"
Термин cаласын бүгінгі талапқа сай қайта жүйелеп, жаңғырту өзекті мәселе болып отыр. Оның латын графикасына көшуге байланысты жүргізіліп жатқан жұмыспен тікелей байланысы да жоқ сияқты. Неге десеңіз осындай сөздіктердің оқтын-оқтын Толығырақ ...шығарылып тұруы қалыпты жағдай. Өткен ғасырдың аяғындағы терминологиялық сөздіктерді айтпағанда, тәуелсіздік жылдарында шыққандарының өздері кем дегенде ішінара қайта қарап, толықтыруды талап етері анық. Ең алдымен, бұның барлығына төреші – уақыт екендігін ұмытпаған жөн. Уақыттан бөлек біз әңгіме қылып отырған тақырыпқа кеңестік саясаттың да ықпалы әлі де болса сақталып отыр. Сонымен бірге ол жұмыстар жүйелі жүргізілген жоқ және оған маманданған авторлық ұжымдар кеңінен тартылмады. Олай болса терминологиялық сөздіктердің көпшілігінің сапасы сын көтермеді деп айтуға толық мүмкіндік бар. Жауапкершіліктің төмендігі тағы бар.

Бұл сөздіктерде терминжасамның 1920 жылдары А.Байтұрсынұлы негіздеген қазақ тілінің байлығын, мағыналығын сарқа пайдаланып, терминдерді өз тілімізде түзу; егер қазақ тілінен лайықты сөз табылмаса оны туыстас түркі тілдерінен қарастыру; бұл екеуінен қажетті сөз табылмаса онда шет тілдерінен дайын терминдерді алу сияқты үш қағидатының екіншісі онша қолданылмаған көрінеді. Яғни терминдерге қазақ тілінен лайықты сөз табылса, оның баламасын берген де, ал егер ондай мүмкіндік болмаған жағдайда, дайын тұрған шет тілдерінің терминдерін сол күйінде алып отырған (цензура – цензура; цикл – цикл; алгоритм – алгоритм; алиби –алиби; акцент – акцент; картбланш – картбланш және т.б.).

Ендеше терминологиялық сөздіктерге қатысты бірқатар сұрақтардың туындайтыны анық:
- жалпы терминологиялық сөздіктің «ғұмыры» қанша жыл?
- сол сөздіктердегі басқа тілден кезінде өзгеріссіз алынған сөздердің жаңа баламалары өмірдің талабына сай қайта қаралады ма?
- олардың арасында ескірген, қолданысқа мүлдем «жарамсыз» терминдер бар ма?
- жаңа «туған» терминдерді кіргізу арқылы оларды жаңарту міндетті ме?

Өмір болғаннан кейін бәрі өзгеріп отырады. Ол – заңдылық. Табиғи, технологиялық-инновациялық, ғылыми және қоғами даму үрдісі айналымға жаңа түсініктер мен ұғымдарды әкелетіні сөзсіз. Оған да дайын болуымыз керек.
Анар Сағынтаева, Aibek Qali, Бақытгүл Дәуітбекқызы Ысқақ және 1
Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Барлық пайдаланушылар

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.