Терминология мәселелері 1-том

Кітап авторы: Ш. Құрманбайұлы, О. Жұбаева
Кітап жайлы мәлімет: Бұл жинақта ХХ ғасырдың басынан 30-жылдарға дейінгі аралықта жарық көрген термин, терминология мәселелеріне қатысты мақалалар қамтылды. Жинаққа енген мақалалар хронологиялық тәртіп бойынша берілді. Қамтылып отырған мақалалар арқылы осы кезеңдегі қазақ терминологиясының дамуын, оның кезеңдік келбетін көруге болады.
ISBN: 9965-9904-1-7
Тілші ғалымдардың, терминология тарихын зерттеушілердің, терминтанушылар мен терминографтардың, терминологиялық сөздік түзушілердің, жалпы тіл мәселесі қызықтыратын көпшілік қауымның қажетіне жаратуы үшін шығарылып отыр. Жинақты жоғары оқу орындары филология факультеттерінің студенттеріне терминология бойынша жүргізілетін курстарға қосымша құрал, хрестоматия ретінде де пайдалануға болады.