Алаң
Мақалалар
Кітаптар
Библиография




Қиқым, қоқым – крошка. Нан қоқымы – крошка хлеба. Мысалы, Нан қоқымын шашпаңдар, Жерде жатса баспаңдар. Теріп алып қастерлеп, Торғайларға тастаңдар.
Қалдық – отход, остаток. Отход пен остаток сөздері қазақ Толығырақ ...тілінде қалдық деп бекітілген. Қазақша атауын алмастыру қажет болса, синонимінің ішінен баламасы табылуы әбден мүмкін. Қалдық сөзінің синонимі: тамтық, қалыңды, жұқана, таусыншақ, сарқынды, сарқыншақ, жұрнақ, қалдық, сарқын.

Пікір қосқаныңызға алғыс, Ерболат мырза. Бірақ 2,5 млн сөздік қорымыз синоним мен омонимнің батпағынан арылмай жатыр. Негізі осыны ажырататын бір лексикографиялық түсіндірме сөздік болар ма еді... Қиқым мен қоқым ауызекі Толығырақ ...тілде мәндес болғанмен, олардың айырмасы біршама: түбірлеріне үңілсек - қиқым былай қарағанда қиынды, бұл да отходқа келіңкірейді, бірақ толық мағынада емес. Ал қоқым сөзі "қоқудан" екенін ескерсек, белгілі бір материалды өңдеуден шығып, қоқыған "отход" екеніне біршама ишара бар. Неге отходқа балама етіп алмасқа? Мәселен, советтік лингвистика правительстваны Үкімет, властты Өкімет етіп алмады ма, кезінде? Екі түрлді айтылған бір сөзді де жаратты ғой. Тіпті "нан қоқымы" деген тіркестің өзінде де қалдық емес, ең әуелі тілінген, желінген наннан қалған қоқым/отход!

Қалдық – остаток, қауіпті қалдықтар – опасные отходы, тұрмыстық-коммуналдық қалдықтар – коммунально-бытовые отходы, қалдықтар жiктемесі – классификация отходов. Үкiмет – правительство, билiк – власть. Көрсетілген терминдер республикалық терминология комиссиясымен бекітілген. Толығырақ ...
Қоқым – крошка, нан қоқымы – крошка хлебная. Нан, қант сияқты үгітілмелі заттардың түсіп қалған үгіндісі, қиқымы. Халық түсінігінде нанның қоқымын жеген бала өскенде бай болады (Б.Қанарбаева, Қаз. наным.). Қарны ашқан сорлы көк торғай шоқуға қоқым таппады (Б.Тұрсынбаев, Айнымас.). Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. 9-том. / Құраст.: Ә.Ыбырайым, А.Жаңабекова, Қ.Рысбергенова және т.б. – Алматы, 2011. -744 б.


Терминологиялық комиссия ескерсе, ұсынысыңыз өте жақсы. Иінтірек – рычаг, мойынтірек – подшипник деген секілді індек – втулка деп алынса болар еді. Кейбір терминнің бекітілуіне қатысты сұрақ туындайды, мәселен, шөберек – Толығырақ ...чебурек (2023 жылы бекітілген термин). Бекітілген «шөберек» термині айтылуы, естілуі, құлаққа қабылдануы жағынан шүберек – тряпка дегенге келеді. Чебурек (қырым татар тілінде çiberek: çiy – шикі, піспеген (салмасына, ішіне салынған нәрсеге қатысты), börek – бүкпе, бүктеме, пирожки) – қазіргі уақытта ТМД аумағында кең таралған қырым татар асханасының тағамы. Чебурек атауын қалдыруды немесе шибөрек, қамбөрек деген нұсқаларды ұсынамын.

Сәлеметсіз бе! Қазақ тілінің сөзжасам жұрнақтарын қолданып, жаңа термин жасау ниетіңіз - өте құптарлық іс. Мәселенің үлкені ұсынылған терминнің белсенді қолданысқа ие болуы. Мысалы, 2006 жылы ілкі Толығырақ ...нобай-бета-версия, входящий-кіресін, домен-егелік, исходящий-шығасын, тайник-құпиян және т.б. ақпараттық технология саласының терминдері Комиссия отырысында мақұлданды. Қолданысқа түсіп кете алмаған бұл терминдер бекітілісімен, ұмыт болып қалды.