Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Сарапшы мамандар

Терминдердің тереңіне үңіліп ізденбегендіктің кесірінен бір кезде НАРКОМАН дегенді нашақор деп аударып жіберді. Наша (анаша) − толып жатқан есірткілердің бір түрі ғана. Нашақор деп тек наша шегуге әуестеніп кеткен адамды Толығырақ ...айтады. Сол нашаны әр жерде әртүрлі атайды, мысалы, марихуана, план, анаша, харас, хусус, гашиш, ал дерттің халықаралық атауы − гашишемания. Одан басқа да кокаиномания, героиномания, барбитуромания, морфинизм деген диагноздар бар. Осылардың әрқайсысы, өзіне тән белгілері бар, жеке-жеке дерт, бірақ ортақ атауы – наркомания. Жалпы, есірткіге әуестеніп кеткен адамды қазақтар баяғыдан БӘҢШІ дейді, яғни наркоман. Біз диагноз қойғанда апиыншы адамды нашақор дей алмаймыз, себебі біреуі апиын қабылдайды, екіншісі наша шегеді. Олардың клиникалық сипаттарында, емдік тәсілдерінде айырмашылықтар болады.
Мұрат Оспанов
Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.
Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздіктің Медицинаға арналған 14-томындағы кейбір сөздерге түсініктеме :
-Мышца отводящая – «әкететін бұлшықет» деп берілген
(419-бет),
ал дұрысы; «Алшақтатқыш бұлшықет» Толығырақ ...(М.Ахметов.)

- Мышца приводящая – «әкелетін бұлшықет» деп берілген
(419-бет),
ал дұрысы; «Жақындатқыш бұлшықет» (М.Ахметов.)

- Мышца остистая – «қылқан бұлшықет» деп берілген
(419-бет), ал дұрысы; «Қылқандық бұлшықет» (М.Ахм.)

- Прикус – «тістем» деп берілген (460-бет) ал дұрысы;
«Тістүйіс» (М.Ахм.)

- Привычный вывих – «үйреншікті буын таю» деп берілген (460-бет)
ал дұрысы:«Буынның ойнамалы шығып кетуі» (М.Ахм.)
*(Вывих = буынның шығып кетуі;
*Буынның тайып кетуі = подвывих.

- Конечный мозг – «соңғы ми» деп аударылған(415-бет) ?????

- Покрышка среднего мозга – «ортаңғы ми жамылғысы» (455-бет) ??????

- Латентный период реакции – «әсерленістің жасырын кезеңі» деп берілген (398-бет), ал осы сөздіктің 470-бетінде реакция сөзі – серпіліс деп берілген. Дұрысы: «Функцияның жасырын кезеңі»

- «Реберно-шейный ствол» дегенді – «қабырға-мойын сабауы» деп аударған (470-бет), ???????
Ал «Стволовая клетка» дегенді – «бағаналық жасуша» деп берген (492-бет), кей сөздіктерде
«дің жасуша», немесе «бастауыш жасуша»; деп жүр...

- «Стопа полая» дегенді– «Қуыс аяқ басы» деп аударған (494-бет),
ал дұрысы: «Ойыстабан» болу керек. (М.Ахметов.)

- Сөздікте «Функция» – «Қызмет» деп берілген, ал дұрысы: функция қалу керек.

- Мозговая рвота – ми тітіркенісінен құсу;

-Немая почка – «үнсіз бүйрек» (функциясыз бүйрек);

-Немое легкое – «үнсіз өкпе» (функциясыз өкпе);

* Партнерские роды – серіктесіп босандыру (толғақсерік)

-Сестра-хозяйка – «шаруашылық бикесі» деп жазыпты
электрондық сөздікте, дұрысы: – «шаруа мейіргері;
Мұрат Оспанов, Aizhan Aizhan, Дана Мұратбекқызы және 1
  • AidosQnp 4 жыл бұрын

    Ассаламу ғалейкүм, аға! Сіз құрастырған сөздік бар ма? Бар болса, қай жерден алуға болады?

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.
https://www.youtube.com/watch?v=n8mzX-nqZ0o" target="_blank">https://www.youtube.com/watch?v=n8mzX-nqZ0o
Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.
Мысалы: «вирус ЖҰҚТЫРҒАН», деген сөзтіркесті естігенде екіұшты ойда қаламыз.

«Жұқтырған» кім ?
Он заразил ?
Или
Он заразился?

Қазақша түсінігімізде бұл екеуі де «жұқтырды», «жұқтырған» болып тұр ғой....
«Кейіпкерлеріміздің рөлдерін» Толығырақ ...шатастырмау үшін ҰСЫНЫСЫМ бар:
Маңайындағыларға инфекция таратқан «вирусоносительді» -- «ЖҰҚТЫРҒАН» адам деуіміз керек. Ал, «заразившийся, зараженный» адамды -- ЖҰҒЫМДАЛҒАН» деуіміз керек.

.«ЖҰҚТЫРҒАН» және «ЖҰҒЫМДАЛҒАН» дегенді екі бөлек процесс.деп қарауымыз керек. Осылай дифференциация жасау арқылы сотмедициналық сараптамаға нақтылық енгіземіз.
//ЗАРАЗА, инфекция = жұқпа.
Контагиозность = жұғымталдық.//
  • әрине, екі ұғымды екі атаумен айтқан өте дұрыс. Соңғы уақытта баспасөз беттері мен әлеуметтік желілерді ЖҰҒЫМДАЛҒАН түріндегі қолданыс жиірек кездесіп жүр. Мәселен, "Вакциналар қауіпті топтағы азаматтарымыз үшін өте маңызды. Жақындарымызды Толығырақ ...қорғау үшін вакцина ектіруіміз шарт. Жақындарымызды қауіпке ұшыратпайық. Қазір жұғымдалған кісілердің 87 пайызы вакцина салғызбағандар. Ауруханада жатқан науқастардың 95 пайызы вакцинаны ектірмеген адамдар" түрінде қолданылып жүр. Бұл атау өміршеңдігін танытып, кең қолданысқа ие болса, бәлки термин ретінде орнығып та қалар

  • Жұғым деген сөздің баламасы мүлдем басқа нәрсе сияқты

  • Ахмет Байтұрсынұлының сөзін келтірсек "Телміріп тапқан теңгеден – тер төгіп тапқан тиын жұғымды", Міржақып Дулатұлы: "Сот жат тілде болса, жұғымды болмайды, әсіресе, жас балаларға түсінікті болмайды" десе, Қазақстанға еңбегі сіңірген Толығырақ ...фармацевт Сәлкен Хасенұлы Сұбханбердин: "Расында сары майдың адамға аса сіңімді, жұғымды, тағамдық қасиеттері мол", Кенен Әзірбаев: "Күйреуік пен бұйырғын, жеген малға көп жұғым. Қойға өте құнарлы, көтере алмас құйрығын" деген екен. Бұдан байқайтынымыз "жұғым" сөзін ауруға қатысты қолданбаған жөн.

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.
Қарапайым қазақтың миын ашытатын «лексема», «лексикология», «семасиология» деген сияқты «лингвотерминдерді» қалқан ретіде персеверациялап, жерден жеті қоян тапқандай «қиялыңыздан шыққан қазақша сөзіңізді» термин ретінде ұсына беруді қою керек.
Бүгінгі Қазақтың тілі Толығырақ ...баяғы Қазақтың тілі емес. Баяғы Ахмет Байтұрсынұлына жету үшін, кешегі Іслам Жарылғаповтың талантын тануымыз керек, және бүгінгі ғылым тілінің күрделіленіп кеткенін ескеруіміз керек. «Лингвистикалық палеонтологияның арқасында мыңдаған жылдар бұрын тілдік айналымда болған сөз таптық" деп көпіріп, сол «сөзіңізді» бүгінгі миымызға термин етіп тықпалап "жүктейміз» деу -- жүйкеге қиянат.
(Мухамбедия Ахметтөрелы.)
  • А.Байтұрсынұлы, Е.Омаров, Қ.Жұбанов, Ә.Қайдар, Ө.Айтбайұлы, Ш.Құрманбайұлы сияқты ғалымдардың терминжасам қағидаттары туралы тұжырымдарын саралай келе, еліміздің жетекші терминологтарының ұсынып отырған ортақ ғылыми қағидаттары мынадай:
    1. Ұлттық терминқор қалыптастырудың ішкі көзі қазақ Толығырақ ...тілінің лексикалық байлығы мен сөзжасам тәсілдерін барынша ұтымды пайдалану;
    2. Қазақтың өз тілінен табылмаған терминдерді басқа түркі халықтарынан іздеу;
    3. Еуропа халықтарының бәріне де сіңіп кеткен жалпы жұртқа ортақ терминдерді қазақ тілінің фоно-морфологиялық ерекшеліктеріне икемдеп алу;
    4. Орыс тілінен (жалпы славян тілдерінен) енген терминдік атауларды мүмкін болғанынша қазақшаға аударып қолдану, аударуға келмейтіндерін қазақ тілінің фоно-морфологиялық ерекшеліктеріне үйлестіре қабылдау.
    Көріп отырғанымыздай, кірме терминдерді игеру барысында қазақ тілінің терминжасамдық әлеуетін мейлінше сарқа пайдаланғанымыз дұрыс.

  • Серік Ерғали 4 жыл бұрын

    Қағидаттар дұрыс

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Барлық пайдаланушылар

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.