Discussion
Articles



Шадыр (парсы) – пәранжа, мұсылман әйелдердің жүзі мен денесін жасыратын жамылғы
Дереккөз: Бабалар сөзі: Жүз томдық. - Астана: «Фолиант», 2013. Т. 94: Түс жору және ырымдар. - 432 бет.
Шәлкем, шағыр, шадыр, Толығырақ ...шайпау, шамкес – мінезі нашар, мінезді емес.
Дереккөз: С.Бизақов, Ә.Болғанбаев, Ш.Дәулетқұлов. Қазақ тілінің синонимдер сөздігі. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2005. - 720 б.
Дойыр, нойыс, шадыр, дүлей, ұрма, ұрт – сабырсыз, әрі дөрекі, томырық, бір бет.
Дереккөз: С.Бизақов, Ә.Болғанбаев, Ш.Дәулетқұлов. Қазақ тілінің синонимдер сөздігі. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2005. - 720 б.
Шадыра
1) Әйелдер жамылғысы.
2) Жөкеден тоқылған ыдыс.
Дереккөз: Қайыржан К., Сөз - сандық: Қазақтың көне сөздері. - Алматы: "Өнер" баспасы, 2013. - 480 бет.
Шадырлау, шайпаулау, шәлкестеу, қиястау, шақарлау, долылау, ызақорлау – мінезі аздап шадыр.
Дереккөз: С.Бизақов, Ә.Болғанбаев, Ш.Дәулетқұлов. Қазақ тілінің синонимдер сөздігі. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2005. - 720 б.

Бокс, теннис, воллейбол спорт түрлеріне орындау әдісін ескере отырып, ортақ "кросс – қиғаш соққы" терминін қабылдауды ұсынамын.


Сәлеметсіз бе, Марал Жүнісбекқызы! Әрине, осындай ауқымды іс-шараларда қазақ терминологиясы мүмкіндігінше жиі талқылануы, айтылуы керек. Нәтижесі міндетті түрде болады.

Қайырлы таң! Конференцияға Тіл саясаты комитетінің, "Тіл-Қазына" ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Терминология бөлімінің мамандарын қатыстыруды ұмытпасаңыздар, жақсы болар еді.


Марал Жүнісбекқызы, өте дұрыс айтасыз. "Ортан жілік-бедренная кость" деп 2005 жылы бекітілген. Қазіргі кезде калька аударманың кеселінен термин ретінде ғана емес, күнделікті өмірде де белсенді қолданыстағы сөзді жоққа шығару белең алып бара жатқаны қынжылтады.


Сәлеметсіз бе, Марал Жүнісбекқызы! Пікіріңіз өте орынды. Өкінішке қарай, шеттілдік терминдерді жазудың арнайы ережесі болмағандықтан, қазіргі уақытта жуандық, жіңішкелік белгілерін қолданбай, жаза алмаймыз. Х әрпі де біздің тілімізге кірме сөздермен Толығырақ ...келгені белгілі. Жоғарыда айтқандай, х әрпімен келетін сөздерді қ әрпімен таңбалау үшін негіз болатын ереже бабы болуы керек.

Пікіріңізге көп рақмет. Иә осы мәселелер тезірек шешімін табады деп ойлаймын.
Очко – ұпай
Очко штрафное – айып ұпай
Дереккөз: Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық терминология комиссиясы мақұлдаған Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік/жалпы ред. бас. М.Б. Қасымбеков, жобаның ғыл.жетекшісі А.Қ. Құсайынов. – Алматы: «ҚАЗақпарат» Толығырақ ...баспа корпорациясы, Т.30: Дене тәрбиесі және спорт. – 2014. – 464 б.