Алаң
Мақалалар
Кітаптар
Библиография



Датчик – датчик
Дереккөз: 1971-2019 жылдар аралығындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік терминология комиссиясы мәжілістерінде бекітілген терминдер. Жинақ, ІІ том/ Жалпы редакциясын басқарған Н.Аитова. Құрастырушылар: С.Исақова, С.Сапина. Нұр-Сұлтан, 2020, -688 бет.

Датчик касания – жанасу датчигі
Датчик цвета – түс датчигі
Дереккөз: Мемлекеттік терминология комиссиясының бюллетені. Терминологиялық хабаршы, № 2 (63) 2022.

Энергетика саласында аудармашылар "бергіш" деп жазып жүр.
Окиси с.н. – тотықтар е.а.
Окисление – тотығу
внутримолекулярное О. – молекула ішіндегі Т.
жидкофазное О. – сұйық фазалық Т.
каталитическое О. – катализдік Т.
Окислитель – тотықтырғыш
Н. Н. Нұрахметов, Ш. Ш. Шаяхметов. Химия терминдерінің Толығырақ ...орысша-қазақша сөздігі. – Алматы: Ана тілі, 1992. – 192 бет.
Окислитель – тотықтырғыш
Окислительно-восстановительные реакции – тотығу-тотықсыздану реакциялары
Дереккөз: Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Республикалық терминологиялық комиссиясының бюллетені. Терминологиялық хабаршы, №2 (65) 2023.
Автоокисление – автототығу
Жидкофазное окисление – сұйық фазалық тотығу
Дереккөз: Республикалық терминология комиссиясының бюллетені. Терминологиялық хабаршы, №2 (67) 2024.
"Окислитель" сөзі "тотықтырғыш" болып 2023 жылы бекітілген. Термин дефинициясы: химиялық реакция кезінде электрондарды қабылдап, басқа заттарды тотықтыратын химиялық зат. Химияда ол реакциялардың жүруі үшін маңызды элемент болып табылады, ал косметологияда Толығырақ ...шаш бояуларына арналған белсендіргіш ретінде қолданылып, табиғи пигментті бұзып, жаңа түстің бекінуіне көмектеседі. Ең белгілі тотықтырғыш — оттегі. Бұл сөз "тотығу" етістігінен шыққан. Ал "тотығу" сөзінің беретін мағынасы - тотық етістігінің қимыл атауы. 1. Тот басу, таттану. Металдардың тотығуы табиғатына байланысты әртүрлі болады (Қ.Нұрымбетов, Металл.) (Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. 14-том. / Құраст.: М.Малмақов, Қ.Есенова, Б.Хинаят және т.б. – Алматы, 2011. 800 б.).
Окислитель - электронқабылдағыш
Восстановитель - электронбергіш
деп алар едім. Өйткені бұл процестің мәнін тура ашады.
Басқа пікірлерді көрсету