"
Пиар (PR; Public relations)
Пиар термині 21 ғасырда, яғни маркетинг және бизнес салаларының даму ғасырында, әлем бойынша қолданысқа енгізіліп жатыр. Термин мағынасы: әлеуметтік, экономикалық, саяси жүйелерінде обьектінің қолайлы имидждін құру және Толығырақ ...оған жарнама беру. Өкінішке орай, қазақ тілінде бұл терминнің нақты аудармасын немесе баламасын тапқан жоқпын. Бұл ағылшын терминінің (Public relations) тіпті орыс тілінде де баламасы жоқ. Терминнің тура аудармасы («Көпшілікпен қарым-қатынас") сөз тіркесінің мағынасын толықтай тасымалдамайды деген ойдамын. Сондықтан, менің ұсынысым келесі: Кескіндік насихаттау.
Мән-мәтіндік мысал: У товара нет пиара = тауардың кескіндік насихаттауы жоқ. "Кескіндік насихаттау» жағымды да, жағымсыз да түсте қолданыла алады.
#Oryssha nusqasyQazaqsha nusqasyReıtıń
1.Пи-арKeskindik nasıhattaý
Móldir Baqytqyzy, Saıa Aǵanasqyzy Iteǵulova
  • Serik Erǵalı 5 jyl buryn

    Balama izdep, aýdaryp keregi joq. Bul tym tar ári asa keń taralǵan uǵym ári termın

  • Siz kóterip otyrǵan másele jan-jaqty talqylaýdy talap etedi. PR (aǵylsh. public relations) termıni de İT (aǵylsh. information technology), VIP (aǵylsh. Very Important Person) termınderi sıaqty qazaq tilinde jazylý turǵysynan Tolyǵyraq ...eshbir ózgerissiz enip otyr. Bul abrevıatýralardy orys tilinde de, týystas túrki tilderde de solaı qabyldaý qalyptasyp ketken. Sondyqtan mundaı abrevıatýralardy sol kúıinde qabyldaý kerek degen oıdamyn. Al jalpy mátinde "taýardyń keskindik nasıhattaýy joq" dep ashyp jazýǵa bolady.

  • Alıbek Aıtjan 5 jyl buryn

    jaı PR bo'p qala bersin

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Barlyq paıdalanýshylar

Eskertý! Habarlama qaldyrý úshin saıtqa kirý kerek.