"
Адамдар бір-бірімен тіл арқылы қарым-қатынас жасайды. Олар өз ойын сөздерден (слово) құралған белгілі бір сөз орамы (фраза) арқылы әңгімелесушісіне жеткізеді. Ендеше "фраза" терминінің қазақша нұсқасына көңіл аударайықшы.

"Фраза" сөзінің қазақша нұсқасы?

сөз орамы0 %сөз тізбегі0 %ой0 %нақыл50 %қанатты сөз0 %сөйлем50 %сөйлемше0 %2 дауыс
Ахметова Маржан
  • Ахметова Маржан 7 жыл бұрын

    "Фраза" терминін қазақ тілінде "ой, сөйлемшеден" басқа сөздердің орнына қолдануға әбден болады. Бұл жерде "фразаның" қандай контексте қолданылғаны маңызды. Тілімізде "фраза", біріншіден, аяқталған ойды білдіретін сөйлеудің бірлігіне (сөйленім/сөйлемге); Толығырақ ...екіншіден, сөйлемге жатпайтын, интонациямен ажыратылатын сөз тізбегіне (синтагмаға) қатысты жұмсалады. Үшіншіден, "... осы автордың мынадай бір тамаша фразасы бар не ...мынадай фраза ... кинода айтылған" дегенді де естіп жатамыз, бұл жерде "фраза" сөйлем, сөз орамы (олар нақыл, қанатты сөз де болуы мүмкін) дегенге сәйкес келеді. Егер тіл білімінің термині ретінде алып сараласақ, онда "сөйлем", "сөз тізбегі" деген нұсқаларды ұсынамын.

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Барлық пайдаланушылар

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.