Қазіргі таңда жиі пайданылатын стюардесса, маска, интернет, семья, теплица терминдерін қалай қолданып жүрсіздер? Балама ретінде әртүрлі нұсқа беріліп жүр. Сіздердің көмектеріңіз арқылы қазақша баламасын ұсынайық.
Маска –жеке тұлғаны немесе бетті Толығырақ ...жасыру және қорғау үшін тағылатын зат (өнім).
Алаң
Мақалалар
Кітаптар
Библиография

Осыдан бес ай бұрын Есет Сағынай деген қолданушы осы маска термині туралы тым жақсы балама жазған болатын. Жазбада: «Ағылшынша Mask, Орысшасы Маска терминінің Қазақша ТҰМША баламасы бола тұра не себепті Толығырақ ...бетперде сөзі қолданысқа енгізілгенін түсінбей келемін. Қызметі мұрын, ауыз, бетті айналадағы жағымсыз әсерлерден қорғайтын ТҰМША мен масканың еш айырмашылығы жоқ» делінген еді.
Оны Серік Ерғали ағамыз да «Бетперденің қазақ ұғымында екі түрі бар: бетті жабатын түрі - бетперде, тұмсықты тұмшалайтыны - тұмша. Театрдағысы – бетперде» деп толықтыра отырып құптаған болатын.
Мен өзім «Иә, тұмша, тұмшалау ұғымы - қазақта бар ұғым. Мұқағали ағамыз "Жанарымды тұманмен тұмшаладым, Серіппесі үзіліп тұр садағым" деп жырлаған еді. Бірақ бетперде сөзі айналымға еніп кетті. «Маска» сөзін солай ала салмадық па деп аңсайтындар да бар. Өз басым бетпердеге қарсы емеспін. Перде - терезені күн көзінен көлегейлеп тұрады. Ал бетперде аузымыз бен мұрнымызды көлегейлеп, бүркеп, жауып тұр. Яғни адамды тура келетін әсерден тасалап, қорғап, бүркеп, көлегейлеп, бір сөзбен айтқанда жауып тұрады. Сондықтан бетперде деп болса да қазақшаланғанына қуаныштымын» деп пікір қосып едім. Сондықтан сауалнамаға ТҰМСА деген нұсқасын да қосуыңызды сұрар едім
бетперде
Күнделікті тұрмыста "бетперде", "бетперде киіңіз" деп айтамыз.