Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Сарапшы мамандар

Жаратылыстану-математика бағыты бойынша Республикалық терминология комиссиясының 2024 жылғы 3-отырысында бекітілетін кейбір терминдерге шолу

«Ветромер, анемометр» термині

Алаңда қазақ тілінде «желөлшеуіш» деген терминнің орыс тілінде «ветромер» және «анемометр» деген екі баламасы ұсынылған. Толығырақ ... Бұл ретте «анемометр» терминін Республикалық терминология комиссиясы 2019 жылы осы нұсқасында мақұлдаған. Сонымен бірге этимологиясы грекше «ánemos» – жел және «metréo» – өлшеу болатын анемометрмен түбірлес кейбір сөздердің, мәселен 2018 жылы «анемометрия» – «анемометрия», «анеморумбограф» – «анеморумбограф», «анемограф» – «анемограф», 2019 жылы «термоанемометр» – «термоанемометр» деп бекітілгенін де атап өткен орынды.

Анемометр – желдің жылдамдығын өлшеуге арналған құрал [Ветромер // Толковый словарь русского языка: В 4 т / Под ред. Д. Н. Ушакова. – М.: Гос. ин-т «Сов. энциклопедия»; ОГИЗ, 1935. – Т. 1.]. Ал «ветромер» терминінің мынадай синонимдері бар:
- анемометр;
- баросанем;
- радиоветромер [Словарь синонимов ASIS. В.Н. Тришин. 2013.].
Егер «анемометр» термині «желөлшеуіш» деп мақұлданса, онда «термоанемометр» терминінің де, «радиоветромер» терминінің де аудармасында «желөлшеуіш» деген бір термин алынатын болады. Сонымен қатар «анемометрия» терминінің айналасында үлкен мәселе туындауы әбден мүмкін. Бұған қоса осы терминмен байланысты «анеморумбограф», «анемограф» терминдерін де қайта бекітуге тура келеді.

Тұжырымдай келе, «анемометр» термині 2019 жылы осы нұсқасында бекітілгенін ескеріп, күн тәртібінен алып тастап, «желөлшеуіш» – «ветромер» деп бекіту ұсынылады.
#Орысша нұсқасыҚазақша нұсқасыРейтинг
1.ВетромерЖелөлшеуіш
2.АнемометрАлып тастау
  • «Анемометр» терминін 2019 жылы бекітілген нұсқасында қалдыруды қолдаймын.
    «Желөлшеуіш – ветромер» деп ауа ағынын өлшеуге арналған құралдардың жалпы атауы ретінде қолдануға болады. Мысалы, желөлшеуіш құралдар мен кестелерге мыналар жатады: флюгер, анемометр, Толығырақ ...жел өрнегі, Бофорт шкаласы.
    Флюгер – желдің бағытын анықтауға арналған құрал.
    Анемометр – желдің нақты жылдамдығын өлшеу үшін қолданылады.
    Жел өрнегі (Роза ветров) – белгілі бір мерзім ішінде желдің басым бағыттарын талдауға арналған арнайы сызба.
    Бофорт шкаласы – желдің күшін бағалайды. Мұнда желдің жылдамдығы мен оның жердегі нысандарға әсері көрсетіледі.

  • «Анемометр» терминін 2019 жылы бекітілген нұсқасында қалдыруды қолдаймын.
    «Желөлшеуіш – ветромер» деп ауа ағынын өлшеуге арналған құралдардың жалпы атауы ретінде қолдануға болады.

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.
Жаратылыстану-математика бағыты бойынша Республикалық терминология комиссиясының 2024 жылғы 3-отырысында бекітілетін кейбір терминдерге шолу

«Бальнеотерапия» термині

Алаңда 2017 жылы «бальнеотерапия» деп бекітілген терминнің «балшықпен емдеу» деген баламасы ұсынылған. Алайда балшықпен емдеудің «грязелечение» Толығырақ ...екенін ескерген жөн. Бұған қоса латынша «balneum» (монша, ванна, шомылу) және грекше «therapia» (емдеу) деген сөздерден шыққан «бальнеотерапия» – минералды сулармен, сондай-ақ емдік балшықпен (пелоидотерапия) емдеуден тұратын физиотерапиялық процедура. «Бальнеотерапияға» балшықпен емдеу ғана емес, оған басқа да ем-дом шаралары кіреді. Сонымен қатар ол өзбек тілінде «balneoterapiya», ал түрікше «balneoterapi» деп жазылады. Бальнеотерапияны минералды сулардың, минералды балшықтың және шомылудың адам организміне әсерін зерттейтін бальнеология бөлімі зерттейді. Ол өз кезегінде жалпы бальнеотерапия және жеке немесе клиникалық бальнеотерапия болып бөлінеді [Энциклопедический словарь Ф.А. Брокгауза и И.А. Ефрона. – С.Пб.: Брокгауз-Ефрон. 1890-1907.].

Тұжырымдай келе, «бальнеотерапия» термині 2017 жылы осы нұсқасында бекітілгенін ескеріп, күн тәртібінен алып тастау ұсынылады. Егер латын графикасы негізіндегі әліпбиге сәйкес кейбір ережелер өзгерген жағдайда «балнеотерапия» – «бальнеотерапия» деп жіңішкелік белгісін алып тастап бекіту қажет.
#Орысша нұсқасыҚазақша нұсқасыРейтинг
1.БальнеотерапияБалнеотерапия
2.Бальнеотерапияалып тастау
Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.
Сәулет және құрылыс саласына ұсынылатын түзетулер:
1) кейбір сөздер мен терминдер 2021 жылы өзгеріссіз қайта бекітілген. Мәселен, «ағаш өңдеу шеберүстелі" (верстак столярный), "автоағаштасығыш" (автолесовоз), "толқынтосқы» (волнолом), сомын (гайка) және кейбірі еш Толығырақ ...өзгеріссіз қайта бекітілген. Өзгеріс енгізу қажеттілігі болмаса, қолданыстағы терминдерді өзгеріссіз бекіту мәселесін нақтылау қажет деп пайымдаймын.
#Орысша нұсқасыҚазақша нұсқасыРейтинг
1.верстак столярныйағаш өңдеу шеберүстелі
Ерболат Ғалымжанұлы Асылбеков, termincom.kz, Ai-kerim Qojahmet
  • termincom.kz 3 жыл бұрын

    Термин: 1. ресми түрде бұрын бекітілмеген болса; 2. салалық термин ретінде оның дефинициясында (бекітілген нұсқадан) өзгешелігі болса қайтадан бекітілуі мүмкін.

  • Қайырлы күн! Ешқандай өзгеріс енгізілмеген. Ресми түрде бұрын бекітілген.

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Барлық пайдаланушылар

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.