Алаң
Мақалалар
Кітаптар
Библиография



Құрметті, Айгүл Махамбетова! Ұлттық терминдерді қалыптастыру мәселесіне көңіл бөліп, қырағылық танытып отырғаныңызға алғыс білдіреміз. «Тіл-Қазына» ғылыми-тәжірибелік орталығының қызметкерлері «Бекітілген терминдерге мониторинг жасаудың әдістемелік құралын» (Айдарбеков Қ.Ж., Жонкешов Толығырақ ...Б.С., 2020) әзірлеп, бекітілген терминдерге мониторинг жасаудың реті мен тәртібі белгіленді; сол арқылы терминдерді біріздендіру, терминдердің сапасын жасқарту жұмысы жүргізілуде.


Құрметті, Айгүл Махамбетова! Ұсынысыңыз үшін алғыс айтамыз.
«Адгезия» термині 2005 ж. «жабысқақтық» деп, ал медицина саласы бойынша «адгезиялық тозығу» ретінде 2016 ж. ресми түрде бекітілген. Толығырақ ...Ал Termincom.kz сайтында осы терминнің 29 нұсқасы жеке сөз ретінде немесе тіркес ретінде тіркелген.
«Акватория» термині 2020 ж. «айдын»; 2019 ж., сіз айтып отырғандай, «су аумақ, акватория»; 1998 ж. география; 1995 ж. жер ғылымы бойынша «айдын» деп ресми түрде бекітілген және осы терминнің жеке сөз немесе тіркес ретіндегі 24 нұсқасы тіркелген.
Жалпы терминдерді ресми бекіту үшін әр түрлі Министрліктер тарапынан бекітуге ұсынылатын терминдердің тізбесі Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл Комитетіне жіберіледі. Оны «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының мамандары мен арнайы тағайындалған лингвистикалық сарапшылар әрбір терминнің дефинициясын анықтап, туыстас түркі тілдерімен қатар басқа да үндіеуропа тілдеріндегі баламаларын есепке ала отырып, бекітілген-бекітілмегендігін реттеп, сараптама жасаған соң ғана Мемлекеттік терминология комиссия мүшелеріне дауыс беруге және сайт арқылы қалың көпшілік қауымға талқылауға ұсынады (Termincom.kz: «Алаң»). Соңында Мемлекеттік терминология комиссия мүшелерінің отырысында әрбір термин талқыланып, бекітіледі.
Сондықтан сіздерден салалық терминдердің қолданысы мен дефинициясын ашуға көмектесетін нақты пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңызды күтеміз.


Құрметті Айгүл Махамбетова, ұсыныстарыңыз ескерілетін болады.
Анықтамасы бойынша " ... металмен химиялық әрекеттесуге және онда еруге қабілетті газдар..."болғандықтан, сіз ұсынған "белсенді газ" термині дефиницияны толық ашып тұр деп ойлаймыз. Ал байланыс түрі ретінде берілсе, онда "активті газ" деп ұсынған дұрыс болар.