Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Сарапшы мамандар

«Нысан" заңнамада бекітілетін "форма заявления" "арыс нысаны" деген жерде өте жиі қолданылады. Бірақ та халық оны қабылдай алмады. Заңгерлер үшін де түсініксіз сөз. Предмет иска - талапарыз нысанасы дегенмен шатасып Толығырақ ...кетіп жатыр.

Нысан деген ол - кең ұғым. Субъект та емес, объект та емес. Көбінесе бір кәсіп үшін бейімделген, кеңістігі анықталған не анықталмаған жылжымайтын мүлікпен шектелген, сыртқы атауы бар орын.

Сондықтан "форма заявления" дегенді "арыз нысан» деу дұрыс емес.

Форма заявления - арыз формасы.
#Орысша нұсқасыҚазақша нұсқасыРейтинг
1.форма заявленияарыз формасы
Қарлығаш Жастілекқызы Тункинова, Мендигереев Азамат, Батырболат Айтболатұлы Қабош

Басқа пікірлерді көрсету

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.
Қазақстан Республикасының Жер кодексында
«рациональное использование земель" деген сөз тіркесі бар.
Оны "жердi ұтымды пайдалану" деп аударған.
Бірақ көптеген кодекстен төмен орналасқан нормативтік құқықтық актілерде "рационалды" деп қолданады.
Ұтымды сөзі мағынаны ашпайды.
Егер Толығырақ ...Ресей Жайық өзенін жауып тастаса, олардың шаруашылығына ол ұтымды болатын шығар. Суды көп пайдалана алады. Ал "рационалды» деген сізге де, бізге де, табиғатқа да жеткізу деген сөз.

Рационал, иррационал сандармен шатастырмаймыз.
Әртүрлі тар салалық терминдер.
#Орысша нұсқасыҚазақша нұсқасыРейтинг
1.рациональныйрационалды
Қарлығаш Жастілекқызы Тункинова
  • Abdikarim 3 жыл бұрын

    Бұл сөздердің сөзжасамдық тұлғасы бірдей (ұтымды, рационалды), жерді ұтымды пайдалану үшін де ақылмен ойластыру қажет болар? "Егер Ресей Жайық өзенін жауып тастаса, олардың шаруашылығына ол ұтымды болатын шығар" - Толығырақ ... онда ол ұрлық немесе заңсыз пайдалану болмай ма? Мәселе мұнда экономикаға тиімділік турасында емес, пайдаланудың амалы жөнінде болып отыр; "ұтымды" сөзі сондықтан іс-әрекетті білдіретін тұйық етістікке бағына байланысқан, егер тиімділік жайында болатын болса, онда ол "ұтымды экономика" түрінде есім сөзге қабыса байланысар еді. Сонымен қатар бұл сөздің антонимі "рационалсыз" емес, "ұтымсыз" болса, құлаққа жағымды әрі халықтың дүниетанымына жақын. Терминді жасау немесе шетел тілінен аударған кезде мағынаның толық ашылуы шарт емес, қазақ тілінің ішкі заңдылығына, семантикалық өрісіне сәйкестігі т.б. факторлары ескерілуі тиіс. Мысалы, А. Байтұрсынұлы септік атауларын қалыптастырды, айталық, "ілік септігі" дегенді қазақ зиялылары "не, қай жерде ілініп тұр, мағынасын мүлдем ашпайды" демеген болар? Онда ілік септігі мен тәуелдік жалғаулы сөздің бір-бірімен байланысындағы іліктесік заңдылығы ескерілді. Ендеше ұғым мен терминнің арасына теңдік белгісін қоюға болмайды, терминжасам рационалды білімді ("рационалды білу" деген қолданыстың жоқтығы жоғарыда айтқан сөзімізге дәлел бола алады) ғана емес, шығармашылық қабілетті, тіл заңдылықтарын терең білуді қажет етеді.

  • Жерді ұтымды пайдалану - рациональное использование земель, табиғатты ұтымды пайдалану - природопользование рациональное, ресурстарды ұтымды пайдалану - рациональное использование ресурсов

  • Амреева Кымбат 2 жыл бұрын

    Рациональное питание - ұтымды тамақтану деп жүрміз.

Басқа пікірлерді көрсету

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.
Ие болу мен иелену - бір нәрсе.

Бірақ заңнамада сөздер қатты шатастырылған.

Ие болу - владение болса, меншік иесі - собственник. Собственникта заң бойынша үш негізгі құқығы болады: владение, Толығырақ ...пользование, распоряжение = иелену, пайдалану, билік ету (өкім жүргізу). Ие деген сөздің негізгі мәні болмай қалып тұр. Коммуникациялық жаңылысқа әкеліп жатыр. Дұрыстау керек.

Нақтылық керек.

Сол үшін ұсыныс:
#Орысша нұсқасыҚазақша нұсқасыРейтинг
1.владелецменшік иесі
2.владелециесі
3.владелециеленуші
4.владелецие болушы
5.владетьиелену, ие болу
6.собственникменшіккер
7.приобритающий в собственностьменшіктенуші
Қарлығаш Жастілекқызы Тункинова
  • Меншіккер деген сөз тіпті қисынсыз болып көрінеді. Собственник меншік иесі болу керек. Владелец иесі ғой. Иелік ететін затқа қосылады да тұрады.

  • Құқықтық тұрғыдан, пәтерді жалға алушыда иелену құқығы болады. Яғни, собственникта билік ету (өкім жүргізу) құқығы болады, яғни сатып жібере алады. Бірақ уақытша тұрып жатқан квартирант иеленуші, ие болушы. Сонда Толығырақ ... иеленуші мен иенің арасында қандай айырмашылық болады? Сол мәселе. Иеленудің түбірі ие. Демек, владеть, владелец бәрі содан шығад. Иеленушіде билік ету, сатып жіберу құқығы болмайды. Осыны бөліп қарастырғанда, ие болу, ие, иелену деген сөздердің барлығы иелену құқығымен шектеледі.

  • владелец - меншік иесі; собственник - жеке меншік иесі.

Басқа пікірлерді көрсету

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Барлық пайдаланушылар

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.