"
Мысалы: «вирус ЖҰҚТЫРҒАН», деген сөзтіркесті естігенде екіұшты ойда қаламыз.

«Жұқтырған» кім ?
Он заразил ?
Или
Он заразился?

Қазақша түсінігімізде бұл екеуі де «жұқтырды», «жұқтырған» болып тұр ғой....
«Кейіпкерлеріміздің рөлдерін» Толығырақ ...шатастырмау үшін ҰСЫНЫСЫМ бар:
Маңайындағыларға инфекция таратқан «вирусоносительді» -- «ЖҰҚТЫРҒАН» адам деуіміз керек. Ал, «заразившийся, зараженный» адамды -- ЖҰҒЫМДАЛҒАН» деуіміз керек.

.«ЖҰҚТЫРҒАН» және «ЖҰҒЫМДАЛҒАН» дегенді екі бөлек процесс.деп қарауымыз керек. Осылай дифференциация жасау арқылы сотмедициналық сараптамаға нақтылық енгіземіз.
//ЗАРАЗА, инфекция = жұқпа.
Контагиозность = жұғымталдық.//
  • әрине, екі ұғымды екі атаумен айтқан өте дұрыс. Соңғы уақытта баспасөз беттері мен әлеуметтік желілерді ЖҰҒЫМДАЛҒАН түріндегі қолданыс жиірек кездесіп жүр. Мәселен, "Вакциналар қауіпті топтағы азаматтарымыз үшін өте маңызды. Жақындарымызды Толығырақ ...қорғау үшін вакцина ектіруіміз шарт. Жақындарымызды қауіпке ұшыратпайық. Қазір жұғымдалған кісілердің 87 пайызы вакцина салғызбағандар. Ауруханада жатқан науқастардың 95 пайызы вакцинаны ектірмеген адамдар" түрінде қолданылып жүр. Бұл атау өміршеңдігін танытып, кең қолданысқа ие болса, бәлки термин ретінде орнығып та қалар

  • Жұғым деген сөздің баламасы мүлдем басқа нәрсе сияқты

  • Ахмет Байтұрсынұлының сөзін келтірсек "Телміріп тапқан теңгеден – тер төгіп тапқан тиын жұғымды", Міржақып Дулатұлы: "Сот жат тілде болса, жұғымды болмайды, әсіресе, жас балаларға түсінікті болмайды" десе, Қазақстанға еңбегі сіңірген Толығырақ ...фармацевт Сәлкен Хасенұлы Сұбханбердин: "Расында сары майдың адамға аса сіңімді, жұғымды, тағамдық қасиеттері мол", Кенен Әзірбаев: "Күйреуік пен бұйырғын, жеген малға көп жұғым. Қойға өте құнарлы, көтере алмас құйрығын" деген екен. Бұдан байқайтынымыз "жұғым" сөзін ауруға қатысты қолданбаған жөн.

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Барлық пайдаланушылар

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.