Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Сарапшы мамандар

Қазақ тілінде қанатты сөздер көп. Олардың рөлі мен қоғамды әлеуметтендірудегі маңызы ерекше. Сондықтан да болар бұл сөздерден үзінділерді (цитата) жиі келтіріреміз. Сонымен бірге осы терминге (цитата) біршама жақын тұрған "фрагмент" Толығырақ ...деген сөз бар. Оның екуінде де "үзінді" деген мағына кездеседі. Сонда "фрагменттің" өзіне ғана тән қазақша баламасы бар ма екен?

Фрагмент?

үзік0 %үзінді100 %жұрнақ0 %1 дауыс
Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.
Тренд сөзі туралы

Тренд терминінің нақты баламасын көрсетіңіз.

ағым0 %үрдіс0 %тенденция0 %0 дауыс
  • Қызғалдақ 7 жыл бұрын

    Бұл термин ағылшын тіліндегі "trend" сөзінен алынған, белгілі бір уақыттағы өзгерістің негізгі беталысын білдіреді. Сондықтан беталыс деп алуға болады. Мәселен сән үлгісіндегі жаңа беталыс, өнердегі жаңа беталыс....

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.
Сөзден сөйлем құралады, ал одан қанатты сөздер пайда болуы мүмкін. Олардан дәлме-дәл үзінділер келтіріліп жатады (цитата). Осы "цитата" сөзінің қазақша баламасын қарастырсақ.

""Цитата" терминінің қазақшасы:

дәйексөз100 %дәйектеме0 %ой үзігі0 %ой түйін0 %3 дауыс
Қанайбекова Элмира Төреқұлқызы
  • Ахметова Маржан 7 жыл бұрын

    Тілдік қолданыста дәйексөз орныққан.

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.
Адамдар бір-бірімен тіл арқылы қарым-қатынас жасайды. Олар өз ойын сөздерден (слово) құралған белгілі бір сөз орамы (фраза) арқылы әңгімелесушісіне жеткізеді. Ендеше "фраза" терминінің қазақша нұсқасына көңіл аударайықшы.

"Фраза" сөзінің қазақша нұсқасы?

сөз орамы0 %сөз тізбегі0 %ой0 %нақыл50 %қанатты сөз0 %сөйлем50 %сөйлемше0 %2 дауыс
Ахметова Маржан
  • Ахметова Маржан 7 жыл бұрын

    "Фраза" терминін қазақ тілінде "ой, сөйлемшеден" басқа сөздердің орнына қолдануға әбден болады. Бұл жерде "фразаның" қандай контексте қолданылғаны маңызды. Тілімізде "фраза", біріншіден, аяқталған ойды білдіретін сөйлеудің бірлігіне (сөйленім/сөйлемге); Толығырақ ...екіншіден, сөйлемге жатпайтын, интонациямен ажыратылатын сөз тізбегіне (синтагмаға) қатысты жұмсалады. Үшіншіден, "... осы автордың мынадай бір тамаша фразасы бар не ...мынадай фраза ... кинода айтылған" дегенді де естіп жатамыз, бұл жерде "фраза" сөйлем, сөз орамы (олар нақыл, қанатты сөз де болуы мүмкін) дегенге сәйкес келеді. Егер тіл білімінің термині ретінде алып сараласақ, онда "сөйлем", "сөз тізбегі" деген нұсқаларды ұсынамын.

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.
Әртүрлі саладағы "форма" термині қаншалықты орынды және бірізді қолданылып жүр деп ойлайсыз?

"Форма" терминінің қазақшасы?

пішін20 %нысан0 %түр0 %үлгі0 %қалып0 %түрпішін0 %форма80 %5 дауыс
Анар Сағынтаева, Aibek Qali, Қанайбекова Элмира Төреқұлқызы
  • Ахметова Маржан 7 жыл бұрын

    Бұл терминнің баламасы - заттың кескін-кейпін, түр-тұлғасын білдіретін «пішін» сөзі. Алайда «форма» термині әр салада түрліше қолданылады. Мәселен, тіл біліміндегі белгілі бір грамматикалық мағынаны білдіретін «грамматикалық форма» «грамматикалық тұлға» Толығырақ ...ретінде жұмсалады. Сондықтан контекске сәйкес "форма" сөзінің бірнеше баламасы (пішін, түр, үлгі, қалып, тұлға) қалыптасқан деп есептейміз.

  • "Форма" терминін бір ғана сөзбен беру мүмкін емес. Маржан айтқандай, саладағы қолданысына, контекске қарай жоғарыдағы баламаның қайсысын болса да термин ретінде бере аламыз. Дауысқа салу қиындау.

  • Қуанышев Жапсарбай 7 жыл бұрын

    Пікірлеріңізге рақмет!

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Барлық пайдаланушылар

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.