"
БЕКІТІЛГЕН ТЕРМИНДЕР ТІЗІМІ
#Орысша нұсқасыҚазақша нұсқасыРейтинг
1.бегущая волнақума толқын
бегущая волна
қума толқын
физика және астрономия
Дефинициясыжелі бойымен жүктемеге қарай энергия тасымалдайтын толқын. Фидердің толқындық кедергісі антеннаның кіріс кедергісімен үйлескен жағдайда радиотаратқыш фидерге беретін энергия қума толқын арқылы антеннаға толығымен беріледі.
+1
2.белая дыраақ құрдым
белая дыра
ақ құрдым
физика және астрономия
Дефинициясыжалпы салыстырмалылық теориясында жарық не материя ішіне сырттан ене алмайтын, бірақ ішінен сыртқа шыға алатын кеңістік-уақыттың гипотезалық аумағы.
+1
3.джоульжоуль
джоуль
жоуль
физика және астрономияағылшын. Joule; орысша белгіленімі: Дж; халықаралық белгіленімі: J
ДефинициясыХалықаралық бірліктер жүйесіндегі жылу жұмыстарын, энергиясын және мөлшерін өлшеу бірлігі.
+1
4.интенсификаторқарқындатқыш
интенсификатор
қарқындатқыш
физика және астрономияинтенсив – лат. intensio «кернеу, күшейту»,  intendere «тарту, күш салу»
Дефинициясықандай да бір процесті қарқындататын зат.
+1
5.ловушкақармағыш
ловушка
қармағыш
физика және астрономия
Дефинициясы1) аң, құс, балық және т.б. аулауға арналған құрылғы немесе имарат; 2) қайта шығар есігі болмайтын, өлімнен қашып құтыла алмайтын қауіпті жер.
+1
6.мишеньнысана
мишень
нысана
физика және астрономия
Дефинициясы1) Атуға арналған қалқан; 2) Қандай да бір дұшпандық әрекет бағытталған нәрсе; 3) физ. Сәулеленуге және бөлшектермен бомбалауға арналған объект.
+1
7.нормализаторнормалағыш
нормализатор
нормалағыш
физика және астрономиянорма – лат. norma «бұрыштық; норма, ереже»
Дефинициясыбір нәрсені, қандай да бір қызметті қалыпқа түсіретін нәрсе.
+1
8.релаксациябәсеңдеу, релаксация
релаксация
бәсеңдеу, релаксация
физика және астрономиялат. relaxatio «әлсіреу, азаю, кему»
Дефинициясықандай да бір физикалық жүйедегі тепе-теңдікті белгілеу процесі.
+1
9.субгигантсубалып
субгигант
субалып
физика және астрономиясуб – лат. sub «астында; жанында»
ДефинициясыКүнге ұқсас немесе Күннен бірнеше есе үлкен, ядросында сутекті отын таусылған, бұрынғы негізгі жұлдыз.
+1
10.субкарликсубергежейлi
субкарлик
субергежейлi
физика және астрономиясуб – лат. sub «астында; жанында»
ДефинициясыЙерк классификациясына сәйкес жарықтану класы VI жұлдыз.
+1
11.деморализациярухани қауқарсыздық, құлдырау, сағы сыну
деморализация
рухани қауқарсыздық, құлдырау, сағы сыну
физикафранц. demoralisation, de – «ажыратыру» және лат. moralis, mosmoris – «пейіл»
Дефинициясыәдеп-ғұрыптың, тәртіптің құлдырауы, азғындаушылық, іріп-шіру.
+1
12.дервишдәруiш
дервиш
дәруiш
физикапарс. درویش‎ [derviš] – «байқұс, кедей»
Дефинициясысондай-ақ каландар немесе календер — мұсылмандардағы тақуа, аскеттің аналогы; сопылықты ұстанушы. Сопы уағызшының-дәруіштің құрметті атауы — ата (түрк. ata — «әке»).
+1
13.десоциализацияәлеуметсіздену
десоциализация
әлеуметсіздену
Философия және саясаттанулат. de – «қандай да бір нәрсенің жоқ болуы, болмауы» + фр. socialisation (әлеуметтену)
Дефинициясыиндивидтің қандай да бір себептермен өмірінен, әлеуметтік ортада өзін өзі жүзеге асыру мүмкіндіктерінен көрініс табатын әлеуметтік тәжірибесінен айырылуы.
+1
14.деспотизмозбырлық, өктемдік
деспотизм
озбырлық, өктемдік
Философия және саясаттанукөне грекше: δεσποτία – «шексіз билік»
Дефинициясы1.                  Мемлекеттік құрылым жүйесі, бағынушылардың құқы жоқ, билікті шектен тыс қолданатын, шексіз монархия. Деспотизм классикалық түрі Ежелгі Шығыс мемлекеттеріне тән (Ассирия, Вавилон, Қытай империясы). 2.                  Ауыспалы мағынасында еркіндік, бостандықты қайырымсыз жаншу, қарамағындағыларға күш көрсетіп, езіп-жаншу.
+1
15.диакосмосдиағарыш
диакосмос
диағарыш
физика және астрономияδιάκοσμος, сөзбе-сөз – «құрылғы»
Дефинициясыантикалық атомистерде «әлемнің құрылысы», «әлемнің тәртібі» деген ұғымды білдіретін термин; "Ұлы диағарыш" (ὁ μέγας Διάκοσμος) және "Кіші диағарыш" (ὁ μικρός Διάκοσμος) – бірінші Левкипп, екінші Демокрит жазған, біздің заманымызға дейін сақталмаған екі негізгі шығарманың тақырыбы. Левкипп пен Демокриттің фрагменттеріне жасалған зерттеу және едәуір кейінгі авторлардың айғақтарының нәтижесінде "Ұлы диағарышта" атомистік материализм тұрғысынан әлемнің жалпы мәселелері баяндалған, ал «Кіші диағарышта» алғаш рет табиғат пен адамның табиғи дамуының жалпы теориясы берілген деп болжалған.
+1
Arystan_danyshpan, Aibek Qali, Қанайбекова Элмира Төреқұлқызы
Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Барлық пайдаланушылар

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.