"
Қазақстан Республикасының Жер кодексында
«рациональное использование земель" деген сөз тіркесі бар.
Оны "жердi ұтымды пайдалану" деп аударған.
Бірақ көптеген кодекстен төмен орналасқан нормативтік құқықтық актілерде "рационалды" деп қолданады.
Ұтымды сөзі мағынаны ашпайды.
Егер Толығырақ ...Ресей Жайық өзенін жауып тастаса, олардың шаруашылығына ол ұтымды болатын шығар. Суды көп пайдалана алады. Ал "рационалды» деген сізге де, бізге де, табиғатқа да жеткізу деген сөз.

Рационал, иррационал сандармен шатастырмаймыз.
Әртүрлі тар салалық терминдер.
#Орысша нұсқасыҚазақша нұсқасыРейтинг
1.рациональныйрационалды
Қарлығаш Жастілекқызы Тункинова
  • Abdikarim 3 жыл бұрын

    Бұл сөздердің сөзжасамдық тұлғасы бірдей (ұтымды, рационалды), жерді ұтымды пайдалану үшін де ақылмен ойластыру қажет болар? "Егер Ресей Жайық өзенін жауып тастаса, олардың шаруашылығына ол ұтымды болатын шығар" - Толығырақ ... онда ол ұрлық немесе заңсыз пайдалану болмай ма? Мәселе мұнда экономикаға тиімділік турасында емес, пайдаланудың амалы жөнінде болып отыр; "ұтымды" сөзі сондықтан іс-әрекетті білдіретін тұйық етістікке бағына байланысқан, егер тиімділік жайында болатын болса, онда ол "ұтымды экономика" түрінде есім сөзге қабыса байланысар еді. Сонымен қатар бұл сөздің антонимі "рационалсыз" емес, "ұтымсыз" болса, құлаққа жағымды әрі халықтың дүниетанымына жақын. Терминді жасау немесе шетел тілінен аударған кезде мағынаның толық ашылуы шарт емес, қазақ тілінің ішкі заңдылығына, семантикалық өрісіне сәйкестігі т.б. факторлары ескерілуі тиіс. Мысалы, А. Байтұрсынұлы септік атауларын қалыптастырды, айталық, "ілік септігі" дегенді қазақ зиялылары "не, қай жерде ілініп тұр, мағынасын мүлдем ашпайды" демеген болар? Онда ілік септігі мен тәуелдік жалғаулы сөздің бір-бірімен байланысындағы іліктесік заңдылығы ескерілді. Ендеше ұғым мен терминнің арасына теңдік белгісін қоюға болмайды, терминжасам рационалды білімді ("рационалды білу" деген қолданыстың жоқтығы жоғарыда айтқан сөзімізге дәлел бола алады) ғана емес, шығармашылық қабілетті, тіл заңдылықтарын терең білуді қажет етеді.

  • Жерді ұтымды пайдалану - рациональное использование земель, табиғатты ұтымды пайдалану - природопользование рациональное, ресурстарды ұтымды пайдалану - рациональное использование ресурсов

  • Амреева Кымбат 2 жыл бұрын

    Рациональное питание - ұтымды тамақтану деп жүрміз.

Басқа пікірлерді көрсету

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Барлық пайдаланушылар

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.