"
Жаһандану заманының өзіндік ерекшеліктерінің бірі ретінде жаңа терминдердің айналымға көптеп еніп жатқандығын атап көрсетуге болады. Оларға біздің көзқарасымыз, жауабымыз қандай болмақ? Сол жаңа терминдердің әрқайсысына байыппен қарап, түпнұсқасында олардың Толығырақ ...этимологиясын терең зерттеп, әр қадамымызды "асықпай асығып" басып шешім қабылданар деген ойдамыз. Мәселе бар. Мысалы, интернеттің шығуымен тек "лайн" деген сөздің негізінде қаншама ұғым пайда болды. Ағылшынның "Line" деген сөзі кезінде жалпы байланыс (коммуникация) ұғымын білдірсе, қазір интернетке қосылған, желіде немесе тікелей эфирде дегенді айқындып, заман ағымына сай шынайы уақытты білдіріп, "онлайн" сипатына ие болып отыр. Ол "желіде" дегеннен бастап, "онлайн-дүкен", "онлайн-ойын", "онлайн-оқу" және т.б. түсініктерді дүниеге әкелді. Мұның сыртында "оффлайн" (керісінше, желіден ажыратылған түсінігінде БАҚ турасында айтар болсақ, ол дәстүрлі коммуникацияны білдіреді), ал "дедлайн" сөзі - бір тапсырманың орындалуының соңғы мерзімін, жалпы алғанда маңызды істің мерзімінің келгендігін немесе нақты қойылған талаптың уақытының аяқталғандығын ескертеді. Осы жаңа терминдердің қазақша баламасы бар ма екен?
Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Барлық пайдаланушылар

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.