Кітап жайлы мәлімет: «ТЕРМИНЖАСАМ ҚАҒИДАТТАРЫ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ
ТЕРМИНОЛОГИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІ»
Республикалық ғылыми – теориялық конференция
ISBN:
Жинақта «Терминжасам қағидаттары және ұлттық терминология мәселелері» республикалық ғылыми-теориялық конференциясының баяндамалары топтастырылған. Бұл еңбектерде терминжасам қағидаттарын жүйелеу, салалық терминдерді біріздендіру мәселелері көтеріліп, Алаш зиялыларынан бастап қазіргі терминолог ғалымдардың көзқарастары, пікірлері зерделенді. Сонымен бірге терминжасам қағидаттарының халықаралық тәжірибесі мен терминқорды жүйелеудің теориялық және ғылыми-практикалық мәселелері де айтылды.
Еңбек тіл саласының мамандарына, докторанттар мен магистранттарға, студенттерге арналады.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырмасы бойынша Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы тарапынан әзірленді