Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Сарапшы мамандар

Негіздемесі «Жаратылыстану-математика бағыты бойынша Республикалық терминология комиссиясының 2024 жылғы 3-отырысында бекітілетін кейбір терминдерге шолуда» жарияланған осы терминнің мынадай баламалары ұсынылады:

«Амбулаторный больной» термині

Амбулатория жағдайындағы науқас;0 %Амбулатория науқасы;0 %Амбулаторияда емделуші (Е.Асылбеков);100 %4 дауыс
  • Амбулаторияда емделуші деген дұрыс ұсыныс. "Науқас", "ауру" синонимдері ауруы асқынған адамдарға қолданылса, "емделуші" термині шынымен де амбулаториялық жағдайда ем қабылдауға байланысты орынды қолданылған болар еді.

  • "Амбулаторияда емделуші" деген нұсқаны қолдауға болады.

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.
Негіздемесі «Жаратылыстану-математика бағыты бойынша Республикалық терминология комиссиясының 2024 жылғы 3-отырысында бекітілетін кейбір терминдерге шолуда» жарияланған осы терминнің екі баламасы ұсынылады:

«Стационарный больной» термині

Стационар жағдайындағы науқас;0 %Стационар науқасы;0 %0 дауыс
  • Стационарда ем алушы, стационарда емделуші

  • "Стационарда емделуші " деген ұсынысыңыз ықшам екен. Мағынасын да ашып тұр. Комиссия мүшелерінің назарына. Рақмет!

  • стационарда емделуші

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.
«Қума өрт» (верховые пожары)

Орман өртінің түрі «қума өрт» (верховые пожары) баламасы жайында талданған ақпаратты негізге алып, оның мына баламалары ұсынылады.
Баршаңызды, әсіресе осы салада қызмет атқарып жүрген мамандарды сауалнамаға қатысып, белсенділік танытуға шақырамын.

«Верховые пожары»

қума өрт0 %үстірт өрт0 %үстіңгі өрт33 %қаулама өрт66 %3 дауыс
  • Үстіңгі өрт астыңғы өрттің әрі қарай даму стадиясы болып табылады. Астыңғы өрт үстіңгі өрттің қажетті бөлігі болып саналады. Үстіңгі өрттер таулы ормандарда қатты жел кезінде жиі кездеседі. Үстіңгі Толығырақ ...өрттер аймақтарында қылқанды ағаштар толығымен дерлік жанып кетеді. Үстіңгі өрттер: қашқынды, тұрақты болады. Өрт тактикасы – Көкшетау қ.: Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК КТИ, 2020 ж. – 228 бет

  • "Қашқын" деп "беглый" сөзін тура аударып алған әрі ол адамға қатысты айтылады. Мағынасы "өрт бір ошақтан келесі ошаққа қуалап" орын алатынын ескерсек, "қума өрт" деген нұсқасы орынды деп ойлаймын. Пікіріңізге алғыс білдіремін!

  • «Қума» сөзі біраз жерде қолданылған (қыстырылған) екен.
    Мәселен, қума метр – погонный метр;
    қума қозғалыс – погонное движение;
    қума толқын – бегущая волна;
    қума – бегущий;
    туынды, қума – генетический;
    цилиндрлік қума Толығырақ ...толқындар – волны продольные цилиндрические;
    қарсы қума әдісі – метод встречной прогонки;
    қума әдісі – метод прогонки;
    қума толқын антеннасы – антенна бегущей волны;
    қума салмақ, бойлық салмақ – вес погонный;
    қумабойлы жүктеме – нагрузка погонная;
    қума магниттiк өрiс – поле бегущее, магнитное;
    қума толқындардан қорғану – защита от набегающих волн;
    қума кемер – штраба убежная;
    қума кемер – уступ убежный;
    тоқыма станогының қумасы – погонялка ткацкого станка.

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.
Объектив пен линзаға қатысты

«Физика саласындағы линзаның объектив болуы жөнінде» жарияланған материалды тұжырымдау үшін сауалнамаға пікір білдіріп, ой қоса отырыңыздар. Толық мәлімет осы тақырып материалында ұсынылды.

Объектив пен линзаны ажырату үшін «объектив» сөзінің аудармасы:

1) объектив;0 %2) линза;33 %3) сәулекөздік;66 %4) басқа жауап (пікір бөлігінде көрсетуді сұраймыз)0 %3 дауыс
Шынтасова Гульзат Бурабаевна
  • Илмира 2 жыл бұрын

    үлкейтіргіш деп айтуға болады деп ойлаймын, себебі объектив кішкентай нәрселерді үлкейтіріп анық көрсетеді

  • Қалиакбар Үсемхан 2 жыл бұрын

    Әлі де ойлану керек сияқты

  • "объектив" деу дұрыс, "үлкейткіш" десе, лупамен шатастыруы мүмкін

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.
Осі әлде өсі?

«Физика саласындағы линзаның объектив болуы жөнінде» жарияланған материалды тұжырымдау үшін сауалнамаға пікір білдіріп, ой қоса отырыңыздар. Толық мәлімет осы тақырып материалында ұсынылды.

«Главная оптическая ось линзы» терминінің қазақшасы:

1) линзаның бас оптикалық осі;22 %2) линзаның бас оптикалық өсі;66 %3) линзаның басты оптикалық өсі;11 %4) басқа жауап (пікір бөлігінде көрсетуді сұраймыз)0 %9 дауыс
Исенбай Мәдина, Илмира, Шынтасова Гульзат Бурабаевна
  • Ось (математика) - ось (2015 жылы бекітілген термин);тербелістер осі (механика және машинатану) - ось колебаний (2015 жылы бекітілген термин); жер осi - земная ось (2018 жылы бекітілген термин).

  • Линзаның бас оптикалық осі (Физика. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік / Жалпы ред. Басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: Павлодар: «Кереку» баспасы, 2011. – 449 б)

    Айналу осі (Физика. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік Толығырақ .../ Жалпы ред. Басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: Павлодар: «Кереку» баспасы, 2011. – 449 б.)

  • Қалиакбар Үсемхан 2 жыл бұрын

    "Линзаның негізгі оптикалық өсі" десе қалай?

Басқа пікірлерді көрсету

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Барлық пайдаланушылар

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.