Екінші турға ұсынылған терминдер
Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы жариялаған «Қазақы терминдерді халық жасайды» атты республикалық байқауына Шүленбаев Нұрлан Құныпияұлының ұсынған термин-нұсқалары.
Ұсынылған терминдердің дені көп мағыналы деуге болады. Сондықтан олардың әрқайсысына жеке
Толығырақ ...термин-нұсқа табу керек болады немесе барлық мағынасын бір терминмен беру қажеттілігі туады.
Бронь сөзінің «біреуге берілген жеңілдік», «қорғаныш құрыш сауыт» мағыналары бар. Біріншісіне «иеленім» сөзін беріп, екіншісіне жіңішке белгісіз «брон» сөзін қалдырған дұрыс. Чат сөзіне «ауысжазба» сөзін берер едім. Визитка сөзін «танысқы», «есімхат» ретінде аудару үрдісі бар. Мен «танысқы» сөзіне басымдық беремін. Бұл сөздің «костюм» мағынасындағы да нұсқасы бар екен. Блогер сөзіне «пікіргөй» сөзін лайық көремін. Себебі тілде –қор, -қой, -ғой, -гөй сөзжасам жұрнақтары бар, жұрнақта да «ақыл айту» мағыналық реңк бар. Батерея сөзінің де «қарулар тізбегі (әск.)», «жылу құрылғысы (тех.)», «қуат құрылғысы (тех.)» мағыналары бар. Осылардың бәріне сай келетін қуатөзек (қуаткөз) нұсқасын беруге болар. Субсидия сөзі көбіне «сүйемел қаржы, көмек қаржы, жәрдем қаржы» болып аударылады. Бұл жерде «қайта жаңғыртуға көмек» мағынасы барын ескерсек, оған «демқаржы» нұсқасын жөн көремін. Халықта бұрыннан «ныспы қалу» сөзі бар. Банкрот сөзін осы тіркесті біріктіріп «ныспықалыс», банкротство сөзін «ныспықалу» ретінде берсек. Қытай қазақтары бұл сөзді «күйреу» дейтін көрінеді. Касса сөзінің бірінші мағынасына «қаржыжай», екінші мағынасына «жиынқаржы» аудармасы сай келеді. Брифинг сөзі «қысқа, жедел конференция» мағынасын береді. Олай болса, бұл сөзге қысқа да нұсқа «лезжиын» сөзін нұсқаласақ. Декларация сөзін тиісінше «мағлұмхат», «мәлімдеме», «мағлұмдама» сынды аудару үрдісі бар. Алайда бұл орыстың басқа да сөздерінің баламасы ретінде беріліп жүр. Ал өз тарапымнан бұл сөзге «жариятабыс» нұсқасын ұсынамын. Несі бар, кейбір сөздерге берілген нұсқалар алғашында көзкөрімге ерсі көрінуі, дыбыстауға ыңғайсыз болуы мүмкін. Алайда қолданыс барысында тілге сіңіп кетуі ғажап емес. Ондай сөздерді тіл өзі реттеп отырады.
Терминжасамдағы мен басты назарға алатын талап – терминнің қысқа болуы әрі мағынаны дәл беруі. Термин сөз негізгі, туынды, біріккен сөзден жасалғаны жөн. Белгілі бір затқа атау беру үшін оның сан алуан қасиет-белгілерін (сапасын, материалын, пішінін, т.б.) қатаң ескеру қажет. Осы айтқандар негізінде терминдерге өз тарапымнан мынадай нұсқалар ұсынамын:
Дизайн-әсемәр маған ұнады. Айтуға жеңіл, құлаққа жағымды естіледі. Мағынасы да толық сәйкес келіп тұр. Дизайнерді қалай атаймыз?! Әсемәрші әлде әсемәргер?!
Түзетуші, сарашы бұрын да болды. Бірақ белсенді қолданысқа енбеді-ау!