Мойнақ терминіне қатысты айтар болсақ, осы сөздің бірнеше мағынасы бар:
1. Мойнақ – екі жерді қосатын, екі жағынан су шаятын жіңішке жер жолағы.
2. Мойнақ – құрылыс жұмысы кезінде бөгеттің қазаншұқырын
Толығырақ ...су басудан қорғайтын топырақ үйінділі қоршау.
3. Мойнақ – түйенің мойын терісінен жасалған торсық.
4. Мойнақ – тау басының түйе мойнына ұқсас иілген жері.
5. Мойнақ – түйенің және басқа малдың алқымынан басына дейінгі мойын терісі.
6. Мойнақ – көріктің отқа жел үрлейтін өңеші, үрімпар.
7. Мойнақ – пышақ және басқалардың сабына салынатын сақина шығыршық.
8. Мойнақ – отқа төзімді материалдардан жасалатын қымталған ыдыс.
9. Мойнақ – бұраңдаған ұзақ жол.
Географиялық атау ретінде кездесуі:
1. Мойнақ – Қарақалпақстан Республикасы Мойнақ ауданының әкімшілік орталығы әрі ең ірі елді мекені.
2. Мойнақ су электрстанциясы – Шарын өзенінің жоғары ағынындағы Алматы қаласынан шығысқа қарай 150 км қашықтықта орналасқан қысымды деревациясы бар су торабы болып табылады.
3. Мойнақ – Жетісу облысы Талдықорған қалалық әкімдігіне қарасты Өтенай ауылдық округі құрамындағы ауыл.
4. Мойнақ – Қызылорда облысы Арал ауданы, Аралқұм ауылдық округі құрамындағы ауыл.
5. Мойнақ – Алматы облысы Кеген ауданындағы ауыл.
Қылта терминіне келер болсақ, мынадай мағынасы бар:
1. Қылта – бұрылысты, қалтарысты тар жер, шатқал.
2. Екі құрлық яки түбекті жалғастыратын жердің ені тар тұсы.
3. Қылта – тізенің астыңғы жағындағы әлсіз сіңір, тірсек.
4. Қылта – өзеннің өте енсіз жері.
Терминдердің сөздіктердегі мағынасын ескеріп және қолданылу саласын жақшада көрсете отырып, қылта (анатомия) – перешеек (анатомия), мойнақ (география) – перешеек (география) деп бекітуді қолдаймын.
Қайырлы күн! "...нормалары Мемлекеттік тіл жөніндегі сараптама комиссиясымен белгіленеді" деген сөйлемді орыс тілінің грамматикасын негізге алмастан, "...нормаларын ...комиссиясы белгілейді" деп жазған дұрыс.
Қайырлы күн! Бұл жерде Грузия елінің Заңына өзгеріс енгізу туралы айтылмаған. Грузияның Тіл туралы Заңының 30-бабы мысал ретінде келтіріліп отыр. Шетелдік тәжірибені ескеріп, Тіл туралы Заңда бірыңғай терминология мәселесі қамтылса, Толығырақ ...терминдерді заңнамаға сәйкес біріздендіруге болар ма еді? – деген ұсыныс.
Терминдерді біріздендіру - өте күрделі мәселе. Тіпті Тіл туралы заңда арнайы бап қосылса да, қордаланған мәселе шешілмейді. Ол үшін Республикалық терминология комиссиясы мақұлдаған терминдердің заңнамалық күші болуы қажет және Толығырақ ...соны барлық салада қолдану талап етілуі керек. Өкінішке қарай, Кқмиссия мақұлдаған терминдерді қолдану тек ұсынымдық деңгейде ғана болып тұр. Сондықтан да бұл терминдерді біріздендіруге кепіл бола алмайды.