Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Сарапшы мамандар

Құрметті тіл жанашырлары «очко" - ұпай деп аударылып жүр. Ол дұрыс. Бағалау "Бал» жүйесі арқылы жүргізіледі. Осы сөздің қазақша баламасы бар ма?
  • Очко – ұпай
    Очко штрафное – айып ұпай
    Дереккөз: Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық терминология комиссиясы мақұлдаған Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік/жалпы ред. бас. М.Б. Қасымбеков, жобаның ғыл.жетекшісі А.Қ. Құсайынов. – Алматы: «ҚАЗақпарат» Толығырақ ...баспа корпорациясы, Т.30: Дене тәрбиесі және спорт. – 2014. – 464 б.

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.
Қайырлы күн . Спорт тақырыбының терминдерін қарастыру барысында біршама қиындықтарға кездестім. Мысалы «кросс" бокс саласында "қия соққы", ал теннисте "шадырлау" дейді. Шадырлаудың орнына "диагонал соққы» десек бір ізге келер ме Толығырақ ...еді. Осы сияқты бір сөз сорттың әр түрлерінде әртүрлі мағына береді екен.
  • Шадыр (парсы) – пәранжа, мұсылман әйелдердің жүзі мен денесін жасыратын жамылғы
    Дереккөз: Бабалар сөзі: Жүз томдық. - Астана: «Фолиант», 2013. Т. 94: Түс жору және ырымдар. - 432 бет.

    Шәлкем, шағыр, шадыр, Толығырақ ...шайпау, шамкес – мінезі нашар, мінезді емес.
    Дереккөз: С.Бизақов, Ә.Болғанбаев, Ш.Дәулетқұлов. Қазақ тілінің синонимдер сөздігі. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2005. - 720 б.

    Дойыр, нойыс, шадыр, дүлей, ұрма, ұрт – сабырсыз, әрі дөрекі, томырық, бір бет.
    Дереккөз: С.Бизақов, Ә.Болғанбаев, Ш.Дәулетқұлов. Қазақ тілінің синонимдер сөздігі. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2005. - 720 б.

    Шадыра
    1) Әйелдер жамылғысы.
    2) Жөкеден тоқылған ыдыс.
    Дереккөз: Қайыржан К., Сөз - сандық: Қазақтың көне сөздері. - Алматы: "Өнер" баспасы, 2013. - 480 бет.

    Шадырлау, шайпаулау, шәлкестеу, қиястау, шақарлау, долылау, ызақорлау – мінезі аздап шадыр.
    Дереккөз: С.Бизақов, Ә.Болғанбаев, Ш.Дәулетқұлов. Қазақ тілінің синонимдер сөздігі. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2005. - 720 б.

  • Бокс, теннис, воллейбол спорт түрлеріне орындау әдісін ескере отырып, ортақ "кросс – қиғаш соққы" терминін қабылдауды ұсынамын.

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.
Терапия саласының терминдерінің кемшім тұстарын терминологиялық конференцияда талқыламақпыз. Конференция 2024 ж. 07 қараша күні өтеді. Осыдан 1 жыл бұрын хирургия саласының терминдері бойынша өткен конференцияда көптеген мәселелер талқыланған еді. Нәтижесі Толығырақ ...де жоқ емес. Айтпағым жиындарда жиі талқыланып отырған дұрыс деп ойлаймын.
Козыбаева Айгул Мусаевна
  • Сәлеметсіз бе, Марал Жүнісбекқызы! Әрине, осындай ауқымды іс-шараларда қазақ терминологиясы мүмкіндігінше жиі талқылануы, айтылуы керек. Нәтижесі міндетті түрде болады.

  • Қайырлы таң! Конференцияға Тіл саясаты комитетінің, "Тіл-Қазына" ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Терминология бөлімінің мамандарын қатыстыруды ұмытпасаңыздар, жақсы болар еді.

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.
Құрметті тіл жанашырлары. Мені үнемі толғандыратын мәселе бекітілген терминдердің қолданыс аясының тарлығы. Екі сөз ғана жазайын: ортан жілік, тоқпан жілік. Бұл қашаннан бері бекітілген болса да орысшадан тікелей аудармасының қолданыста Толығырақ ...бар екеніне кейде куәгер болып қалып жүрміз. Тоқпан жілікті - иық сүйегі деп, ортан жілікті сан сүйегі деп айтып жүрген әріптестерге арнайы жазып отырмын.
  • Марал Жүнісбекқызы, өте дұрыс айтасыз. "Ортан жілік-бедренная кость" деп 2005 жылы бекітілген. Қазіргі кезде калька аударманың кеселінен термин ретінде ғана емес, күнделікті өмірде де белсенді қолданыстағы сөзді жоққа шығару белең алып бара жатқаны қынжылтады.

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.
Қайырлы күн. әріптестер! Сөздерде кездесетін жіңішкелік белгісінің қаншалықты қажет екеніне күмәнім бар. Соны қолданбай жаза берсек те болатын сияқты. Одан басқа х әрпінің де тағдыры соған ұқсас. Мысалы «хош иісті" Толығырақ ...дегенді "қош иісті» деген құлаққа жағымды естіледі.
  • Сәлеметсіз бе, Марал Жүнісбекқызы! Пікіріңіз өте орынды. Өкінішке қарай, шеттілдік терминдерді жазудың арнайы ережесі болмағандықтан, қазіргі уақытта жуандық, жіңішкелік белгілерін қолданбай, жаза алмаймыз. Х әрпі де біздің тілімізге кірме сөздермен Толығырақ ...келгені белгілі. Жоғарыда айтқандай, х әрпімен келетін сөздерді қ әрпімен таңбалау үшін негіз болатын ереже бабы болуы керек.

  • Пікіріңізге көп рақмет. Иә осы мәселелер тезірек шешімін табады деп ойлаймын.

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Барлық пайдаланушылар

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.