Қайырлы күн . Спорт тақырыбының терминдерін қарастыру барысында біршама қиындықтарға кездестім. Мысалы «кросс" бокс саласында "қия соққы", ал теннисте "шадырлау" дейді. Шадырлаудың орнына "диагонал соққы» десек бір ізге келер ме
Толығырақ ...еді. Осы сияқты бір сөз сорттың әр түрлерінде әртүрлі мағына береді екен.
Шадыр (парсы) – пәранжа, мұсылман әйелдердің жүзі мен денесін жасыратын жамылғы
Дереккөз: Бабалар сөзі: Жүз томдық. - Астана: «Фолиант», 2013. Т. 94: Түс жору және ырымдар. - 432 бет.
Шәлкем, шағыр, шадыр, Толығырақ ...шайпау, шамкес – мінезі нашар, мінезді емес.
Дереккөз: С.Бизақов, Ә.Болғанбаев, Ш.Дәулетқұлов. Қазақ тілінің синонимдер сөздігі. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2005. - 720 б.
Дойыр, нойыс, шадыр, дүлей, ұрма, ұрт – сабырсыз, әрі дөрекі, томырық, бір бет.
Дереккөз: С.Бизақов, Ә.Болғанбаев, Ш.Дәулетқұлов. Қазақ тілінің синонимдер сөздігі. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2005. - 720 б.
Шадыра
1) Әйелдер жамылғысы.
2) Жөкеден тоқылған ыдыс.
Дереккөз: Қайыржан К., Сөз - сандық: Қазақтың көне сөздері. - Алматы: "Өнер" баспасы, 2013. - 480 бет.
Шадырлау, шайпаулау, шәлкестеу, қиястау, шақарлау, долылау, ызақорлау – мінезі аздап шадыр.
Дереккөз: С.Бизақов, Ә.Болғанбаев, Ш.Дәулетқұлов. Қазақ тілінің синонимдер сөздігі. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2005. - 720 б.
Бокс, теннис, воллейбол спорт түрлеріне орындау әдісін ескере отырып, ортақ "кросс – қиғаш соққы" терминін қабылдауды ұсынамын.