бірі ретінде жаңа терминдердің айналымға көптеп еніп жатқандығын атап көрсетуге болады. Оларға біздің көзқарасымыз, жауабымыз қандай болмақ? Сол жаңа терминдердің әрқайсысына байыппен қарап, түпнұсқасында олардың Толығырақ ...этимологиясын терең зерттеп, әр қадамымызды "асықпай асығып" басып шешім қабылданар деген ойдамыз. Мәселе бар. Мысалы, интернеттің шығуымен тек "лайн" деген сөздің негізінде қаншама ұғым пайда болды. Ағылшынның "Line" деген сөзі кезінде жалпы байланыс (коммуникация) ұғымын білдірсе, қазір интернетке қосылған, желіде немесе тікелей эфирде дегенді айқындып, заман ағымына сай шынайы уақытты білдіріп, "онлайн" сипатына ие болып отыр. Ол "желіде" дегеннен бастап, "онлайн-дүкен", "онлайн-ойын", "онлайн-оқу" және т.б. түсініктерді дүниеге әкелді. Мұның сыртында "оффлайн" (керісінше, желіден ажыратылған түсінігінде БАҚ турасында айтар болсақ, ол дәстүрлі коммуникацияны білдіреді), ал "дедлайн" сөзі - бір тапсырманың орындалуының соңғы мерзімін, жалпы алғанда маңызды істің мерзімінің келгендігін немесе нақты қойылған талаптың уақытының аяқталғандығын ескертеді. Осы жаңа терминдердің қазақша баламасы бар ма екен?
Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.
Гректің «катарсис» (catharsis - тазару) деген сөзі бар. Ол – жалпы алғанда эстетикалық сезім мен рухани тазаруды білдіретін, адамның рухани, жан және тән саулығын бейнелейтін ұғым. Бұл термин сонымен Толығырақ ...қатар адамның ішкі сезімін тазартып, жанын сауықтырып, жоғары дәрежеге көтеріп, адамның сана сезімінің айқындылығы мен сергектігін камтамасыз етеді.
«Архетип» (archetupos - алғашқы үлгі, түпнұсқа) - термині болса ұлттық негіздерді жаңғырту идеясымен тұстас келеді.
Осы сөздердің қазақша басқа баламалары бар ма? Сонымен қатар елімізде жүріп жатқан рухани және тарихи жаңғыру процесін тереңірек ұғыну тұрғысында аталған терминдер қаншалықты маңызды болмақ?
Архетип термині ғылымның көптеген салаларында қолданылатын, мағынасы өте кең тілдік бірліктердің бірі болып саналады. Мысалы, ол тіл білімінде де бар. Архетип терминінің қазақша баламасын түпнегіз немес түпбастау деп алуға болады, Толығырақ ...себебі ежелгі грек тілінен алғанда - первообраз, прообраз, образец деген мағынаны беріп, алғашқы үлгі, түпнұсқа мәнін білдіреді.
Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.
Термин cаласын бүгінгі талапқа сай қайта жүйелеп, жаңғырту өзекті мәселе болып отыр. Оның латын графикасына көшуге байланысты жүргізіліп жатқан жұмыспен тікелей байланысы да жоқ сияқты. Неге десеңіз осындай сөздіктердің оқтын-оқтын Толығырақ ...шығарылып тұруы қалыпты жағдай. Өткен ғасырдың аяғындағы терминологиялық сөздіктерді айтпағанда, тәуелсіздік жылдарында шыққандарының өздері кем дегенде ішінара қайта қарап, толықтыруды талап етері анық. Ең алдымен, бұның барлығына төреші – уақыт екендігін ұмытпаған жөн. Уақыттан бөлек біз әңгіме қылып отырған тақырыпқа кеңестік саясаттың да ықпалы әлі де болса сақталып отыр. Сонымен бірге ол жұмыстар жүйелі жүргізілген жоқ және оған маманданған авторлық ұжымдар кеңінен тартылмады. Олай болса терминологиялық сөздіктердің көпшілігінің сапасы сын көтермеді деп айтуға толық мүмкіндік бар. Жауапкершіліктің төмендігі тағы бар.
Бұл сөздіктерде терминжасамның 1920 жылдары А.Байтұрсынұлы негіздеген қазақ тілінің байлығын, мағыналығын сарқа пайдаланып, терминдерді өз тілімізде түзу; егер қазақ тілінен лайықты сөз табылмаса оны туыстас түркі тілдерінен қарастыру; бұл екеуінен қажетті сөз табылмаса онда шет тілдерінен дайын терминдерді алу сияқты үш қағидатының екіншісі онша қолданылмаған көрінеді. Яғни терминдерге қазақ тілінен лайықты сөз табылса, оның баламасын берген де, ал егер ондай мүмкіндік болмаған жағдайда, дайын тұрған шет тілдерінің терминдерін сол күйінде алып отырған (цензура – цензура; цикл – цикл; алгоритм – алгоритм; алиби –алиби; акцент – акцент; картбланш – картбланш және т.б.).
Ендеше терминологиялық сөздіктерге қатысты бірқатар сұрақтардың туындайтыны анық:
- жалпы терминологиялық сөздіктің «ғұмыры» қанша жыл?
- сол сөздіктердегі басқа тілден кезінде өзгеріссіз алынған сөздердің жаңа баламалары өмірдің талабына сай қайта қаралады ма?
- олардың арасында ескірген, қолданысқа мүлдем «жарамсыз» терминдер бар ма?
- жаңа «туған» терминдерді кіргізу арқылы оларды жаңарту міндетті ме?
Өмір болғаннан кейін бәрі өзгеріп отырады. Ол – заңдылық. Табиғи, технологиялық-инновациялық, ғылыми және қоғами даму үрдісі айналымға жаңа түсініктер мен ұғымдарды әкелетіні сөзсіз. Оған да дайын болуымыз керек.
Пікірлерді ортаға салып, ой қорытып, мемлекет тілінің әлеуетін күшейтетін дұрыс шешімдер қабылдау үшін бұл алаңның ашылуы жақсы болған екен. Құтты болсын! Дегенмен оның жұмысының жемісі - қазақ тілінде терминдердің мейлінше азырақ болғандығында болса керек.
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырмасы бойынша Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы әзірледі.
Архетип термині ғылымның көптеген салаларында қолданылатын, мағынасы өте кең тілдік бірліктердің бірі болып саналады. Мысалы, ол тіл білімінде де бар. Архетип терминінің қазақша баламасын түпнегіз немес түпбастау деп алуға болады, Толығырақ ...себебі ежелгі грек тілінен алғанда - первообраз, прообраз, образец деген мағынаны беріп, алғашқы үлгі, түпнұсқа мәнін білдіреді.