Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Сарапшы мамандар

Қазақстан Республикасы Тіл саясаты комитеті, Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы жыл сайынғы республикалық терминшілер байқауын бастады! Байқау өтінімі 2026 жылдың 20 сәуір мен 31 тамыз аралығында қабылданады.
Байқауға 18 Толығырақ ...жасқа толған ҚР кез келген азаматы қатыса алады. Ұлттық сипаттағы терминжасауға әркімнің үлес қосуға мүмкіндігі бар. Небәрі 5 термин ұсынып, жүлделі орынға ие болыңыз!
Байқаудың жүлде қоры:
Бас жүлде – 250 000 теңге.
I орын – 150 000 теңге.
II орын – 100 000 теңге.
III орын – екі жеңімпаздың әрқайсысына 70 000 теңге.
Ынталандыру сыйлығы – төрт жеңімпаздың әрқайсысына 25 000 теңге.
Жеңімпаздар марапаттау рәсіміне Астана қаласына шақыртылады.
Байқау ережесімен танысу үшін сілтемеге өтіңіз ➡️ https://docs.google.com/document/d/12CF9zi_otUyJnajK7WUavQ8Xtt48Oqgv/edit?usp=sharing&ouid=102829762134357764975&rtpof=true&sd=true
Өтінімдер және сұрақтар бойынша байланыс: termincom2021@gmail.com, +77172251465
Сарсембекова Тоғжан, Габдуллина Динара Салимгереевна, Төлегенов Мұхит Жылқайдарұлы және 1
Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.
Қазақ тілінде әлі бекітіліп үлгермеген топ 5 сала қандай? Бұл саладағы терминдердің бекітілмеуіне қатысты ойларыңыз қандай?
  • 1. Жасанды интеллект және нейротехнология
    2. Гейминг және киберспорт
    3. Медицина мен биотехнология
    4. Қаржы
    5. Маркетинг және медиа

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.
«Корица" сөзінің аудармасы қандай? Бұл сөз 2023 жылы "даршын» деп бекітілген екен. Тағы да басқа ұсынылатын нұсқаларыңыз бар ма?
  • Гаухар Асылбек 10 сағат бұрын

    «Корица» атауына балама ретінде дәмқабық, хошқабық немесе бұрынғы қолданыстағы корица сөзін сақтау сияқты нұсқалар теориялық тұрғыдан ұсынылуы мүмкін.

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.
Cәлеметсіздер ме! Балкон , лоджия сөздерін қалай қазақшалауға болады?
кей сөздіктерде балкон -қылттима деп аударылған.
  • Балкон – балкон
    Лоджия – лоджия

    Дереккөз: Терминологиялық хабаршы, №1 (47) 2014. Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Республикалық терминология комиссиясының бюллетені.

    Бұқаралық ақпарат құралдарында мысал ретінде жиі сын айтылып жүрген балкон – «қылтима», фонтан Толығырақ ...– «шаптырма» деген терминдер комиссияда қарастырылмаған, бекітілмеген және бекітілуі мүлдем жоспарланбаған. Сондықтан мұндай дәлелсіз, дерексіз мысалдар қоғамдық ортада қате пікір қалыптастыруға себепші болды, термин бекіту жүмыстарына деген халықтың жағымсыз пікірін қалыптастыруға жағдай жасайды.

    Дереккөз: Терминологиялық хабаршы, №2 (54) 2017. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық терминология комиссиясының бюллетені.

  • Shakenova Meruyert 3 күн бұрын

    "Лождия" сөзіне қазақша балама ұсынуда терминнің екі түрлі ерекшелігіне мән беру керек: архитектуралық мағынасының дәл сақталуы; "балкон" терминіне қарағанда ғимарат көлемінің ішінде, ішке кіріккен түрде орналасуы. Демек, "лождия" мен "балкон" Толығырақ ...ссөздерінің мағынасы бір емес. Бұл орайда ұсыныс ретінде "жапсаржай" немесе "кірігежай" терминдерін ұсынуға болады. Жапсаржай - қабырғаға жапсарлас кіріккен орын. Кірігежай - ғимаратқа кіріге орналасқан ашық орын.

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.
Улитка насоса (машинажасау)
#Орысша нұсқасыҚазақша нұсқасыРейтинг
1.улитка насосасорғы ұлуы
  • Бекділдә Қожахметов 1 апта бұрын

    ұлуша деген дұрыс па, деймін.

  • меніңше, сорғы ұлушасы

  • Радиальный вентилятор – радиалды желдеткіш

    Дереккөз: Еуразиялық экономикалық одақтың "Энергия тұтынатын құрылғылардың энергетикалық тиімділігіне қойылатын талаптар туралы" техникалық регламенті туралы Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2019 жылғы 8 тамыздағы № 114 шешімі.

    Радиальный Толығырақ ...вентилятор – радиалды желдеткіш

    Дереккөз: Мемлекеттік сатып алуды және тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру кезінде тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің энергия тиімділігі бойынша талаптарды белгілеу туралы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 11 қарашадағы № 627 бұйрығы.

Басқа пікірлерді көрсету

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.
«Окислитель» деген сөзді,
«Тотықтырғыш» деп аударылып жүргеніне көп болды. Бірақ меніңше, бұл сөз процестің химиялық табиғатын толық ашпайтын сияқты. «Тотықтырғыш» десек, тек темірдің тоты (ржавчина) сияқты процестерді елестетеміз.
Қысқасы, электрондарды «тартып алушы» Толығырақ ...қасиетін ескеріп, «Электронжұтқыш» немесе «Электронтартқыш» деп алсақ қалай болар екен?
  • Окиси с.н. – тотықтар е.а.
    Окисление – тотығу
    внутримолекулярное О. – молекула ішіндегі Т.
    жидкофазное О. – сұйық фазалық Т.
    каталитическое О. – катализдік Т.

    Окислитель – тотықтырғыш
    Н. Н. Нұрахметов, Ш. Ш. Шаяхметов. Химия терминдерінің Толығырақ ...орысша-қазақша сөздігі. – Алматы: Ана тілі, 1992. – 192 бет.

    Окислитель – тотықтырғыш
    Окислительно-восстановительные реакции – тотығу-тотықсыздану реакциялары

    Дереккөз: Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Республикалық терминологиялық комиссиясының бюллетені. Терминологиялық хабаршы, №2 (65) 2023.

    Автоокисление – автототығу
    Жидкофазное окисление – сұйық фазалық тотығу

    Дереккөз: Республикалық терминология комиссиясының бюллетені. Терминологиялық хабаршы, №2 (67) 2024.

  • Shakenova Meruyert 2 апта бұрын

    "Окислитель" сөзі "тотықтырғыш" болып 2023 жылы бекітілген. Термин дефинициясы: химиялық реакция кезінде электрондарды қабылдап, басқа заттарды тотықтыратын химиялық зат. Химияда ол реакциялардың жүруі үшін маңызды элемент болып табылады, ал косметологияда Толығырақ ...шаш бояуларына арналған белсендіргіш ретінде қолданылып, табиғи пигментті бұзып, жаңа түстің бекінуіне көмектеседі. Ең белгілі тотықтырғыш — оттегі. Бұл сөз "тотығу" етістігінен шыққан. Ал "тотығу" сөзінің беретін мағынасы - тотық етістігінің қимыл атауы. 1. Тот басу, таттану. Металдардың тотығуы табиғатына байланысты әртүрлі болады (Қ.Нұрымбетов, Металл.) (Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. 14-том. / Құраст.: М.Малмақов, Қ.Есенова, Б.Хинаят және т.б. – Алматы, 2011. 800 б.).

  • Окислитель - электронқабылдағыш
    Восстановитель - электронбергіш

    деп алар едім. Өйткені бұл процестің мәнін тура ашады.

Басқа пікірлерді көрсету

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Барлық қатысушылар

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.