"
Керемет қуаныштымын, осы сайттың пайда болғанына. Лингвис емеспін, сондықтан дұрыс түсінбей, қатысты емес тақырыпта жазсам, кешіріңіздер, және қайда жазу керек, жөн сілтеулеріңізді, не жанашыр азамат болса, өздері осы мәселені бірге Толығырақ ...көтеруге атсалысасыздар ма деген үмітім бар... 20 жылдай, оқтын-оқтын мынадай жағдайда стресте жүремін: 10 шақты жыл жобалау жұмыстарымен айналысамын, тапсырысшыларым орысша талап ететіндіктен көбінесе орысша жазылады. Бірақ жер-су атауларын, орысша тексте, Республика Қазақстаннан бастап тек қазақ тілінде жазамын (месторождение Ақбақай, Бақыршық, река Ертіс, т.т.). Естімейтіндерім жоқ: "Уберите казахские буквы с текста", "Мы вам деньги платим...", "Как нам согласуют госорганы?", "Будет путаница", т.т. Бір компаниямен шартты бұзуға әзер қалдым, сол кездегі премьер, К.Масимовқа жазамын дегеннен ғана тынышталған). Қазір де қазақша атаулар үшін бір компаниямен 1 айдай айтыстық). Мысалы, р. Уралды, р. Жайық деп жазамын, және жақшаның ішінде (Исторические название рр. Еділ и Жайық, в 1775г. приказом Екатерины 2-ой, были переименованы в рр. Урал и Волга) деп жазғанымды сызып тастайды да, қайтадан Уралын қойып қояды (басқа да қазақ атаулары бар, орысша транскрипциямен жазылатын), мен қайта транслитерациямен (Тілдер заңы, 19 бап бойынша құқым бар, мысалы орыс мәтінінде, ағылшынның сөздері латын әріптерімен кездесетіндей) қазақша қойып қоямын... Әйтеуір меморгандарға (жобаларымды согласоват ететін) хабарласып, ана компанияның осындай қызметкері маған осындай қысымшылық көрсетіп жатыр, дегенімде, олардың қолдауымен ғана тыныштандыдым). 2013ж. осы жағдаймен сол кездегі мәдениет министрі Құл-Мұхаммедке де жазып жауап алғанмын. Соны да жібергем, және, жарайды, заңға бағыңғыңыз келмесе, этикалық жағынан: "Сіз мысалы, РФ орыстілді атаулар міндетті түрде басқа тілге беймделіп (транскрипцияланып) бұрмаланып қала берсін деп тұрған сияқты болып тұрсызғой" дегеніме де еш көнбеді, ақыры сол меморгандар арқылы "тыныштандырдым". 20 жыл осылай да жүйкем құртылып келе жатыр... Осыны мемлекеттік деңгейде шешіп, республикамыздың атауынын бастап, барлық жер-су атаулары міндетті түрде, қай тілдегі мәтін болмаса да, транслитерация заңымен, қаз-қалпында жазылу керек деген заң шығарылса?
Айгул Досмаилова, Анар Сағынтаева, Aibek Qali және 2
  • Aibek Qali 7 жыл бұрын

    Құрметті Руза Бейсенбай тегі "Терминком" алаңына қош келдіңіз! "Тілге құрмет - елге құрмет", "Тіл мәртебесі - ел мәртебесі" демекші ана тіліміздің абыройының асқақтауы, беделінің биіктеуі, "көсегесінің көгеруі" сіз бен бізге Толығырақ ... байланысты. Бұл күндері өзге тілден не орыс тілінен енген кейбір термин сөздер тілімізді шұбарлап, қазақи болмысымызға кері әсерін тигізуде. Мысалы, Қытай, Жапон т.б елдерде халықаралық терминдердің өзінің тілінде баламасы бар, ал біз болсақ әлі күнге дейін тілімізді бұрап, жағымызды қисайтып сөйлеп жүрміз. Сонда біздің сөздік қорымыз, тіл байлығымыздың осыған әлеуеті жетпей ме?! Сол себепті бұл сайттың мақсаты кейбір терминдердің қазақша баламасын тауып, терминдерді және атауларды қазақ тілінің нормаларына сәйкес реттеп, елмен бірге сарапқа салып, сұрыптау! Осы тұста Елбасының «Қазақ пен қазақ қазақша сөйлессін», – деген ұлағатты сөзін ескермей кету мүмкін емес. Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту мен тілге деген құрметті арттыру мақсатында көптеген мемлекеттік бағдарламалар мен іс – шаралар ұйымдастырылуда. Бұл "Алаң" соның куәсі. Сіздің тілге деген жанашырлығыңыз - елге деген махаббатыңыз деп білемін. Мен де сіз секілді Ертісті ен жайлаған елденмін. Бұл мәселе мені де қатты толғандырады. Тіліміздің мәртебесін көтеретін заң шығады деген ойдамын. "Сабақты ине сәтімен".«Ана тілі дегеніміз – сол тілді жасаған, жасап келе жатқан халықтың баяғысын да, бүгінгісін де, болашағын да танытатын, сол халықтың мәңгілігінің мәңгілік мәселесі. Ана тілін тек өгей ұлдары ғана менсінбейді, өгей ұлдары ғана аяққа басады» деп Ғ. Мүсірепов айтқандай елдің болашағын, тілдің болашағын сақтау баршаның міндеті. "Мен - қазақтың тілімін, Күнін кешкен дәруіш, қаңғыбастың. Қой өтінде жеті түн қалғымаспын, Қарғакөз бен қаракөз қазағымның, Қарашығын құрғатпас қанды жаспын. Қара қазақ запыран зарға ұластың, Шала қазақ қапыда жарды бастың, Бірі - дұрыс, біреуі - бұрыс тартқан, Қос айырылған құйрығы қарлығашпын" деген жыр шумақтарыммен түйіндейін.

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Барлық пайдаланушылар

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.