Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Сарапшы мамандар

Туризм терминдері
#Орысша нұсқасыҚазақша нұсқасыРейтинг
1.АннуляцияАннуляция
Аннуляция
Аннуляция
Саласытуризм
Этимологиясылат. annullo  жою
Дефинициясықандай болмасын актіні, шартты, құқықтар мен уәкілеттіктерді жарамсыз деп жариялау. 
Рейтинг
0
2.ФрахтованиеФрахттау
Фрахтование
Фрахттау
Саласытуризм
Этимологиясыағыл. chartering
Дефинициясыжүкті, жолаушыларды теңіз (өзен) арқылы тасымалдағаны үшін не  кемені  басқа пішімде пайдаланғаны үшін қосыла иеленуші-тасымалдаушы мен  жалдаушы  (жалдау акысы) арасындағы келісім шарт, төлем түрі және тасымалдау құны..
Рейтинг
+4
3.АпартаментыАпартаменттер
Апартаменты
Апартаменттер
Саласытуризм
Этимологиясыфр.  appartement — пәтер, итал.  appartamento — пәтер
Дефинициясыүй ішіндегі бөлме немесе бөлек тұрған пәтер.
Рейтинг
+2
4.Блок -чартерБлок -чартер
Блок -чартер
Блок -чартер
Саласытуризм
Этимологиясыағыл. charter - кеме жалдау
Дефинициясыжазбаша нысанда жасалатын әуе, теңіз немесе өзен тасымалы шартына сәйкес тасымалдау үшін бүкіл кемені немесе белгілі бір  кеме  бөлмелерін беру шарттары, яғни  көлік құралын  немесе оның бір бөлігін белгілі бір мерзімге не бір сапарға жалдау туралы шарт.
Рейтинг
+2
5.БунгалоБунгал
Бунгало
Бунгал
Саласытуризм
Этимологиясыхинди   बंगला  banglā —   бенгаль  стилінде; айтылуы — бунга́ло
Дефинициясытропикалық және оңтүстік елдерде туристерге жиі ұсынылатын бөлек үй . 
Рейтинг
+2
6.ДайвингДайвинг
Дайвинг
Дайвинг
Саласытуризм
Этимологиясыағыл. «diving» «to dive» — сүңгу
Дефинициясыарнаулы сүңгу құралдарымен су астында жүзу.
Рейтинг
+1
Молдабекова Балайм Умурзаковна, по развитию языков, Анар Сағынтаева және 3
  • Ахметова Маржан 6 жыл бұрын

    "Фрахттау" терминін осы қалпында жазу да, айту да тілдің заңдылығына сәйкес келмейді. Оны "Фрахт шарты" не "Жалдау шарты", "Тасымал шарты" деп өзгертуге болар еді.

  • Қызғалдақ 6 жыл бұрын

    Келісемін

  • Лаура Таскынбаева 5 жыл бұрын

    Фрахтование негізінен кеме, қайық және өзге де теңіз көлік құралдарын жалға алу шарты болып келеді ғой, "Жалдау шарты", "Тасымал шарты" жалпы қолданысқа ұқсас нені жалдау және тасымалдау шарты түсініксіз болады, Толығырақ ...онда толық жазу керек болады кемені жалдау шарты деп, бұл өте ұзақ сынды және орысшаға не басқа тілге аударғанда "аренда судно" деп аударылуы мүмкін ғой. "Тасымал шарты" келмейтін сияқты, терминнің негізгі мәні тасымалдау да емес қой, кеме, қайық және өзге де теңіз құралдарын жалға беру болып келмей ме. "Фрахт шарты" деген дұрыс секілді.

Басқа пікірлерді көрсету

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.
ҚОР ТОЛЫҚТЫРУ
#Орысша нұсқасыҚазақша нұсқасыРейтинг
1.АБСЕНТЕИЗМАБСЕНТЕИЗМ
АБСЕНТЕИЗМ
АБСЕНТЕИЗМ
СаласыЭкономика
Этимологиясылат. absentia – «болмау»
Дефинициясы1) меншік иесінің болмауы: жер рента түрінде ақшалай кіріс алатын, бірақ жерді өңдеуге және өндірістік тұрғыдан пайдалануға қатыспайтын меншік иесінен ажыратылған жерді пайдалану формасы; 2) қызметкердің жұмыста болмауы, дәлелді себеппен жұмысқа шықпауы.
Рейтинг
+4
2.АБСОЛЮТНОЕ ПРЕИМУЩЕСТВОАБСОЛЮТТІ АРТЫҚШЫЛЫҚ
АБСОЛЮТНОЕ ПРЕИМУЩЕСТВО
АБСОЛЮТТІ АРТЫҚШЫЛЫҚ
СаласыЭкономика
Этимологиясы
Дефинициясыбірдей тауар өндіретін және сататын бірмемлекеттің екінші мемлекетпен салыстырғанда табиғи ерекшеліктері мен өндіріс әлеуетінің арқасында тауарды өндірген кезде және айналымға шығарған кезде аз шығын жұмсауы.
Рейтинг
0
3.АБСОРБЦИЯАБСОРБЦИЯ
АБСОРБЦИЯ
АБСОРБЦИЯ
СаласыЭкономика
Этимологиясылат. absorptio — «сіңіру»
Дефинициясыбасқа елдерден белгілі бір мемлекетке тұрақты тұруға келген иммигранттардың, тұлғалардың сол елге, сол елдің экономикалық өміріне қабылдануы, енуі.
Рейтинг
+1
4.АБСТРАКЦИЯАБСТРАКЦИЯ
АБСТРАКЦИЯ
АБСТРАКЦИЯ
СаласыЭкономика
Этимологиясылат. abstractio — «аудару»
Дефинициясынегізгі рөл атқармайтын және басты, айқындайтын өзара байланыстар мен тәуелділікті анықтау үшін анағұрлым нақты жағдайды алу мақсатында ескерілмеуі мүмкін экономикалық талдаудан кейбір экономикалық және экономикалық емес факторларды алып тастау арқылы экономикалық талдауды жеңілдету.
Рейтинг
+5
5.АВУАРЫ / ASSETSАВУАРЛАР
АВУАРЫ / ASSETS
АВУАРЛАР
СаласыЭкономика
Этимологиясыфр. avoir — «дәулет, мүлік, актив»
Дефинициясы1) төлем иелерінің міндеттері өтелетін, төлем төленетін әртүрлі активтер (ақша қаражаты, чектер, вексельдер, ақша аударымдары, аккредитивтер);
Рейтинг
+3
6.АНТИДЕМПИНГОВОЕ РЕГУЛИРОВАНИЕДЕМПИНГІГЕ ҚАРСЫ РЕТТЕУ
АНТИДЕМПИНГОВОЕ РЕГУЛИРОВАНИЕ
ДЕМПИНГІГЕ ҚАРСЫ РЕТТЕУ
СаласыЭкономика
Этимологиясыағылш. dumping – «тастау»
Дефинициясыдемпингіге қарсы, яғни бәсекелесті ығыстыру және өтім нарығын жаулап алу мақсатында тауарларды сыртқы нарықта тастанды бағамен, өндіріс шығынынан төмен бағамен сатуға қарсы реттеу. Демпинг жоғары сапалы тауарды қамтамасыз ету кезінде өндірістің шығынын төмендетуге негізделген дұрыс бәсекелестікке қарама-қайшы болғандықтан, нарықтық экономикасы дамыған елдердің көпшілігінде демпингіге қарсы арнайы реттеу, заңнама бар немесе монополияға қарсы бағыты бар заңдарда тиісті шаралар қарастырылады.
Рейтинг
+4
7.АНТИМОНОПОЛЬНОЕ РЕГУЛИРОВАНИЕМОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ РЕТТЕУ
АНТИМОНОПОЛЬНОЕ РЕГУЛИРОВАНИЕ
МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ РЕТТЕУ
СаласыЭкономика
Этимологиясымонополия -грек. monos – «бір» + poleo –«сатылды»
Дефинициясыеркін бәсекелестікті басуға және бағаларды бақылауға мүмкіндік беретін билікпен байланысты монополиялардың жағымсыз жақтарын еңсеруге бағытталған нормативтік-құқықтық актілер жүйесі.
Рейтинг
+2
8.АУТРАЙТ / AUTRIGHTАУТРАЙТ
АУТРАЙТ / AUTRIGHT
АУТРАЙТ
СаласыЭкономика
Этимологиясыағылш. outright – қарапайым, тікелей
Дефинициясымәміле тараптары қатаң түрде белгілеген мерзімде форвард бағамы бойынша төлемдерді қарастыратын қарапайым шұғыл валюталық операция.
Рейтинг
+1
9.АФФИЛИРОВАННЫЕ ЛИЦАҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАР
АФФИЛИРОВАННЫЕ ЛИЦА
ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАР
СаласыЭкономика
Этимологиясы
Дефинициясыкомпанияның қызметіне тікелей әсер етуге қабілетті жеке тұлғалар (инвесторлар). Олар инсайдерлік ақпаратқа қол жеткізе алады және олардың кәсіпорын, фирма, компания қызметі туралы мәліметтері бар. Үлестес тұлғаларға меншік иелері, әкімшілік қызметкерлері, ірі кредиторлар, аудиторлар, сондай-ақ үлестес тұлғалардың туған-туыстары жатқызылады.
Рейтинг
+3
10.Антимонопольное регулированиеМонополияға қарсы реттеу
Антимонопольное регулирование
Монополияға қарсы реттеу
СаласыЭкономика
Этимологиясы
Дефинициясытауар өндірушілердің арасында бәсекелестікті дамыту мақсатында өндірісті монополияландыруға қарсы бағытталған мемлекеттік шаралар жүйесі.
Рейтинг
+2
11.Активы скрытыеЖасырын активтер
Активы скрытые
Жасырын активтер
СаласыЭкономика
Этимологиясы
Дефинициясыбухгалтерлік есеп және нақты нарықтық құн бойынша құнның арасындағы сәйкессіздік.
Рейтинг
+5
12.Банки-корреспондентыКорреспондент банктер
Банки-корреспонденты
Корреспондент банктер
СаласыЭкономика
Этимологиясы
Дефинициясыкорреспонденттік шарт негізінде үшінші банктегі арнайы ашылған шоттар немесе корреспондент банктердің шоттары арқылы бір-біріне төлем және есеп айырысу бойынша тапсырмаларды орындайтын банктер.
Рейтинг
+1
13.Биржа фондоваяҚор биржасы
Биржа фондовая
Қор биржасы
СаласыЭкономика
Этимологиясы
Дефинициясыбағалы қағаздарды сату-сатып алу бойынша ұйымдастырылған және тұрақты түрде қызмет ететін нарық. Қор биржасының негізгі қызметтері – бағалы қағаздарды сату және бағалы қағаздардың нарықтық құнын белгілеу арқылы уақытша бос ақша қаражатын жұмылдыру болып табылады.
Рейтинг
+2
14.Бюджет консолидированныйШоғырландырылған бюджет
Бюджет консолидированный
Шоғырландырылған бюджет
СаласыЭкономика
Этимологиясы
Дефинициясытиістіаумақтағы бюджетті жүйенің барлық деңгейіндегі бюджеттердің жинағы.
Рейтинг
+2
15.Бюджета дефицитТапшылық бюджеті
Бюджета дефицит
Тапшылық бюджеті
СаласыЭкономика
Этимологиясы
Дефинициясыбюджет шығынының кірістен асып кетуі.
Рейтинг
+2
Nurlan Berdigul, Айгул Досмаилова, Анар Сағынтаева және 2
  • Айгул Досмаилова 6 жыл бұрын

    Жасырын активтер, қор биржасы, шоғарландырылған бюджет, тапшылық бюджеті, үлестес тұлғалар т.б. терминдер қатары нормативтік талаптарға сәйкес келетін терминологиялық жасалымдар. Осы ретте, техника ғылымдарының салаларында өте жиі кездесетін терминдердің бірі - Толығырақ ...абсорбция. Бұл термин лат. absorptio яғни absorbere - сіңіру дегеннен туындаған. Жалпы ұғым мағынасы - сіңіру үдерісі. Сондықтан да уәжділігі түсініксін абсорбциядан, неге сіңіру деп алмасқа???

  • бакытгул искакова 6 жыл бұрын

    өте дұрыс! Шама жеткенше баламасыз терминдерден қашу керек.

  • Қуанышев Жапсарбай 6 жыл бұрын

    Дотация сөзін "демеу қаржы" деп алсақ қалай болар екен? Мазмұны жағынан "дотация" терминін қазақша жақсы ашып, дұрыс түсінуге мүмкіндік беретін сияқты.

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.
ЗАМАНАУИ ТЕРМИНДЕР
#Орысша нұсқасыҚазақша нұсқасыРейтинг
1.IP-адресIP-мекенжай
IP-адрес
IP-мекенжай
Саласы
Этимологиясыайпимекенжай, ағылш. тілінен қысқартылған InternetProtocolAddress)
ДефинициясыIP хаттамасы бойынша жасалған компьютер желісіндегі тораптың бірегей желілік мекенжайы.
Рейтинг
+4
2.Абсу́рдАбсу́рд
Абсу́рд
Абсу́рд
Саласы
Этимологиясылат. absurdus, «келіссіз, қисынсыз»
Дефинициясыкең мағынада — қисынға келмейтін, үндеспейтін, мәнсіз.
Рейтинг
-2
3.Аккредита́цияАккредита́ция
Аккредита́ция
Аккредита́ция
Саласы
Этимологиясылат. accredo, «сенім білдіру»
Дефинициясынысанның белгіленген талаптар мен көрсеткіштерге (стандартқа) сәйкестігін ресми түрде растау рәсімі.
Рейтинг
0
4.Акци́з Акци́з 
Акци́з 
Акци́з 
Саласы
Этимологиясыфр. accise
Дефинициясыкөбіне халық жаппай тұтынатын тауарларға, жеке кәсіпорындардың қызметтеріне салынатын жанама (бағаның немесе тарифтің құрамына қамтылатын) салық түрі; сатып алушылар (тұтынушылар) төлейді.
Рейтинг
+2
5.Альтернати́ва Альтернати́ва 
Альтернати́ва 
Альтернати́ва 
Саласы
Этимологиясыфранцуз тіліндегі alternative, латинша alter — екеуінің біреуі
Дефинициясыекі немесе бірнеше бір-бірін жоққа шығаратын мүмкіндіктердің біреуін таңдау қажеттілігі; бір-бірін жоққа шығаратын мүмкіндіктердің әрқайсысы.
Рейтинг
-1
6.Амби́ция Амби́ция 
Амби́ция 
Амби́ция 
Саласы
Этимологиясылат. ambitio
Дефинициясымақсатқа қол жеткізуге ұмтылу, атаққұмарлық. Құрметтеудің, құрмет көрсетудің сыртқы белгілерін талап ету.
Рейтинг
-1
7.Андегра́унд Андегра́унд 
Андегра́унд 
Андегра́унд 
Саласы
Этимологиясыағылш. unerground — астыртын
Дефинициясыорыс мәдениетіне қатысты — өнер мен әдебиетті басқарудың мемлекеттік-бюрократтық басқару стиліне қарсы жүйелі эстетикалық және экзистенциалдық наразылық түрі.
Рейтинг
+2
8.Анима́торАнима́тор
Анима́тор
Анима́тор
Саласы
Этимологиясыағылшын тілінен жасалған калька animator
Дефинициясыбезендіру әртісі; әртүрлі іс-шараларда қандай да бір кейіпкерлерді бейнелейтін әртіс.
Рейтинг
+2
9.АншлагАншлаг
Аншлаг
Аншлаг
Саласы
Этимологиясынем. anschlag—бұқараға жариялау
Дефинициясытеатр, цирк, кинотeатр және т.б. кассасыныңалдында билеттердің бәрі сатылып кетті деп айтылатын хабарландыру; газеттегі ірі айдар, тақырыпша.
Рейтинг
+2
10.АншлюсАншлюс
Аншлюс
Аншлюс
Саласы
Этимологиясынем. anschluss—қосылу
Дефинициясымәжбүрлі түрде қосу саясаты (мысалы, Австрия мен Германия).
Рейтинг
+2
11.Апгре́йдАпгре́йд
Апгре́йд
Апгре́йд
Саласы
Этимологиясыанглицизм upgrade
Дефинициясыжаңғырту, жаңарту (бағдарламалық қамтамасыз етілім, аппаратура).
Рейтинг
0
12.Апока́липсисАпока́липсис
Апока́липсис
Апока́липсис
Саласы
Этимологиясыгрек. apokalypsis — уаһи
ДефинициясыИоанн уаһиі, сақталған христиандық әдеби шығармалардың көнесі (68 ж. ортасы —69 ж. басы) болып табылатын Жаңа Өсиет кітаптарының бірі. Шіркеу «ақыр заман» туралы, Христа мен антихриста арасындағы күрес, «қиямет күні», «құдайдың мың жыл бойы патшалық етуі» туралы көрегендіктің авторы Иоанн деп таниды.
Рейтинг
-1
13.Аргуме́нтАргуме́нт
Аргуме́нт
Аргуме́нт
Саласы
Этимологиясылат. argumentum — әңгіме, дәлел, тақырып
Дефинициясыбелгілі бір пайымдаманың – тезистің ақиқаттылығын айғақтау мақсатында жеке немесе жиынтықта қолданылатын логикалық пайымдау.
Рейтинг
-1
14.Ареал Ареал 
Ареал 
Ареал 
Саласы
Этимологиясылат. area — алаң, кеңістік
Дефинициясыжануарлардың немесе өсімдіктердің белгілі бір түрі (тұқымы, тұқымдасы және т.б.) кездесетін жер бетінің (немесе акваторийдің) бір бөлігі.
Рейтинг
-1
15.АукционАукцион
Аукцион
Аукцион
Саласы
Этимологиясынем. auktion
Дефинициясыкөпшілік алдында жеңілдікпен сату.
Рейтинг
0
Nurlan Berdigul, Айгул Досмаилова, Анар Сағынтаева және 4
  • Айгул Досмаилова 6 жыл бұрын

    Бұл қатардағы апокалипсис, аншлюс, апгрейд, ареал, аниматор дегендер жақсы. Ал неліктен аргумент - аргумент, амбиция - амбиция, абсурд - абсурд, аккредитация - аккредитация, альтернатива - альтернатива болуы КЕРЕК???? Аргумент - Толығырақ ...дәлел, амбиция - менмендік, кеудесоқтық, шамданушылық, абсурд - мағынасыз, мазмұнсыз, ақылға сыймайтын, аккрдитация - аккредиттеу, альтернатива - мүмкіндік, тым болмаған жағдайдың өзінде де альтернатива емес альтернатив болуы керек шығар.....

  • Қуанышев Жапсарбай 6 жыл бұрын

    Аргументті - дәлел, ал альтернативаны балама десек қайтеді?

  • Бақытгүл Ысқақова 6 жыл бұрын

    Заманауи терминдер бөліміндегі сөздерді оқып, ағылшын тілі сөздігімен танысып отырмын ба деп қалдым. Рас, заманауи технологияға сай сайт, чат, скриншот т.б. сөздер белсенді қолданысқа еніп кетті. Заман талабы Толығырақ ...соны қажет етіп тұр. Ал бұл тізімде ауызекі сөйлеуде орныға бастаған, тіліміздің шұбарлануына қызмет ететін сөздер де толып жүр. Мысалы, шопинг, тинейджер, тренд, уик-энд, риелтор, профи т.б. Дүкен аралау, бозбала, үрдіс, демалыс уақыты, жылжымайтын мүлік делдалы, кәсіпқой т.б. деп айтсақ, заманауи болмай қаламыз ба әлде бізді біреулер білімсіз деп қалады деп қорқамыз ба?! Бұл не масқара! Егер аталған сөздер ағылшын-қазақ тілі сөздігінде баламасыз орын алса, аудармасын білмеген-ау дер едік, егер алдағы уақытта терминдер сөздігінде берілсе, оны қалай қабылдамақпыз?! Ойланайық...

Басқа пікірлерді көрсету

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.
Қор толықтыру.
#Орысша нұсқасыҚазақша нұсқасыРейтинг
1.АБАДИ СИМПТОМАБАДИ СИМПТОМЫ
АБАДИ СИМПТОМ
АБАДИ СИМПТОМЫ
СаласыМедицина
ЭтимологиясыJ. A. Abadie, 1873-1932, франц. невропатолог
Дефинициясыөкше сіңірін басқан кезде ауырғанды сезінбеу, tabesdorsalis кезінде орын алады.
Рейтинг
+1
2.АБАЛИХИНА--ПИВОВАРОВА МЕТОДАБАЛИХИН-ПИВОВАРОВ ӘДІСІ
АБАЛИХИНА--ПИВОВАРОВА МЕТОД
АБАЛИХИН-ПИВОВАРОВ ӘДІСІ
СаласыМедицина
ЭтимологиясыА.А. Абалихин, кеңестік рентгенолог; В. П.Пивоваров, 1895 ж. туылды, кеңестік офтальмолог
Дефинициясыжартылай аксиалды (кассета иектің астында көлденеңінен орналасады, бет алға қарай аздап еңкейіп тұрады, тік бағытта қарау керек) және профильді проекциялардағы көз ұясын рентгенографияға түсіру әдісі; көздің ішінде бөтен дененің орналасуын анықтау үшін қолданылады.
Рейтинг
+1
3.АББИ ПЛАСТИКА ГУБЫЕРІННІҢ АББИ ПЛАСТИКАСЫ
АББИ ПЛАСТИКА ГУБЫ
ЕРІННІҢ АББИ ПЛАСТИКАСЫ
СаласыМедицина
ЭтимологиясыR. Abbe, 1851-1928, амер. хирург
Дефинициясыеріннің ақаулығын басқа еріннің тінінен құралған аяқшаға сына тәрізді қиықпен ауыстыратын пластикалық ота.
Рейтинг
+1
4.ABBREVIATA CAUCASICAABBREVIATA CAUCASICA
ABBREVIATA CAUCASICA
ABBREVIATA CAUCASICA
СаласыМедицина
Этимологиясы
Дефинициясыжұмыр құрттар класы Physalopteridae тобына жататын гельминттердің түрі; түпкілікті қожайындары– маймыл, кейде адамдардан да кездеседі, адамдардың асқазан, өңеш, аш ішектерінде паразиттік тіршілік етеді; аралық қожайындар – әртүрлі омыртқалы жануарлар.
Рейтинг
0
5.АББРЕВИАЦИЯАББРЕВИАЦИЯ
АББРЕВИАЦИЯ
АББРЕВИАЦИЯ
СаласыМедицина
Этимологиясылат. abbreviatio – «жиырылу»
Дефинициясытұқымның дамымауына немесе органдардың редукциясына әкеп соғатын онтогенездің жеке кезеңдерінің түсіп қалуы есебінен органдардың немесе олардың бөліктерінің жеке даму циклінің қысқаруы.
Рейтинг
+1
6.АБДОМИНАЛИЗАЦИЯ СЕРДЦАЖҮРЕКТІҢ АБДОМИНАЛИЗАЦИЯЛАНУЫ
АБДОМИНАЛИЗАЦИЯ СЕРДЦА
ЖҮРЕКТІҢ АБДОМИНАЛИЗАЦИЯЛАНУЫ
СаласыМедицина
Этимологиясы
Дефинициясысозылмалы коронарлы тапшылық кезінде перикард қуысы мен құрсақ қуысы арасына сағалар салатын хирургиялық ота.
Рейтинг
+1
7.АБДУКТОРАБДУКТОР
АБДУКТОР
АБДУКТОР
СаласыМедицина
Этимологиясылат. abduco, abductum – «бөлу»
Дефинициясыаяқ-қолды немесе оның бөліктерін (мысалы, саусақ) бөліп тұратын бұлшық ет.
Рейтинг
+1
8.АБДУКЦИОННЫЙ ФЕНОМЕНАБДУКЦИЯЛЫҚ ФЕНОМЕН
АБДУКЦИОННЫЙ ФЕНОМЕН
АБДУКЦИЯЛЫҚ ФЕНОМЕН
СаласыМедицина
Этимологиясы
Дефинициясыкөздің қарқынды алшақтауы кезінде қарашықтың тарылуы; орталық жүйке жүйесінің кейбір зақымдаулары кезінде байқалады.
Рейтинг
+1
9.АБЕЛЛЯ МЕТОДАБЕЛЛ ӘДІСІ
АБЕЛЛЯ МЕТОД
АБЕЛЛ ӘДІСІ
СаласыМедицина
ЭтимологиясыL. L. Abell, 1909 ж. туылған амер. биохимик
ДефинициясыЛиберманн-Бурхард реакциясын пайдалануға негізделген, қан сарысуындағы жалпы холестеринді сандық жағынан анықтайтын колориметрлік әдіс.
Рейтинг
+1
10.АБЕРРАНТНЫЙАБЕРРАНТТЫ
АБЕРРАНТНЫЙ
АБЕРРАНТТЫ
СаласыМедицина
Этимологиясылат. aberrans, aberrantis – «ауытқитын»
Дефинициясықалыпты құрылыстан, орналасудан немесе жай-күйден ауытқу (мысалы, аберрантты қантамыр, хромосомалардың аберрантты учаскесі және т.б.).
Рейтинг
+1
11.АBERRATIONMENTALАBERRATIONMENTAL
АBERRATIONMENTAL
АBERRATIONMENTAL
СаласыМедицина
Этимологиясыкөн.; франц. аberrationmental – "психикалық ауытқу"
Дефинициясы19 ғасырда француз психиатриясындағы психикалық аурулардың жалпы атауы, отандық әдебиетте де қолданылған.
Рейтинг
+1
12.АБЕРРАЦИЯ ГЛАЗАКӨЗ АБЕРРАЦИЯСЫ
АБЕРРАЦИЯ ГЛАЗА
КӨЗ АБЕРРАЦИЯСЫ
СаласыМедицина
Этимологиясы
Дефинициясыкөздің оптикалық жүйесінің жетілмеуі салдарынан көздің ішкі тор қабығында бейнелердің бұрмалануы.
Рейтинг
+1
13.АБЕРРАЦИЯ ПОЛУХРОМАТИДНАЯЖАРТЫЛАЙ ХРОМАТИДТІ АБЕРРАЦИЯ
АБЕРРАЦИЯ ПОЛУХРОМАТИДНАЯ
ЖАРТЫЛАЙ ХРОМАТИДТІ АБЕРРАЦИЯ
СаласыМедицина
Этимологиясы
Дефинициясыбір хроматидтің бойлық жартысын жанап өтетін хромосомалық аберрация.
Рейтинг
+1
14.АБЕРРАЦИЯ ХРОМАТИДНАЯХРОМАТИДТІ АБЕРРАЦИЯ
АБЕРРАЦИЯ ХРОМАТИДНАЯ
ХРОМАТИДТІ АБЕРРАЦИЯ
СаласыМедицина
Этимологиясы
Дефинициясыбір хроматидті ғана жанап өтетін, яғни хромосомалардың жақын арада болған редупликациясынан кейін пайда болған хромосомалы аберрация.
Рейтинг
+1
15.АБЕРРАЦИЯ ХРОМОСОМНАЯХРОМОСОМАЛЫ АБЕРРАЦИЯ
АБЕРРАЦИЯ ХРОМОСОМНАЯ
ХРОМОСОМАЛЫ АБЕРРАЦИЯ
СаласыМедицина
Этимологиясы
Дефинициясыхромосомалардың ажырауы салдарынан оның қайта бөлінуі, генетикалық материалының жойылуы немесе жартылай қосарлануы сияқты құрылымының өзгеруі.
Рейтинг
+1
Айгул Досмаилова, Анар Сағынтаева, Aibek Qali және 1
Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.
ҚОР ТОЛЫҚТЫРУ
#Орысша нұсқасыҚазақша нұсқасыРейтинг
1.АГРОЭКОСИСТЕМЫАГРОЭКОЖҮЙЕЛЕР
АГРОЭКОСИСТЕМЫ
АГРОЭКОЖҮЙЕЛЕР
Саласыэкология
Этимологиясыеж.грек. ἀγρός «егістік, жыртылған жер; ауыл», әрі қарай еж. үнді-еур. *aǵro- «егістік» + (еж. грек. οἶκος — «мекен, баспана, үй, мүлік» + еж. грек. σύστημα «бөлшектерден құралған бүтін; бірігу») (ауылшаруашылық экожүйелер, мәдени бірлестіктер
Дефинициясыадамның ауылшаруашылық қызметі (жер жырту, шөп шабу, жайылым) нәтижесінде пайда болатын жасанды экожүйелер
Рейтинг
+3
2.АДАПТАЦИИ МОРФОЛОГИЧЕСКИЕМОРФОЛОГИЯЛЫҚ БЕЙІМДЕЛУ
АДАПТАЦИИ МОРФОЛОГИЧЕСКИЕ
МОРФОЛОГИЯЛЫҚ БЕЙІМДЕЛУ
Саласыэкология
Этимологиясы
Дефинициясыорганизм құрылысындағы өзгерістер. Мысалы, шөл далада өсетін өсімдік жапырақтарының түрлерінің өзгеруі
Рейтинг
+3
3.АНАЭРОБЫ ОБЛИГАТНЫЕОБЛИГАТТЫ АНАЭРОБТАР
АНАЭРОБЫ ОБЛИГАТНЫЕ
ОБЛИГАТТЫ АНАЭРОБТАР
Саласыэкология
Этимологиясы
Дефинициясыоттегі бар ортада тіршілік ете алмайтын организмдер (кейбір бактериялар)
Рейтинг
+2
4.АНАЭРОБЫ ФАКУЛЬТАТИВНЫЕФАКУЛЬТАТИВТІ АНАЭРОБТАР
АНАЭРОБЫ ФАКУЛЬТАТИВНЫЕ
ФАКУЛЬТАТИВТІ АНАЭРОБТАР
Саласыэкология
Этимологиясы
Дефинициясыоттегі бар ортада да, оттегі жоқ жерде де тіршілік ете алатын организмдер (кейбір бактериялар мен грибоктар)
Рейтинг
+2
5.АНТРОПОСФЕРААНТРОПОСФЕРА
АНТРОПОСФЕРА
АНТРОПОСФЕРА
Саласыэкология
Этимологиясыгрек. anthropos — «адам» + sphaira — «шар»
Дефинициясыадамзат тіршілік ететін және уақытша кіретін (жерсеріктер және т.б. арқылы) Жер сферасы. «Антропосфера» ұғымын адамзаттың және оның шаруашылық қызметінің кеңістіктегі жағдайын сипаттау үшін қолданады.
Рейтинг
+2
6.АУТВЕЛЛИНГАУТВЕЛЛИНГ
АУТВЕЛЛИНГ
АУТВЕЛЛИНГ
Саласыэкология
Этимологиясыағылш. out — «тыс» + well — «сау ете түсу»
Дефинициясытұщысу және теңіз экожүйелері (эстуарий, қойнау, өзеннің сағасы, жағалау маңындағы мүйіс және т.б.) арасындағы экотондар түрінде болып келетін биогенді элементтерді құрлықтан жағалау маңындағы су қоймаларына қосу
Рейтинг
+2
7.АЦИДОФИЛЫАЦИДОФИЛДЕР
АЦИДОФИЛЫ
АЦИДОФИЛДЕР
Саласыэкология
Этимологиясылат. acidus – "қышқыл" + грек. fileo «жақсы көру»
ДефинициясырН < 6,7 тең топырақта өсетін өсімдіктер
Рейтинг
+2
8.АДАПТИВНАЯ РАДИАЦИЯБЕЙІМДЕЛЕТІН РАДИАЦИЯ
АДАПТИВНАЯ РАДИАЦИЯ
БЕЙІМДЕЛЕТІН РАДИАЦИЯ
Саласыэкология
Этимологиясы
Дефинициясыәртүрлі жерлерді мекендейтін әртүрлі форманың көпшілігінің бастапқы формаға жататын біреуінің эволюциясы. Бейімделетін радиацияның классикалық мысалы ұрықжолдасты сүтқоректілердің эволюциясы бола алады. Терминді американдық ғалым Г. Осборн 1915 ж. ұсынған болатын, алайда бейімделетін радиация туралы ойды бұрындары Ч. Дарвин сөз еткен болатын, бұл процесті ол дивергенция деп атаған.
Рейтинг
+3
9.АККЛИМАТИЗАЦИЯАККЛИМАТИЗАЦИЯ
АККЛИМАТИЗАЦИЯ
АККЛИМАТИЗАЦИЯ
Саласыэкология
Этимологиясылат. ac (ad) – «арналған» және еж. грек. κλίμα «полюс бағыты бойынша экватордан көлбеу, төмендеу (Жерден)», κλίνω «еңкейтемін»
Дефинициясыорганизмдер тобын, популяцияны тұрақты түрде көбейтуге байланысты аумақтық, жасанды немесе табиғи түрде орындарын ауыстырғаннан кейін организмдердің жаңа жағдайға бейімделуі; акклиматизацияның жеке жағдайы реакклиматизация болып табылады, яғни, адамның шаруашылық қызметі нәтижесінде дербес организмдердің және осы организм түрінің бастапқы ареалының уақытша қысқаруынан (анағұрлым ұзақ мерзімде) кейін олардың санын қалпына келтіру.
Рейтинг
+2
10.АККУЛЬТУРАЦИЯҚҰРЫЛУ
АККУЛЬТУРАЦИЯ
ҚҰРЫЛУ
Саласыэкология
Этимологиясы
Дефинициясықазіргі мағынада мәдениеттердің өзара әрекет ету процесі, оның барысында мәдениеттер өзгереді, олар жаңа элементтерді игереді, әртүрлі мәдени салт-дәстүрлердің араласуы нәтижесінде түбегейлі жаңа мәдени синтездің түзілуі.
Рейтинг
0
11.АЛЛОХТОНЫАЛЛОХТОНДАР
АЛЛОХТОНЫ
АЛЛОХТОНДАР
Саласыэкология
Этимологиясыгрек. ἀλλος — «басқа» + χθον — «жер», яғни басқа жерде пайда болған
Дефинициясыэволюция барысында пайда болған жерлерден жаңа жерлерге орналасу (миграция) кезінде сол аймаққа енген тірі организмдер. Осылайша, солтүстік америкалық опоссум — Солтүстік Америка аллохтоны, өйткені ол мұнда Оңтүстік Америкадан келген.
Рейтинг
+2
12.АНТИГЕНЫАНТИГЕНДЕР
АНТИГЕНЫ
АНТИГЕНДЕР
Саласыэкология
Этимологиясыағылш. antigen antibody-generator — «антидене өндіру»
Дефинициясықанда және басқа тіндерде антиденелердің құрылуына әсер ететін, организм үшін бөтен заттар
Рейтинг
+3
13.АНТРОПОГЕННОЕ ВОЗДЕЙСТВИЕАНТРОПОГЕНДІ ӘСЕР
АНТРОПОГЕННОЕ ВОЗДЕЙСТВИЕ
АНТРОПОГЕНДІ ӘСЕР
Саласыэкология
Этимологиясы
Дефинициясыадамзаттың қоршаған ортаға тікелей (қырып-жою, тасып әкелу және акклиматизация) және жанама (ландшафтты және оның жеке компоненттерін өзгерту, жерді жырту, өнеркәсіптік игеру және т.б.) әсер етуі
Рейтинг
+3
14.АНТРОПОГЕННОЕ ЗАГРЯЗНЕНИЕАНТРОПОГЕНДІ ЛАСТАУ
АНТРОПОГЕННОЕ ЗАГРЯЗНЕНИЕ
АНТРОПОГЕНДІ ЛАСТАУ
Саласыэкология
Этимологиясы
Дефинициясыантропогенді ластаушы қалдықтардың салдарынан табиғи заттардың құрамы мен концентрациясына тікелей немесе жанама әсер ететін адамдардың шаруашылық қызметі салдарынан туындайтын қоршаған ортаны ластау
Рейтинг
+2
15.АДАПТАЦИИ ФИЗИОЛОГИЧЕСКИЕФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ БЕЙІМДЕЛУ
АДАПТАЦИИ ФИЗИОЛОГИЧЕСКИЕ
ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ БЕЙІМДЕЛУ
Саласыэкология
Этимологиясы
Дефинициясыорганизмдердің физиологиясындағы өзгерістер. Мысалы, түйенің май қорын қышқылдау арқылы организмін сумен қамтамасыз ете алу қабілеті
Рейтинг
+3
Айгул Досмаилова, Анар Сағынтаева, Aibek Qali және 1
  • Бақытгүл Ысқақова 6 жыл бұрын

    "Акклиматизация" сөзінің дефинициясында "организмдер тобын, популяцияны тұрақты түрде көбейтуге байланысты аумақтық, жасанды немесе табиғи түрде орындарын ауыстырғаннан кейін организмдердің жаңа жағдайға бейімделуі" деген анықтама берілген. Ал көшпелі қазақ мұны ежелден Толығырақ ...жерсіну, егер адамдардың қатысымен бейімдеу болса, жерсіндіру деп атайды. Қазақ әдеби тілінің сөздігінде: "Жерсін -ет. Өсімдіктің, жануарлардың жаңа орта табиғатына бейімделуі. Бір жерден екінші жерге аударғанда қой жылдам жерсінеді (М. Ермеков, Қазақст.)" 2014 жылы шыққан "Қазақша-орысша ауылшаруашылығы сөздігінде: "Акклиматизация-жерсіндіру, жерсіну" делінген. Олай болса, терминнің дефинициясын толық аша алатын, сөздікте берілген қазақша атау тұрғанда, оның басқа тілдегі нұсқасы неге ұсынылғаны түсініксіз.

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Барлық қатысушылар

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.