Внимание! Чтобы оставить сообщение, надо войти в сайт.

Эксперты

Туризм терминдері
#Вариант на русскомКазахский вариантРейтинг
1.АннуляцияАннуляция
Аннуляция
Аннуляция
туризмлат. annullo  жою
Дефинициясықандай болмасын актіні, шартты, құқықтар мен уәкілеттіктерді жарамсыз деп жариялау. 
0
2.ФрахтованиеФрахттау
Фрахтование
Фрахттау
туризмағыл. chartering
Дефинициясыжүкті, жолаушыларды теңіз (өзен) арқылы тасымалдағаны үшін не  кемені  басқа пішімде пайдаланғаны үшін қосыла иеленуші-тасымалдаушы мен  жалдаушы  (жалдау акысы) арасындағы келісім шарт, төлем түрі және тасымалдау құны..
+4
3.АпартаментыАпартаменттер
Апартаменты
Апартаменттер
туризмфр.  appartement — пәтер, итал.  appartamento — пәтер
Дефинициясыүй ішіндегі бөлме немесе бөлек тұрған пәтер.
+2
4.Блок -чартерБлок -чартер
Блок -чартер
Блок -чартер
туризмағыл. charter - кеме жалдау
Дефинициясыжазбаша нысанда жасалатын әуе, теңіз немесе өзен тасымалы шартына сәйкес тасымалдау үшін бүкіл кемені немесе белгілі бір  кеме  бөлмелерін беру шарттары, яғни  көлік құралын  немесе оның бір бөлігін белгілі бір мерзімге не бір сапарға жалдау туралы шарт.
+2
5.БунгалоБунгал
Бунгало
Бунгал
туризмхинди   बंगला  banglā —   бенгаль  стилінде; айтылуы — бунга́ло
Дефинициясытропикалық және оңтүстік елдерде туристерге жиі ұсынылатын бөлек үй . 
+2
6.ДайвингДайвинг
Дайвинг
Дайвинг
туризмағыл. «diving» «to dive» — сүңгу
Дефинициясыарнаулы сүңгу құралдарымен су астында жүзу.
+1
Молдабекова Балайм Умурзаковна, по развитию языков, Анар Сағынтаева және 3
  • ≡ Ахметова Маржан 7 жыл бұрын

    "Фрахттау" терминін осы қалпында жазу да, айту да тілдің заңдылығына сәйкес келмейді. Оны "Фрахт шарты" не "Жалдау шарты", "Тасымал шарты" деп өзгертуге болар еді.

  • ≡ Қызғалдақ 7 жыл бұрын

    Келісемін

  • ≡ Лаура Таскынбаева 7 жыл бұрын

    Фрахтование негізінен кеме, қайық және өзге де теңіз көлік құралдарын жалға алу шарты болып келеді ғой, "Жалдау шарты", "Тасымал шарты" жалпы қолданысқа ұқсас нені жалдау және тасымалдау шарты түсініксіз болады, Толығырақ ...онда толық жазу керек болады кемені жалдау шарты деп, бұл өте ұзақ сынды және орысшаға не басқа тілге аударғанда "аренда судно" деп аударылуы мүмкін ғой. "Тасымал шарты" келмейтін сияқты, терминнің негізгі мәні тасымалдау да емес қой, кеме, қайық және өзге де теңіз құралдарын жалға беру болып келмей ме. "Фрахт шарты" деген дұрыс секілді.

Басқа пікірлерді көрсету

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.
ҚОР ТОЛЫҚТЫРУ
#Вариант на русскомКазахский вариантРейтинг
1.АБСЕНТЕИЗМАБСЕНТЕИЗМ
АБСЕНТЕИЗМ
АБСЕНТЕИЗМ
Экономикалат. absentia – «болмау»
Дефинициясы1) меншік иесінің болмауы: жер рента түрінде ақшалай кіріс алатын, бірақ жерді өңдеуге және өндірістік тұрғыдан пайдалануға қатыспайтын меншік иесінен ажыратылған жерді пайдалану формасы; 2) қызметкердің жұмыста болмауы, дәлелді себеппен жұмысқа шықпауы.
+4
2.АБСОЛЮТНОЕ ПРЕИМУЩЕСТВОАБСОЛЮТТІ АРТЫҚШЫЛЫҚ
АБСОЛЮТНОЕ ПРЕИМУЩЕСТВО
АБСОЛЮТТІ АРТЫҚШЫЛЫҚ
Экономика
Дефинициясыбірдей тауар өндіретін және сататын бірмемлекеттің екінші мемлекетпен салыстырғанда табиғи ерекшеліктері мен өндіріс әлеуетінің арқасында тауарды өндірген кезде және айналымға шығарған кезде аз шығын жұмсауы.
0
3.АБСОРБЦИЯАБСОРБЦИЯ
АБСОРБЦИЯ
АБСОРБЦИЯ
Экономикалат. absorptio — «сіңіру»
Дефинициясыбасқа елдерден белгілі бір мемлекетке тұрақты тұруға келген иммигранттардың, тұлғалардың сол елге, сол елдің экономикалық өміріне қабылдануы, енуі.
+1
4.АБСТРАКЦИЯАБСТРАКЦИЯ
АБСТРАКЦИЯ
АБСТРАКЦИЯ
Экономикалат. abstractio — «аудару»
Дефинициясынегізгі рөл атқармайтын және басты, айқындайтын өзара байланыстар мен тәуелділікті анықтау үшін анағұрлым нақты жағдайды алу мақсатында ескерілмеуі мүмкін экономикалық талдаудан кейбір экономикалық және экономикалық емес факторларды алып тастау арқылы экономикалық талдауды жеңілдету.
+5
5.АВУАРЫ / ASSETSАВУАРЛАР
АВУАРЫ / ASSETS
АВУАРЛАР
Экономикафр. avoir — «дәулет, мүлік, актив»
Дефинициясы1) төлем иелерінің міндеттері өтелетін, төлем төленетін әртүрлі активтер (ақша қаражаты, чектер, вексельдер, ақша аударымдары, аккредитивтер);
+3
6.АНТИДЕМПИНГОВОЕ РЕГУЛИРОВАНИЕДЕМПИНГІГЕ ҚАРСЫ РЕТТЕУ
АНТИДЕМПИНГОВОЕ РЕГУЛИРОВАНИЕ
ДЕМПИНГІГЕ ҚАРСЫ РЕТТЕУ
Экономикаағылш. dumping – «тастау»
Дефинициясыдемпингіге қарсы, яғни бәсекелесті ығыстыру және өтім нарығын жаулап алу мақсатында тауарларды сыртқы нарықта тастанды бағамен, өндіріс шығынынан төмен бағамен сатуға қарсы реттеу. Демпинг жоғары сапалы тауарды қамтамасыз ету кезінде өндірістің шығынын төмендетуге негізделген дұрыс бәсекелестікке қарама-қайшы болғандықтан, нарықтық экономикасы дамыған елдердің көпшілігінде демпингіге қарсы арнайы реттеу, заңнама бар немесе монополияға қарсы бағыты бар заңдарда тиісті шаралар қарастырылады.
+4
7.АНТИМОНОПОЛЬНОЕ РЕГУЛИРОВАНИЕМОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ РЕТТЕУ
АНТИМОНОПОЛЬНОЕ РЕГУЛИРОВАНИЕ
МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ РЕТТЕУ
Экономикамонополия -грек. monos – «бір» + poleo –«сатылды»
Дефинициясыеркін бәсекелестікті басуға және бағаларды бақылауға мүмкіндік беретін билікпен байланысты монополиялардың жағымсыз жақтарын еңсеруге бағытталған нормативтік-құқықтық актілер жүйесі.
+2
8.АУТРАЙТ / AUTRIGHTАУТРАЙТ
АУТРАЙТ / AUTRIGHT
АУТРАЙТ
Экономикаағылш. outright – қарапайым, тікелей
Дефинициясымәміле тараптары қатаң түрде белгілеген мерзімде форвард бағамы бойынша төлемдерді қарастыратын қарапайым шұғыл валюталық операция.
+1
9.АФФИЛИРОВАННЫЕ ЛИЦАҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАР
АФФИЛИРОВАННЫЕ ЛИЦА
ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАР
Экономика
Дефинициясыкомпанияның қызметіне тікелей әсер етуге қабілетті жеке тұлғалар (инвесторлар). Олар инсайдерлік ақпаратқа қол жеткізе алады және олардың кәсіпорын, фирма, компания қызметі туралы мәліметтері бар. Үлестес тұлғаларға меншік иелері, әкімшілік қызметкерлері, ірі кредиторлар, аудиторлар, сондай-ақ үлестес тұлғалардың туған-туыстары жатқызылады.
+3
10.Антимонопольное регулированиеМонополияға қарсы реттеу
Антимонопольное регулирование
Монополияға қарсы реттеу
Экономика
Дефинициясытауар өндірушілердің арасында бәсекелестікті дамыту мақсатында өндірісті монополияландыруға қарсы бағытталған мемлекеттік шаралар жүйесі.
+2
11.Активы скрытыеЖасырын активтер
Активы скрытые
Жасырын активтер
Экономика
Дефинициясыбухгалтерлік есеп және нақты нарықтық құн бойынша құнның арасындағы сәйкессіздік.
+5
12.Банки-корреспондентыКорреспондент банктер
Банки-корреспонденты
Корреспондент банктер
Экономика
Дефинициясыкорреспонденттік шарт негізінде үшінші банктегі арнайы ашылған шоттар немесе корреспондент банктердің шоттары арқылы бір-біріне төлем және есеп айырысу бойынша тапсырмаларды орындайтын банктер.
+1
13.Биржа фондоваяҚор биржасы
Биржа фондовая
Қор биржасы
Экономика
Дефинициясыбағалы қағаздарды сату-сатып алу бойынша ұйымдастырылған және тұрақты түрде қызмет ететін нарық. Қор биржасының негізгі қызметтері – бағалы қағаздарды сату және бағалы қағаздардың нарықтық құнын белгілеу арқылы уақытша бос ақша қаражатын жұмылдыру болып табылады.
+2
14.Бюджет консолидированныйШоғырландырылған бюджет
Бюджет консолидированный
Шоғырландырылған бюджет
Экономика
Дефинициясытиістіаумақтағы бюджетті жүйенің барлық деңгейіндегі бюджеттердің жинағы.
+2
15.Бюджета дефицитТапшылық бюджеті
Бюджета дефицит
Тапшылық бюджеті
Экономика
Дефинициясыбюджет шығынының кірістен асып кетуі.
+2
Nurlan Berdigul, Айгул Досмаилова, Анар Сағынтаева және 2
  • ≡ Айгул Досмаилова 7 жыл бұрын

    Жасырын активтер, қор биржасы, шоғарландырылған бюджет, тапшылық бюджеті, үлестес тұлғалар т.б. терминдер қатары нормативтік талаптарға сәйкес келетін терминологиялық жасалымдар. Осы ретте, техника ғылымдарының салаларында өте жиі кездесетін терминдердің бірі - Толығырақ ...абсорбция. Бұл термин лат. absorptio яғни absorbere - сіңіру дегеннен туындаған. Жалпы ұғым мағынасы - сіңіру үдерісі. Сондықтан да уәжділігі түсініксін абсорбциядан, неге сіңіру деп алмасқа???

  • ≡ бакытгул искакова 7 жыл бұрын

    өте дұрыс! Шама жеткенше баламасыз терминдерден қашу керек.

  • ≡ Қуанышев Жапсарбай 7 жыл бұрын

    Дотация сөзін "демеу қаржы" деп алсақ қалай болар екен? Мазмұны жағынан "дотация" терминін қазақша жақсы ашып, дұрыс түсінуге мүмкіндік беретін сияқты.

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.
ЗАМАНАУИ ТЕРМИНДЕР
#Вариант на русскомКазахский вариантРейтинг
1.IP-адресIP-мекенжай
IP-адрес
IP-мекенжай
айпимекенжай, ағылш. тілінен қысқартылған InternetProtocolAddress)
ДефинициясыIP хаттамасы бойынша жасалған компьютер желісіндегі тораптың бірегей желілік мекенжайы.
+4
2.Абсу́рдАбсу́рд
Абсу́рд
Абсу́рд
лат. absurdus, «келіссіз, қисынсыз»
Дефинициясыкең мағынада — қисынға келмейтін, үндеспейтін, мәнсіз.
-2
3.Аккредита́цияАккредита́ция
Аккредита́ция
Аккредита́ция
лат. accredo, «сенім білдіру»
Дефинициясынысанның белгіленген талаптар мен көрсеткіштерге (стандартқа) сәйкестігін ресми түрде растау рәсімі.
0
4.Акци́з Акци́з 
Акци́з 
Акци́з 
фр. accise
Дефинициясыкөбіне халық жаппай тұтынатын тауарларға, жеке кәсіпорындардың қызметтеріне салынатын жанама (бағаның немесе тарифтің құрамына қамтылатын) салық түрі; сатып алушылар (тұтынушылар) төлейді.
+2
5.Альтернати́ва Альтернати́ва 
Альтернати́ва 
Альтернати́ва 
француз тіліндегі alternative, латинша alter — екеуінің біреуі
Дефинициясыекі немесе бірнеше бір-бірін жоққа шығаратын мүмкіндіктердің біреуін таңдау қажеттілігі; бір-бірін жоққа шығаратын мүмкіндіктердің әрқайсысы.
-1
6.Амби́ция Амби́ция 
Амби́ция 
Амби́ция 
лат. ambitio
Дефинициясымақсатқа қол жеткізуге ұмтылу, атаққұмарлық. Құрметтеудің, құрмет көрсетудің сыртқы белгілерін талап ету.
-1
7.Андегра́унд Андегра́унд 
Андегра́унд 
Андегра́унд 
ағылш. unerground — астыртын
Дефинициясыорыс мәдениетіне қатысты — өнер мен әдебиетті басқарудың мемлекеттік-бюрократтық басқару стиліне қарсы жүйелі эстетикалық және экзистенциалдық наразылық түрі.
+2
8.Анима́торАнима́тор
Анима́тор
Анима́тор
ағылшын тілінен жасалған калька animator
Дефинициясыбезендіру әртісі; әртүрлі іс-шараларда қандай да бір кейіпкерлерді бейнелейтін әртіс.
+2
9.АншлагАншлаг
Аншлаг
Аншлаг
нем. anschlag—бұқараға жариялау
Дефинициясытеатр, цирк, кинотeатр және т.б. кассасыныңалдында билеттердің бәрі сатылып кетті деп айтылатын хабарландыру; газеттегі ірі айдар, тақырыпша.
+2
10.АншлюсАншлюс
Аншлюс
Аншлюс
нем. anschluss—қосылу
Дефинициясымәжбүрлі түрде қосу саясаты (мысалы, Австрия мен Германия).
+2
11.Апгре́йдАпгре́йд
Апгре́йд
Апгре́йд
англицизм upgrade
Дефинициясыжаңғырту, жаңарту (бағдарламалық қамтамасыз етілім, аппаратура).
0
12.Апока́липсисАпока́липсис
Апока́липсис
Апока́липсис
грек. apokalypsis — уаһи
ДефинициясыИоанн уаһиі, сақталған христиандық әдеби шығармалардың көнесі (68 ж. ортасы —69 ж. басы) болып табылатын Жаңа Өсиет кітаптарының бірі. Шіркеу «ақыр заман» туралы, Христа мен антихриста арасындағы күрес, «қиямет күні», «құдайдың мың жыл бойы патшалық етуі» туралы көрегендіктің авторы Иоанн деп таниды.
-1
13.Аргуме́нтАргуме́нт
Аргуме́нт
Аргуме́нт
лат. argumentum — әңгіме, дәлел, тақырып
Дефинициясыбелгілі бір пайымдаманың – тезистің ақиқаттылығын айғақтау мақсатында жеке немесе жиынтықта қолданылатын логикалық пайымдау.
-1
14.Ареал Ареал 
Ареал 
Ареал 
лат. area — алаң, кеңістік
Дефинициясыжануарлардың немесе өсімдіктердің белгілі бір түрі (тұқымы, тұқымдасы және т.б.) кездесетін жер бетінің (немесе акваторийдің) бір бөлігі.
-1
15.АукционАукцион
Аукцион
Аукцион
нем. auktion
Дефинициясыкөпшілік алдында жеңілдікпен сату.
0
Nurlan Berdigul, Айгул Досмаилова, Анар Сағынтаева және 4
  • ≡ Айгул Досмаилова 7 жыл бұрын

    Бұл қатардағы апокалипсис, аншлюс, апгрейд, ареал, аниматор дегендер жақсы. Ал неліктен аргумент - аргумент, амбиция - амбиция, абсурд - абсурд, аккредитация - аккредитация, альтернатива - альтернатива болуы КЕРЕК???? Аргумент - Толығырақ ...дәлел, амбиция - менмендік, кеудесоқтық, шамданушылық, абсурд - мағынасыз, мазмұнсыз, ақылға сыймайтын, аккрдитация - аккредиттеу, альтернатива - мүмкіндік, тым болмаған жағдайдың өзінде де альтернатива емес альтернатив болуы керек шығар.....

  • ≡ Қуанышев Жапсарбай 7 жыл бұрын

    Аргументті - дәлел, ал альтернативаны балама десек қайтеді?

  • Заманауи терминдер бөліміндегі сөздерді оқып, ағылшын тілі сөздігімен танысып отырмын ба деп қалдым. Рас, заманауи технологияға сай сайт, чат, скриншот т.б. сөздер белсенді қолданысқа еніп кетті. Заман талабы Толығырақ ...соны қажет етіп тұр. Ал бұл тізімде ауызекі сөйлеуде орныға бастаған, тіліміздің шұбарлануына қызмет ететін сөздер де толып жүр. Мысалы, шопинг, тинейджер, тренд, уик-энд, риелтор, профи т.б. Дүкен аралау, бозбала, үрдіс, демалыс уақыты, жылжымайтын мүлік делдалы, кәсіпқой т.б. деп айтсақ, заманауи болмай қаламыз ба әлде бізді біреулер білімсіз деп қалады деп қорқамыз ба?! Бұл не масқара! Егер аталған сөздер ағылшын-қазақ тілі сөздігінде баламасыз орын алса, аудармасын білмеген-ау дер едік, егер алдағы уақытта терминдер сөздігінде берілсе, оны қалай қабылдамақпыз?! Ойланайық...

Басқа пікірлерді көрсету

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.
Қор толықтыру.
#Вариант на русскомКазахский вариантРейтинг
1.АБАДИ СИМПТОМАБАДИ СИМПТОМЫ
АБАДИ СИМПТОМ
АБАДИ СИМПТОМЫ
МедицинаJ. A. Abadie, 1873-1932, франц. невропатолог
Дефинициясыөкше сіңірін басқан кезде ауырғанды сезінбеу, tabesdorsalis кезінде орын алады.
+1
2.АБАЛИХИНА--ПИВОВАРОВА МЕТОДАБАЛИХИН-ПИВОВАРОВ ӘДІСІ
АБАЛИХИНА--ПИВОВАРОВА МЕТОД
АБАЛИХИН-ПИВОВАРОВ ӘДІСІ
МедицинаА.А. Абалихин, кеңестік рентгенолог; В. П.Пивоваров, 1895 ж. туылды, кеңестік офтальмолог
Дефинициясыжартылай аксиалды (кассета иектің астында көлденеңінен орналасады, бет алға қарай аздап еңкейіп тұрады, тік бағытта қарау керек) және профильді проекциялардағы көз ұясын рентгенографияға түсіру әдісі; көздің ішінде бөтен дененің орналасуын анықтау үшін қолданылады.
+1
3.АББИ ПЛАСТИКА ГУБЫЕРІННІҢ АББИ ПЛАСТИКАСЫ
АББИ ПЛАСТИКА ГУБЫ
ЕРІННІҢ АББИ ПЛАСТИКАСЫ
МедицинаR. Abbe, 1851-1928, амер. хирург
Дефинициясыеріннің ақаулығын басқа еріннің тінінен құралған аяқшаға сына тәрізді қиықпен ауыстыратын пластикалық ота.
+1
4.ABBREVIATA CAUCASICAABBREVIATA CAUCASICA
ABBREVIATA CAUCASICA
ABBREVIATA CAUCASICA
Медицина
Дефинициясыжұмыр құрттар класы Physalopteridae тобына жататын гельминттердің түрі; түпкілікті қожайындары– маймыл, кейде адамдардан да кездеседі, адамдардың асқазан, өңеш, аш ішектерінде паразиттік тіршілік етеді; аралық қожайындар – әртүрлі омыртқалы жануарлар.
0
5.АББРЕВИАЦИЯАББРЕВИАЦИЯ
АББРЕВИАЦИЯ
АББРЕВИАЦИЯ
Медициналат. abbreviatio – «жиырылу»
Дефинициясытұқымның дамымауына немесе органдардың редукциясына әкеп соғатын онтогенездің жеке кезеңдерінің түсіп қалуы есебінен органдардың немесе олардың бөліктерінің жеке даму циклінің қысқаруы.
+1
6.АБДОМИНАЛИЗАЦИЯ СЕРДЦАЖҮРЕКТІҢ АБДОМИНАЛИЗАЦИЯЛАНУЫ
АБДОМИНАЛИЗАЦИЯ СЕРДЦА
ЖҮРЕКТІҢ АБДОМИНАЛИЗАЦИЯЛАНУЫ
Медицина
Дефинициясысозылмалы коронарлы тапшылық кезінде перикард қуысы мен құрсақ қуысы арасына сағалар салатын хирургиялық ота.
+1
7.АБДУКТОРАБДУКТОР
АБДУКТОР
АБДУКТОР
Медициналат. abduco, abductum – «бөлу»
Дефинициясыаяқ-қолды немесе оның бөліктерін (мысалы, саусақ) бөліп тұратын бұлшық ет.
+1
8.АБДУКЦИОННЫЙ ФЕНОМЕНАБДУКЦИЯЛЫҚ ФЕНОМЕН
АБДУКЦИОННЫЙ ФЕНОМЕН
АБДУКЦИЯЛЫҚ ФЕНОМЕН
Медицина
Дефинициясыкөздің қарқынды алшақтауы кезінде қарашықтың тарылуы; орталық жүйке жүйесінің кейбір зақымдаулары кезінде байқалады.
+1
9.АБЕЛЛЯ МЕТОДАБЕЛЛ ӘДІСІ
АБЕЛЛЯ МЕТОД
АБЕЛЛ ӘДІСІ
МедицинаL. L. Abell, 1909 ж. туылған амер. биохимик
ДефинициясыЛиберманн-Бурхард реакциясын пайдалануға негізделген, қан сарысуындағы жалпы холестеринді сандық жағынан анықтайтын колориметрлік әдіс.
+1
10.АБЕРРАНТНЫЙАБЕРРАНТТЫ
АБЕРРАНТНЫЙ
АБЕРРАНТТЫ
Медициналат. aberrans, aberrantis – «ауытқитын»
Дефинициясықалыпты құрылыстан, орналасудан немесе жай-күйден ауытқу (мысалы, аберрантты қантамыр, хромосомалардың аберрантты учаскесі және т.б.).
+1
11.АBERRATIONMENTALАBERRATIONMENTAL
АBERRATIONMENTAL
АBERRATIONMENTAL
Медицинакөн.; франц. аberrationmental – "психикалық ауытқу"
Дефинициясы19 ғасырда француз психиатриясындағы психикалық аурулардың жалпы атауы, отандық әдебиетте де қолданылған.
+1
12.АБЕРРАЦИЯ ГЛАЗАКӨЗ АБЕРРАЦИЯСЫ
АБЕРРАЦИЯ ГЛАЗА
КӨЗ АБЕРРАЦИЯСЫ
Медицина
Дефинициясыкөздің оптикалық жүйесінің жетілмеуі салдарынан көздің ішкі тор қабығында бейнелердің бұрмалануы.
+1
13.АБЕРРАЦИЯ ПОЛУХРОМАТИДНАЯЖАРТЫЛАЙ ХРОМАТИДТІ АБЕРРАЦИЯ
АБЕРРАЦИЯ ПОЛУХРОМАТИДНАЯ
ЖАРТЫЛАЙ ХРОМАТИДТІ АБЕРРАЦИЯ
Медицина
Дефинициясыбір хроматидтің бойлық жартысын жанап өтетін хромосомалық аберрация.
+1
14.АБЕРРАЦИЯ ХРОМАТИДНАЯХРОМАТИДТІ АБЕРРАЦИЯ
АБЕРРАЦИЯ ХРОМАТИДНАЯ
ХРОМАТИДТІ АБЕРРАЦИЯ
Медицина
Дефинициясыбір хроматидті ғана жанап өтетін, яғни хромосомалардың жақын арада болған редупликациясынан кейін пайда болған хромосомалы аберрация.
+1
15.АБЕРРАЦИЯ ХРОМОСОМНАЯХРОМОСОМАЛЫ АБЕРРАЦИЯ
АБЕРРАЦИЯ ХРОМОСОМНАЯ
ХРОМОСОМАЛЫ АБЕРРАЦИЯ
Медицина
Дефинициясыхромосомалардың ажырауы салдарынан оның қайта бөлінуі, генетикалық материалының жойылуы немесе жартылай қосарлануы сияқты құрылымының өзгеруі.
+1
Айгул Досмаилова, Анар Сағынтаева, Aibek Qali және 1
Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.
ҚОР ТОЛЫҚТЫРУ
#Вариант на русскомКазахский вариантРейтинг
1.АГРОЭКОСИСТЕМЫАГРОЭКОЖҮЙЕЛЕР
АГРОЭКОСИСТЕМЫ
АГРОЭКОЖҮЙЕЛЕР
экологияеж.грек. ἀγρός «егістік, жыртылған жер; ауыл», әрі қарай еж. үнді-еур. *aǵro- «егістік» + (еж. грек. οἶκος — «мекен, баспана, үй, мүлік» + еж. грек. σύστημα «бөлшектерден құралған бүтін; бірігу») (ауылшаруашылық экожүйелер, мәдени бірлестіктер
Дефинициясыадамның ауылшаруашылық қызметі (жер жырту, шөп шабу, жайылым) нәтижесінде пайда болатын жасанды экожүйелер
+3
2.АДАПТАЦИИ МОРФОЛОГИЧЕСКИЕМОРФОЛОГИЯЛЫҚ БЕЙІМДЕЛУ
АДАПТАЦИИ МОРФОЛОГИЧЕСКИЕ
МОРФОЛОГИЯЛЫҚ БЕЙІМДЕЛУ
экология
Дефинициясыорганизм құрылысындағы өзгерістер. Мысалы, шөл далада өсетін өсімдік жапырақтарының түрлерінің өзгеруі
+3
3.АНАЭРОБЫ ОБЛИГАТНЫЕОБЛИГАТТЫ АНАЭРОБТАР
АНАЭРОБЫ ОБЛИГАТНЫЕ
ОБЛИГАТТЫ АНАЭРОБТАР
экология
Дефинициясыоттегі бар ортада тіршілік ете алмайтын организмдер (кейбір бактериялар)
+2
4.АНАЭРОБЫ ФАКУЛЬТАТИВНЫЕФАКУЛЬТАТИВТІ АНАЭРОБТАР
АНАЭРОБЫ ФАКУЛЬТАТИВНЫЕ
ФАКУЛЬТАТИВТІ АНАЭРОБТАР
экология
Дефинициясыоттегі бар ортада да, оттегі жоқ жерде де тіршілік ете алатын организмдер (кейбір бактериялар мен грибоктар)
+2
5.АНТРОПОСФЕРААНТРОПОСФЕРА
АНТРОПОСФЕРА
АНТРОПОСФЕРА
экологиягрек. anthropos — «адам» + sphaira — «шар»
Дефинициясыадамзат тіршілік ететін және уақытша кіретін (жерсеріктер және т.б. арқылы) Жер сферасы. «Антропосфера» ұғымын адамзаттың және оның шаруашылық қызметінің кеңістіктегі жағдайын сипаттау үшін қолданады.
+2
6.АУТВЕЛЛИНГАУТВЕЛЛИНГ
АУТВЕЛЛИНГ
АУТВЕЛЛИНГ
экологияағылш. out — «тыс» + well — «сау ете түсу»
Дефинициясытұщысу және теңіз экожүйелері (эстуарий, қойнау, өзеннің сағасы, жағалау маңындағы мүйіс және т.б.) арасындағы экотондар түрінде болып келетін биогенді элементтерді құрлықтан жағалау маңындағы су қоймаларына қосу
+2
7.АЦИДОФИЛЫАЦИДОФИЛДЕР
АЦИДОФИЛЫ
АЦИДОФИЛДЕР
экологиялат. acidus – "қышқыл" + грек. fileo «жақсы көру»
ДефинициясырН < 6,7 тең топырақта өсетін өсімдіктер
+2
8.АДАПТИВНАЯ РАДИАЦИЯБЕЙІМДЕЛЕТІН РАДИАЦИЯ
АДАПТИВНАЯ РАДИАЦИЯ
БЕЙІМДЕЛЕТІН РАДИАЦИЯ
экология
Дефинициясыәртүрлі жерлерді мекендейтін әртүрлі форманың көпшілігінің бастапқы формаға жататын біреуінің эволюциясы. Бейімделетін радиацияның классикалық мысалы ұрықжолдасты сүтқоректілердің эволюциясы бола алады. Терминді американдық ғалым Г. Осборн 1915 ж. ұсынған болатын, алайда бейімделетін радиация туралы ойды бұрындары Ч. Дарвин сөз еткен болатын, бұл процесті ол дивергенция деп атаған.
+3
9.АККЛИМАТИЗАЦИЯАККЛИМАТИЗАЦИЯ
АККЛИМАТИЗАЦИЯ
АККЛИМАТИЗАЦИЯ
экологиялат. ac (ad) – «арналған» және еж. грек. κλίμα «полюс бағыты бойынша экватордан көлбеу, төмендеу (Жерден)», κλίνω «еңкейтемін»
Дефинициясыорганизмдер тобын, популяцияны тұрақты түрде көбейтуге байланысты аумақтық, жасанды немесе табиғи түрде орындарын ауыстырғаннан кейін организмдердің жаңа жағдайға бейімделуі; акклиматизацияның жеке жағдайы реакклиматизация болып табылады, яғни, адамның шаруашылық қызметі нәтижесінде дербес организмдердің және осы организм түрінің бастапқы ареалының уақытша қысқаруынан (анағұрлым ұзақ мерзімде) кейін олардың санын қалпына келтіру.
+2
10.АККУЛЬТУРАЦИЯҚҰРЫЛУ
АККУЛЬТУРАЦИЯ
ҚҰРЫЛУ
экология
Дефинициясықазіргі мағынада мәдениеттердің өзара әрекет ету процесі, оның барысында мәдениеттер өзгереді, олар жаңа элементтерді игереді, әртүрлі мәдени салт-дәстүрлердің араласуы нәтижесінде түбегейлі жаңа мәдени синтездің түзілуі.
0
11.АЛЛОХТОНЫАЛЛОХТОНДАР
АЛЛОХТОНЫ
АЛЛОХТОНДАР
экологиягрек. ἀλλος — «басқа» + χθον — «жер», яғни басқа жерде пайда болған
Дефинициясыэволюция барысында пайда болған жерлерден жаңа жерлерге орналасу (миграция) кезінде сол аймаққа енген тірі организмдер. Осылайша, солтүстік америкалық опоссум — Солтүстік Америка аллохтоны, өйткені ол мұнда Оңтүстік Америкадан келген.
+2
12.АНТИГЕНЫАНТИГЕНДЕР
АНТИГЕНЫ
АНТИГЕНДЕР
экологияағылш. antigen antibody-generator — «антидене өндіру»
Дефинициясықанда және басқа тіндерде антиденелердің құрылуына әсер ететін, организм үшін бөтен заттар
+3
13.АНТРОПОГЕННОЕ ВОЗДЕЙСТВИЕАНТРОПОГЕНДІ ӘСЕР
АНТРОПОГЕННОЕ ВОЗДЕЙСТВИЕ
АНТРОПОГЕНДІ ӘСЕР
экология
Дефинициясыадамзаттың қоршаған ортаға тікелей (қырып-жою, тасып әкелу және акклиматизация) және жанама (ландшафтты және оның жеке компоненттерін өзгерту, жерді жырту, өнеркәсіптік игеру және т.б.) әсер етуі
+3
14.АНТРОПОГЕННОЕ ЗАГРЯЗНЕНИЕАНТРОПОГЕНДІ ЛАСТАУ
АНТРОПОГЕННОЕ ЗАГРЯЗНЕНИЕ
АНТРОПОГЕНДІ ЛАСТАУ
экология
Дефинициясыантропогенді ластаушы қалдықтардың салдарынан табиғи заттардың құрамы мен концентрациясына тікелей немесе жанама әсер ететін адамдардың шаруашылық қызметі салдарынан туындайтын қоршаған ортаны ластау
+2
15.АДАПТАЦИИ ФИЗИОЛОГИЧЕСКИЕФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ БЕЙІМДЕЛУ
АДАПТАЦИИ ФИЗИОЛОГИЧЕСКИЕ
ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ БЕЙІМДЕЛУ
экология
Дефинициясыорганизмдердің физиологиясындағы өзгерістер. Мысалы, түйенің май қорын қышқылдау арқылы организмін сумен қамтамасыз ете алу қабілеті
+3
Айгул Досмаилова, Анар Сағынтаева, Aibek Qali және 1
  • "Акклиматизация" сөзінің дефинициясында "организмдер тобын, популяцияны тұрақты түрде көбейтуге байланысты аумақтық, жасанды немесе табиғи түрде орындарын ауыстырғаннан кейін организмдердің жаңа жағдайға бейімделуі" деген анықтама берілген. Ал көшпелі қазақ мұны ежелден Толығырақ ...жерсіну, егер адамдардың қатысымен бейімдеу болса, жерсіндіру деп атайды. Қазақ әдеби тілінің сөздігінде: "Жерсін -ет. Өсімдіктің, жануарлардың жаңа орта табиғатына бейімделуі. Бір жерден екінші жерге аударғанда қой жылдам жерсінеді (М. Ермеков, Қазақст.)" 2014 жылы шыққан "Қазақша-орысша ауылшаруашылығы сөздігінде: "Акклиматизация-жерсіндіру, жерсіну" делінген. Олай болса, терминнің дефинициясын толық аша алатын, сөздікте берілген қазақша атау тұрғанда, оның басқа тілдегі нұсқасы неге ұсынылғаны түсініксіз.

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Все пользователи

Внимание! Чтобы оставить сообщение, надо войти в сайт.