Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Сарапшы мамандар

«БЕШПАРМАК« ТУРАСЫНДА
Құрметті әріптестер! «Бешпармакқа" қатысты мәселе маңызды болып тұр. Осыған қатысты ұсыныс: талдай келе "бешпармакты» ығыстыратын тек жаңа сөз - неолог екен. Басқа амалы жоқ. Осыған қатысты нақты ұсыныс бар. Толығырақ ...Соны қолдасаңыздар, қарсы болсаңыз - қарсы аргумент ұсынып көріңіз.
Балама сөз ретінде »АСАМЫҚ» сөзін ұсынып отырмыз. Бұл турасында арнайы файлға материал салынды - танысуға болады.
Аталмыш тағам атауына түрлі сөздер ұсынылуда, алайда, олар төмендегі критерийлерді қанағаттандыруы шарт:
 бас тағамның бастапқы қалпын білдіретін «ас» сөзіне қатысы болуы;
 тағамның басты ерекшелігін ашатын мазмұны болуы – «асап жейтін ас» секілді;
 қазақ тілінің сөзжасам қабылетіне сәйкес болуы;
 айтылуы жеңіл әрі қабылдауға сіңімді болуы;
 басқа қосалқы ұғымды қабаттастырмайтындай, семантикалық анық мазмұнның болуы.
Асамықты рестораторлар мен аспаздарға шығып одан әрі енгізуді қолға аламыз. Әуелгі шаруа - тілшілер мен лингвистердің мақұлдауы керек
  • «Бешпармақ» қазақтың бас тағамының орыс тілінен ауысып қалыптасқан атауы. ХІХ ғ. қазақ арасына орыстарға тілмаш боп келген татар- башқұрттардың қамыр қосып тартқан етті қолмен алып қабылдауын білдіретін «беш бармак» деген Толығырақ ...атаумен байланысты қалыптасса керек. Шынтуайтында, қазақ даласындағы патшалық әкімшіліктің жергілікті шенеуніктерінің ет тағамын кемсітіп атауы. Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. 1-том. – Алматы: DPS, 2011. – 738 б.
    Осы тағамның атауын қайта қарауды қолдаймын. Термин ретінде бекітілгенімен, оның халық арасында қолданысқа енгізу жолы туралы ойыңызбен келісемін. Кейбір жағдайда терминдер бекітіліп, журнал бетінде шаң басып қала береді. Сіздің «рестораторлар мен аспаздарға шығып одан әрі енгізуді қолға аламыз» деген ойыңыз дұрыс.
    Бірақ «асам» деп алсақ, закуска сияқты қабылдануы мүмкін. Мәселен, Тағамтану сөздігінде (Алматы: «Ой-сана» баспасы, 2013. – 216 бет., Рахимбердиева Б.М.) осыған ұқсас термин берілген. Закуска – бірасам, асам, асарлық.
    Мынадай нұсқаларды қарастырсақ: «Жайма ет», «Турама», «Қамыртабақ», «Жайма тамақ».
    Жайма – етке салатын нан. Қазақ тілінің аймақтық сөздігі /Құраст. Ғ.Қалиев, О.Нақысбеков, Ш.Сарыбаев, А.Үдербаев және т.б. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2005. - 824 б.
    Турама – туралған ет, бесбармақ. Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. 14-том. / Құраст.: М.Малмақов, Қ.Есенова, Б.Хинаят және т.б. – Алматы, 2011. - 800 б.
    Қамыр – суға, сүтке илеген ұн, шикі нан. Қазақ дәстүрлі мәдениетінің энциклопедиялық сөздігі. - Алматы: "Сөздік-Словарь". 1997.- 368 б.

  • "Бешбармақ"ты қазақша ет деген дұрыс. Оған жаңа ат табу қаншалықты қажет. Асамық деген термин мағынасын ашпайды. Менің ойымша асап жеу деген мағынаны беретін сияқты.

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.
Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы жариялаған «Қазақы терминдерді халық жасайды» атты республикалық байқауының 2-турына ұсынған Серік Ерғалидың 10 терминге қатысты баламалары
Bakhytzhamal Esimseit, Akan Altynay, Дидар Турабекова және 3
Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.
Өзекті 7 балама

Коллекция.
Коллекционер.
Мына сөздердің баламасын бірнеше жылдан бері қолданамын. Бұлардың бірқатары тілімізде бар сөз, тек қолданысы тарылып, шығып қалған. Мысалы: жыйда, жыйдашы сөздерін анамнан талай естігем, бұлар диалект емес, қазақ Толығырақ ...тілінің ортақ сөзжасамына негізделген лексемалар.
Набор.
Ал енді осы тұрғымен «жыйма" сөзі өзінен өзі "набор" сөзінің баламасы бола алады. Бұны қазақы сөзжасамға сәйкестігін дәлелдеп қажет те емес.
Қолданыстағы "топтама", "жиынтық" сөздері бұлардың дефинициясын бере алмайды. Олар мүлдем басқа мағынадағы сөздер, тіпті "топтама" барынша жасанды сөз.
Конкурс.
Байқау.
Байқаушы.
"Конкурс" сөзінің баламасын "байқау" деп сіңіргелі ондаған жыл болды, бірақ бұл тілге сондай обал. Байқау: наблюдать сөзінің баламасы, наблюдатель - байқаушы. Бірақ совет дәуірінде бұған "осмотр" деген мағына жүктелді. Медосмотр, тезосмотр сықылды. Алайда бұл сөздерге "байқау" сөзі балама бола алмайды, дефиницияны ашпайды. Бұл «конкурстың» дефинициясын ашатын ЕКШЕМ сөзін алуға болады: екше+м. Конкурс байқау үдерісі емес, екшеу, іріктеу үдерісі.
Покупка.
"Покупка" сөзінің әлі күнге баламасы жоқ, бірақ ол тілімізде бұрыннан бар. Ол – САТЫҚ деген сөз! "Сауда-сатық" деген қос сөздегі сауда - торговля, продажа, болса, сатық /"саттық" емес/ - "покупканы» береді. Бұл да кәдімгі қазақы сөзжасаммен жасалған өз лексемамыз, ешкім қолдан жасаған емес: сат+ық, жат+ық, көр+ік, жар+ық...

Серік Ерғали. Астана
Bakhytzhamal Esimseit, Almazhan Kadirxan, Akan Altynay және 6
  • Бақытгүл Ысқақова 6 жыл бұрын

    ІЕкшем сөз қолданысында айтуға жеңіл, мағынасына сәйкес келеді. Өкінішке қарай, екше сөзінің өзін қазір көп қолданбайды, жастар мағынасын мүлде түсінбейтін де шығар

  • Anar Fazylzhan 6 жыл бұрын

    Сатық пен екшем қандай тамаша баламалар! Ал жиманы ережеге лайық төрт әріппен жазсаңыз, қолдар едім. Рақмет!

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Барлық қатысушылар

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.