Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Сарапшы мамандар

Қазіргі таңда жиі пайданылатын стюардесса, маска, интернет, семья, теплица терминдерін қалай қолданып жүрсіздер? Балама ретінде әртүрлі нұсқа беріліп жүр. Сіздердің көмектеріңіз арқылы қазақша баламасын ұсынайық.
Теплица – жылу сүйетін жидектер мен Толығырақ ...көкөністерді, гүлдерді және басқа да өсімдіктерді жыл бойы өсіруге мүмкіндік беретін, қорғалған, жылытылатын, кендігі әр алуан құрылы

Теплица

Жылужай0 %Жылыжай100 %12 дауыс
Қарлығаш Жастілекқызы Тункинова, Даурен Кусаин, Аружан Аль-Айдар және 1
  • Әрине, жылыжай дұрыс қой. Жылужай -жылу тарататын орын.

  • Жылыжай қолданысқа еніп кеткелі қашан, сәтті балама.

  • Жылыжай деген нұсқа дұрыс. Өйткені өсімдіктерді өсіру үшін жылы, жайлы орын болу керек.

Басқа пікірлерді көрсету

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.
Қазіргі таңда жиі пайданылатын стюардесса, маска, интернет, семья, теплица терминдерін қалай қолданып жүрсіздер? Балама ретінде әртүрлі нұсқа беріліп жүр. Сіздердің көмектеріңіз арқылы қазақша баламасын ұсына
Семья – кішкентай ғана əлеуметтік-психологиялық топ, Толығырақ ...оның мүшелері некелік немесе туысқандық қатынастармен, ортақ тұрмыспен жəне өзара моральдық жауапкершілікпен байланысқан, ал ондағы əлеуметтік қажеттілік қоғамның халықты нақты жəне рухани өсіріп-өндіруге деген қажеттілігінен туындайды.

Семья

Отбасы100 %Жанұя0 %6 дауыс
Қарлығаш Жастілекқызы Тункинова, Даурен Кусаин, Аружан Аль-Айдар
Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.
Қазіргі таңда жиі пайданылатын стюардесса, маска, интернет, семья, теплица терминдерін қалай қолданып жүрсіздер? Балама ретінде әртүрлі нұсқа беріліп жүр. Сіздердің көмектеріңіз арқылы қазақша баламасын ұсынайық.
Интернет – дүниенің әр түкпіріндегі Толығырақ ...тұтынушыларды бір-бірімен мәліметтер қоймасы, бейнелер және дыбыстар жазбалары арқылы жеңіл байланыстыратын ең ауқымды желі түрі.

Интернет

Әлемтор0 %Ғаламтор100 %9 дауыс
Қарлығаш Жастілекқызы Тункинова, Даурен Кусаин, Аружан Аль-Айдар
  • Ғаламтор -- қолданысқа түскен, құлаққа сіңісті болып қалған атау.

  • Ғаламтор нұсқасы дұрыс.

  • "Интернет" термині 2014 жылы қазақ тілінде де интернет болып бекітілген. Бірақ жұртшылық арасында ғаламтор ретінде тарап, қолданысқа кеңінен еніп кетті. ғаламтор баламасы интернеттің мағынасын дөп бермейді деушілер де бар. Меніңше Толығырақ ...түп тамырын қазбалай бермей, ел қабылдаған нұсқаны бекіткен дұрыс. "ғаламтор" термин ретінде өз қызметін тәп-тәуір атқарып жүр. Әрине ғаламтор сөзі всемирная сеть ұғымына сай келеді деушілер де бар. Егер мағынаны ашу-ашпау мәселесін қазбалар болсақ, "паспорт", "гимн" терминдерінің, "азық-түлік дүкені" деген ұғымның бастапқы мағыналары мүлдем басқаша болғанын көреміз. Сондықтан...

Басқа пікірлерді көрсету

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.
Қазіргі таңда жиі пайданылатын стюардесса, маска, интернет, семья, теплица терминдерін қалай қолданып жүрсіздер? Балама ретінде әртүрлі нұсқа беріліп жүр. Сіздердің көмектеріңіз арқылы қазақша баламасын ұсынайық.
Маска –жеке тұлғаны немесе бетті Толығырақ ...жасыру және қорғау үшін тағылатын зат (өнім).

Маска

Бетперде100 %Бетқалқа0 %9 дауыс
Қарлығаш Жастілекқызы Тункинова, Даурен Кусаин, Аружан Аль-Айдар және 1
  • Осыдан бес ай бұрын Есет Сағынай деген қолданушы осы маска термині туралы тым жақсы балама жазған болатын. Жазбада: «Ағылшынша Mask, Орысшасы Маска терминінің Қазақша ТҰМША баламасы бола тұра не себепті Толығырақ ...бетперде сөзі қолданысқа енгізілгенін түсінбей келемін. Қызметі мұрын, ауыз, бетті айналадағы жағымсыз әсерлерден қорғайтын ТҰМША мен масканың еш айырмашылығы жоқ» делінген еді.
    Оны Серік Ерғали ағамыз да «Бетперденің қазақ ұғымында екі түрі бар: бетті жабатын түрі - бетперде, тұмсықты тұмшалайтыны - тұмша. Театрдағысы – бетперде» деп толықтыра отырып құптаған болатын.
    Мен өзім «Иә, тұмша, тұмшалау ұғымы - қазақта бар ұғым. Мұқағали ағамыз "Жанарымды тұманмен тұмшаладым, Серіппесі үзіліп тұр садағым" деп жырлаған еді. Бірақ бетперде сөзі айналымға еніп кетті. «Маска» сөзін солай ала салмадық па деп аңсайтындар да бар. Өз басым бетпердеге қарсы емеспін. Перде - терезені күн көзінен көлегейлеп тұрады. Ал бетперде аузымыз бен мұрнымызды көлегейлеп, бүркеп, жауып тұр. Яғни адамды тура келетін әсерден тасалап, қорғап, бүркеп, көлегейлеп, бір сөзбен айтқанда жауып тұрады. Сондықтан бетперде деп болса да қазақшаланғанына қуаныштымын» деп пікір қосып едім. Сондықтан сауалнамаға ТҰМСА деген нұсқасын да қосуыңызды сұрар едім

  • бетперде

  • Күнделікті тұрмыста "бетперде", "бетперде киіңіз" деп айтамыз.

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.
Қазіргі таңда жиі пайданылатын стюардесса, маска, интернет, семья, теплица терминдерін қалай қолданып жүрсіздер? Балама ретінде әртүрлі нұсқа беріліп жүр. Сіздердің көмектеріңіз арқылы қазақша баламасын ұсынайық. Стюардесса – жолаушыларға қызмет көрсету Толығырақ ...үшін олармен жұмыс жасайтын, су мен әуе кемелеріндегі маман.

Стюардесса

Аспансерік0 %Әуесерік100 %8 дауыс
Қарлығаш Жастілекқызы Тункинова, Даурен Кусаин, Аружан Аль-Айдар және 1
  • "Аспансерік", "Әуесерік" термин ретінде де, атау ретінде де қолданысқа түспейтіні анық. Десе де, "әуесерікті қолдаған болар едім."

  • Осыдан төр ай бұрын Серік Ерғали бұл мәселені көтерген еді. Посттың қайталануына қарағанда, мәселе көпшілікті қызықтырғанға ұқсайды. Стю́ард, стюарде́сса (ағылшын. steward(ess)) немесе бортпроводни́к — кемеде немесе ұшақта даяшылық және Толығырақ ...басқа да қызмет көрсетіп, апат болған жағдайда жолаушыларға көмектесетін арнайы құрамдағы маман. Темір жол тасымалында бұл маманды проводник деп атайды. Проводникті тым жақсы жолсерік деп жүрміз. "Стюардесса", "бортпроводник", "проводник" мамандардың бірдей қызмет атқаратынын ескере келіп, үшеуін де жолсерік деп атауды, ал қажеттілік туындаған жағдайда әуе жолсерігі, пойыз жолсерігі және кеме жолсерігі деп көрсетуді ұсынамын

  • Жолсерік

Басқа пікірлерді көрсету

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Барлық пайдаланушылар

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.