"
Тілтанушы ғалымдар мен түрлі сала мамандарының жекелеген терминдердің жасалуы мен қолданысынан бастап, терминологияның түрлі мәселелері жөнінде ой бөлісіп, пікір алмасып отыруы өте маңызды. Осындай пікір алаңының пайда болуы құптарлық іс. Толығырақ ... Алдағы уақытта сөзжасам, терминжасам мәселелерінің жай-жапсарын жақсы білетін тілтанушы, терминтанушы ғалымдармен бірге сала терминдерін жасап жүрген түрлі мамандық иелері мен сөзжасам шеберлері, білікті аудармашылар осы алаңға шығып, үн қосып отырса, ұлт тіліндегі терминшығармашылығының сапасы арта түсері анық. Кәсіби мамандарды ортақ іске жұмылдырып, терминдерді жасау, талқылау, сұрыптау және ең ұтымды жасалғандарын іріктеп алып, ресми қолданысқа ұсыну жұмыстарын өз деңгейінде жүзеге асыру ұйымдастырушыларға да үлкен жауапкершілік жүктейді. Бұл бағыттағы атқарылатын негізгі жұмыстар әлі алда деп білеміз. Бастама баянды, "терминком алаңы" құнды пікірлерге, шебер қолдан шыққан сөздерге толы болсын!
Ǵalıaá Saparbaeva, Arystan_danyshpan, Aibek Qali және 4
Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Barlyq paıdalanýshylar

Eskertý! Habarlama qaldyrý úshin saıtqa kirý kerek.