"

ТЕК ТЕРМИНКОМ МҮШЕЛЕРІ ҒАНА ДАУЫС БЕРЕ АЛАДЫ! РТК 2026 жылғы 2-отырысында бекітілетін терминдер (жаратылыстану-математика бағыты)

№ САЛАСЫ ТЕРМИН САНЫ РЕТТІК САНЫ
1 Медицина (терапия) саласы терминдері (ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған) 85 1-85
2 Тау-кен саласы терминдері (Қарағанды облысы әкімдігі ұсынған) 98 86-183
3 Мәшинежасау саласының терминдері (жеке азамат ұсынған) 84 184-267
4 Мұнай және газ өнеркәсібі («QazaqGaz Aimaq» ҰК ұсынған терминдер) 157 268-424
#Вариант на русскомКазахский вариантРейтинг
1.1) патогномоничный симптом, 2) специфический симптомтән белгі, спецификалық, патогномимоникалық симптом
1) патогномоничный симптом, 2) специфический симптом
тән белгі, спецификалық, патогномимоникалық симптом
Медицина (терапия) саласы терминдері (ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған)специфика (лат. species) – «түр, бейне, ерекшелік»; симптом (грек. σύμπτωμα (sýmptōma) – "белгі, көрініс".
Дефинициясы1. Патогномониялық симптом – тек бір нақты ауруға ғана тән және сол ауруды дәл көрсететін белгі. Спецификалық симптом – белгілі бір ауруға өте тән, бірақ басқа жағдайларда да кездесуі мүмкін симптом. Ол диагнозды 100% дәлелдемейді.
2. Этимологиясы: специфика (лат. species) – «түр, бейне, ерекшелік»; симптом (грек. σύμπτωμα (sýmptōma) – "белгі, көрініс".
3. Өзбек: patognomonik simptom
4. Түрік: patognomonik semptom, spesifik semptom
5. Ағылшын: pathognomonic symptom
6. Неміс: pathognomonisches Symptom, spezifisches Symptom
7. Бекітілген нұсқасы: симптом (2023), өзіндік белгі (лингв.) (2003)
8. Қолдану саласы: Медицина
9. Заңнамадағы қолданысы: 1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2024 жылғы 19 желтоқсандағы № 108 бұйрығы. ... патогномоникалық симптомдардың сипаттамасы ...
2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2026 жылғы 24 ақпандағы № 15 бұйрығы. ... патогномоникалық симптомдардың сипаттамасы ...
3) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 12 қарашадағы № ҚР ДСМ - 188/2020 бұйрығы. ... патогномоникалық симптомдардың сипаттамасы ...
4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 11 сәуірдегі № 35 бұйрығы. ... арнайы диагностикалық тест (специфический диагностический тест) ...
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 11 ақпандағы № 7 бұйрығы. ... биспецификалық ойық жаралы колит (неспецифический язвенный колит) ...
10. Ұсыныстар: заңнама мәтіндерін, басқа тілдегі аудармаларды, берілген дефиницияларды саралай келе, " спецификалық, патогномимоникалық симптом" терминдерін беру ұсынылады.
-1
2.аггравация неумышленнаяойламай аггравациялау, бейсаналы аггравация
аггравация неумышленная
ойламай аггравациялау, бейсаналы аггравация
Медицина (терапия) саласы терминдері (ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған)аггравация (лат. aggravatio) – "ауырлау", салмақтану".
Дефинициясы1. Ойламай аггравациялау – науқастардың шын мәнінде бар аурудың жеке белгілерін асыра көрсетуі. Мұның себебі мазасыздық, қорқыныш, өзін-өзі гипноздаудың жоғарылауы және/немесе күдіктену болуы мүмкін.
2. Этимологиясы: аггравация (лат. aggravatio) – "ауырлау", салмақтану".
3. Өзбек: beixtiyor aggravatsiya
4. Түрік: kasıtsız agravasyon/bilinçsiz agravasyon
5. Ағылшын: unintentional aggravation/unconscious aggravation.
6. Неміс: Unbeabsichtigte Aggravation немесе Unbewusste Aggravation.
7. Бекітілген нұсқасы: –
8. Қолдану саласы: Медицина
9. Заңнамадағы қолданысы: –
10. Ұсыныстар: аталған терминнің бекітілген нұсқасы, заңнамадағы қолданысы ұшыраспады. Сараптама қорытындысы жан-жақты қарастыра келе, ұсынушы тараптың "ойламай аггравациялау" термині дефиницияны толық ашпайды. Бекітуге "бейсаналы аггравация" ұсынылады.
+1
3.агрессивный (пародонтит)озбыр (пародонтит), агрессивті парадонтит
агрессивный (пародонтит)
озбыр (пародонтит), агрессивті парадонтит
Медицина (терапия) саласы терминдері (ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған)агрессия (лат. agressio) – «шабуыл».
Дефинициясы1. Озбыр (пародонтит), агрессивті (парадонтит) – пародонт тіндерінің қабыну ауруы, ол жоғары агрессивтілікпен және жылдам прогрессивті ағыммен сипатталады.
2. Этимологиясы: агрессия (лат. agressio) – «шабуыл».
3. Өзбек: agressiv parodontit
4. Түрік: agresif periodontit
5. Ағылшын: aggressive periodontitis
6. Неміс: Aggressive parodontitis
7. Бекітілген нұсқасы: агрессивті заттектер (2021)
8. Қолдану саласы: Медицина
9. Заңнамадағы қолданысы: 1) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің м.а. 2026 жылғы 13 ақпандағы № 32 бұйрығы. ... агрессивті қысым, қарсы шабуылдар, позициялық ойын ...
2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-313/2020 бұйрығы. ... созылмалы агрессивті гепатит ...
3) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2025 жылғы 14 шiлдедегi № 129 бұйрығы. ... агрессивті шығуға жауап ...
4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 9 қаңтардағы № 4 бұйрығы. ... Агрессивті науқастарды қадағалап-қараудың ...
10. Ұсыныстар: 1. ұсынылған "озбыр" сөзі - сын есім, терминдік сипатқа ие бола алмайды; 2. тілімізде "озбыр" сөзі адамның мінез-құлқына байланысты қолданылатын сөз (Озбыр адам - зорлық көрсетуші, жәбірлеуші (адам)). Медицина саласындағы терминдік тіркестерде "агрессивті" түрінде берілген. Сол себепті "озбыр" сөзін алып тастау немесе "парадонтит" терминімен тіркестіру арқылы "агрессивті парадонтит" деп бекіту ұсынылады.
-1
4.анальная инконтиненцияанустың ұстай алмауы, артқы өтістің ұстамауы, анустың әлсіздігі, анал инконтиненциясы, аналды инконтиненция
анальная инконтиненция
анустың ұстай алмауы, артқы өтістің ұстамауы, анустың әлсіздігі, анал инконтиненциясы, аналды инконтиненция
Медицина (терапия) саласы терминдері (ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған)анус (лат. anus (annus) – «сақина, шеңбер, анус»; инконтиненция (лат. incontinentem) – "шектелмеген, ұстамайтын, өзін ұстамайтын".
Дефинициясы1. Артқы өтістің ұстамауы – тоқ ішектегі нәжісті ерікті ұстаудың ішінара немесе толық бұзылуы, науқастың дәрет алу әрекетін басқара алмауымен сипатталатын бұзылыс.
2. Этимологиясы: анус (лат. anus (annus) – «сақина, шеңбер, анус»; инконтиненция (лат. incontinentem) – "шектелмеген, ұстамайтын, өзін ұстамайтын".
3. Өзбек: anal inkontinentsiya/najas tutolmaslik
4. Түрік: anal inkontinans-gaita inkontinansı
5. Ағылшын: anal incontinence/fecal incontinence
6. Неміс: Anale Inkontinenz (Stuhlinkontinenz)
7. Бекітілген нұсқасы: –
8. Қолдану саласы: Медицина
9. Заңнамадағы қолданысы: 1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 17 ақпандағы № 9 бұйрығы. ... Артқы өтіс арнасының қатерлі ісігі ...
2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 маусымдағы № 106 бұйрығы. ... Тік ішектің, артқы өтістің жəне артқы өтіс өзегінің жоғарыда ...
3) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2025 жылғы 6 қарашадағы № 138 бұйрығы. ... Аналдық [артқы өтістің] іріңдік ...
4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 5 сәуірдегі № 12 бұйрығы. ... айналшықтың [анустың] және айналшық каналының жоғарыда көрсетілген ...
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 20 наурыздағы № 41 бұйрығы. ... Артқы өтіс жолын кесудің басқа түрлері ...
10. Ұсыныстар: сараптама қорытындысы ұсынушы тараптың терминдерінің ішінен (анустың ұстай алмауы, артқы өтістің ұстамауы, анустың әлсіздігі, анал инконтиненциясы, аналды инконтиненция) дефиницияға сәйкес келетін "артқы өтістің ұстамауы" терминін бекітуге ұсынады.
0
5.антидотантидот, уқайтарғы (2005)
антидот
антидот, уқайтарғы (2005)
Медицина (терапия) саласы терминдері (ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған)антидот (еж. грек. ἀντίδοτον) – "қарсы берілген".
Дефинициясы1. Антидот, уқайтарғы – ағзаға түскен уды немесе токсинді залалсыздандыруға қабілетті, оның зиянды әсерін болдырмайтын немесе айтарлықтай әлсірететін дәрі.
2. Этимологиясы: антидот (еж. грек. ἀντίδοτον) – "қарсы берілген".
3. Өзбек: antidot/ziddizahar)
4. Түрік: antidot/panzehir
5. Ағылшын: antidote
6. Неміс: Antidot/Gegengift
7. Бекітілген нұсқасы: уқайтарғы (2005), гомеопатиялық антидот (2021)
8. Қолдану саласы: Медицина
9. Заңнамадағы қолданысы: 1) Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шiлдедегi № 360-VI ҚРЗ Кодексі. ... химиялық заттардың (вакциналардың, антидоттардың) әсерінің ...
2) Қазақстан Республикасының Заңы 1999 жылғы 24 маусым N 398-I. ... медициналық антидоттар мен емдеу құралдары ...
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 30 қыркүйектегі № 721 қаулысы. ... биологиялық және химиялық заттардың (вакциналар, антидоттар) әсерінің ...
4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 25 ақпандағы № 123 Қаулысы. ... Овсюген экстра, э.к. (феноксапропп-пэтил+антидот) ...
5) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 30 мамырдағы № 291 бұйрығы. ... бос ыдыстарды уқайтарғыштармен өңдеу ...
10. Ұсыныстар: заңнамалық құжаттарда "антидот" термині белсенді қолданылған. Бұрын бекітілген, дефиницияға толық сәйкес келіп тұрған "уқайтарғы" термині қолданысқа түспеген деуге болады. Сол себепті "антидот" терминін бекітуді немесе "уқайтарғы" терминін қалдыруды мамандармен талқылау ұсынылады.
+1
6.аортокоронарное шунтированиекоронарлық артерияны шунттау
аортокоронарное шунтирование
коронарлық артерияны шунттау
Медицина (терапия) саласы терминдері (ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған)коронарлық (лат. corona) – "тәж", "шеңбер"; артерия (грек. ἀρτηρία (artería) – "күре тамыр"; шунт (ағылш. shunt) – "айналма жолға бұру", "бұрып жіберу".
Дефинициясы1. Коронарлық артерияны шунттау – жүрек бұлшықетіне қан жеткізетін тамырлар тарылған немесе бітелген кезде жасалатын операция.
2. Этимологиясы: коронарлық (лат. corona) – "тәж", "шеңбер"; артерия (грек. ἀρτηρία (artería) – "күре тамыр"; шунт (ағылш. shunt) – "айналма жолға бұру", "бұрып жіберу".
3. Өзбек: Koronar arteriyani shuntlash
4. Түрік: koroner arter baypas ameliyatı
5. Ағылшын: Coronary artery bypass grafting

6. Неміс: Koronare Bypass-Operation
7. Бекітілген нұсқасы: коронароангиопластика (2017)
8. Қолдану саласы: Медицина
9. Заңнамадағы қолданысы: 1) Қазақстан Республикасының Заңы 2025 жылғы 9 қаңтардағы № 152-VIII ҚРЗ. ... коронарлық стенттер ...
2) Қазақстан Республикасының Заңы 2025 жылғы 14 шiлдедегi № 206-VIII ҚРЗ. ... артериялық гипертонияны, жүректің ишемиялық ауруын ...
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 қазандағы N 983 Қаулысы. ... шунттаушы реактор салуға ...
10. Ұсыныстар: терминге берілген дефиницияны, бекітілген терминдерді, басқа тілдегі аудармаларын ескере келе, "коронарлық артерияны шунттау" терминін бекітуді ұсынамыз.
-1
7.ассоциированные клинические состоянияассоцирленген клиникалық жағдайлар, аралас клиникалық жағдайлар
ассоциированные клинические состояния
ассоцирленген клиникалық жағдайлар, аралас клиникалық жағдайлар
Медицина (терапия) саласы терминдері (ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған)ассоцирленген (лат. associatio) – "біріктіру", "қосу", "байланыстыру"; клиникалық (грек. klinikē (τέχνη) – "науқастың төсегі жанындағы (емдеу өнері)".
Дефинициясы1. Ассоцирленген клиникалық жағдайлар, аралас клиникалық жағдайлар – белгілі бір негізгі аурумен патогенетикалық, этиологиялық немесе статистикалық тұрғыдан байланысты, сол аурудың ағымында немесе нәтижесінде дамитын қатар жүретін патологиялық жағдай.
2. Этимологиясы: ассоцирленген (лат. associatio) – "біріктіру", "қосу", "байланыстыру"; клиникалық (грек. klinikē (τέχνη) – "науқастың төсегі жанындағы (емдеу өнері)".
3. Өзбек: assotsiatsiyalangan klinik holatlar
4. Түрік: ilişkili klinik durumlar
5. Ағылшын: аssociated clinical conditions
6. Неміс: Assoziierte klinische Zustände
7. Бекітілген нұсқасы: клиникалық өлім (2023)
8. Қолдану саласы: Медицина
9. Заңнамадағы қолданысы: 1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 24 наурыздағы № ҚР- ДСМ-27 бұйрығы. ... Ересектердің Т-жасушалы лейкозы/лейкемиясы (HTLV-1-ассоцирленген) ...
2) Қазақстан Республикасының Заңы 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 208-VІ ҚРЗ ... клиникалық мамандыққа және оларды клиникалық практикаға ...
3) Қазақстан Республикасының Заңы 2020 жылғы 7 шiлдедегi № 361-VI ҚРЗ ... клиникалық зерттеулер жүргiзу ...
10. Ұсыныстар: басқа тілдегі аудармаларына назар аудара отырып, "ассоцирленген клиникалық жағдайлар" терминін бекітуді ұсынамыз.
-1
8.биопотенциалы фоновыесалдарлық биоқарымдар, салдарлық биопотенциялар, фондық биопотенциалдар
биопотенциалы фоновые
салдарлық биоқарымдар, салдарлық биопотенциялар, фондық биопотенциалдар
Медицина (терапия) саласы терминдері (ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған)биопотенциа (грек. bios (βίος) – "өмір", (латын. potentia) – "күш", "қуат", "мүмкіндік", "қабілет".
Дефинициясы1. Салдарлық биоқарымдар, салдарлық биопотенциялар, фондық биопотенциалдар – ағзаның тыныштық күйінде немесе айқын сыртқы тітіркендіргішсіз тіркелетін, тұрақты не баяу өзгеретін базалық биоэлектрлік белсенділік.
2. Этимологиясы: биопотенциа (грек. bios (βίος) – "өмір", (латын. potentia) – "күш", "қуат", "мүмкіндік", "қабілет".
3. Өзбек: fon biopotensiallari
4. Түрік: arka plan biyopotansiyeller

5. Ағылшын: background biopotentials
6. Неміс: Biopotenziale im Hintergrund
7. Бекітілген нұсқасы: –
8. Қолдану саласы: Медицина
9. Заңнамадағы қолданысы: 1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 3 қаңтар N 1 ... себеп-салдарлық байланысты ...
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 1 шілдедегі № 409 қаулысы ... Мемлекеттік Елтаңбасының фондық бейнесі салынған ...
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 196 қаулысы ... фондық экологиялық зерттеулерді ұйымдастыру ...
10. Ұсыныстар: терминге берілген дефиниция мен басқа тілдердегі аудармаларын ескере отырып, "фондық биопотенциалдар" терминін бекітуді ұсынамыз.
+1
9.бледностьқуқылдану, бозғылт, бозару, қуаңқылық
бледность
қуқылдану, бозғылт, бозару, қуаңқылық
Медицина (терапия) саласы терминдері (ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған)–
Дефинициясы1. Қуқылдану, бозғылт, бозару, қуаңқылық – тері немесе шырышты қабат түсінің қалыптыдан ашық, сарғыш немесе сұрғылт реңкке ауысуы; қан айналымының немесе гемоглобин деңгейінің төмендігінен пайда болуы мүмкін.
2. Этимологиясы: –
3. Өзбек: oqarish
4. Түрік: solgunlaşma
5. Ағылшын: paleness
6. Неміс: Rötung, Blässe
7. Бекітілген нұсқасы: –
8. Қолдану саласы: Медицина
9. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 3 ақпандағы N 525 Заңы ... бозғылт-қызыл сүректi ...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 19 қарашадағы N 1219 Қаулысы ... терінің түссізденуі/бозаруы ...
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2020 жылғы 4 қыркүйектегі № 67 шешімі ... терінің бозаруына биоанализ ...
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2022 жылғы 18 мамырдағы № 355 бұйрығы ... бозаруы ...
10. Ұсыныстар: терминге берілген анықтаманы негізге ала отырып, "бозару" нұсқасын бекітуді ұсынамыз.
+1
10.блокада, блокатортежегіш, бөгегіш, тоқтатқыш, бөгеме
блокада, блокатор
тежегіш, бөгегіш, тоқтатқыш, бөгеме
Медицина (терапия) саласы терминдері (ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған)–
Дефинициясы1. Тежегіш, бөгегіш, тоқтатқыш, бөгеме – белгілі бір жүйке импульсінің, физиологиялық өткізгіштіктің немесе рецепторлық әсердің уақытша не тұрақты түрде бөгелуі немесе тежелуі.
2. Этимологиясы: –
3. Өзбек: tormoz, to‘siq, to‘xtatgich
4. Түрік: fren, engelleyici, duraklatıcı
5. Ағылшын: brake, stop, obstacle
6. Неміс: Hemmer, Blocker, Stopper
7. Бекітілген нұсқасы: гидратқа қарсы тежегіштер (2024), дірілтоқтатқыш (2019), Блокада, қоршау (тарих) (1971)
8. Қолдану саласы: Медицина
9. Заңнамадағы қолданысы: 1) Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2026 жылғы 14 қаңтардағы № 10 бұйрығы ... Жоғары жиілікті бөгегіш ...
2) Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 6 сәуірдегі № 148 бұйрығы ... Жоғары жиілікті бөгегіш ...
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 мамырдағы № 582 қаулысы. ... тежегіш жүйені, гидротіркеуді салу және айдау ...
4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 821 қаулысы. ... от бөгегішпен жабдықталған ...
5) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 26 желтоқсан N 1707. ... Тоқтатқыш бөлшектерінің Р4-080 ж-м 50 жинақтауышы ...
10. Ұсыныстар: заңнамадағы қолданысын, басқа тілдердегі аудармасын, анықтамасын ескере келіп, "бөгегіш" нұсқасын бекітуді ұсынамыз.
-1
11.бляшкабляшка, түйінше, түймедақ, түйіндақ, түйіртпек (2005), түйін (2024)
бляшка
бляшка, түйінше, түймедақ, түйіндақ, түйіртпек (2005), түйін (2024)
Медицина (терапия) саласы терминдері (ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған)–
Дефинициясы1. Бляшка, түйінше, түймедақ, түйіндақ, түйіртпек, түйін – шырышты қабатта, теріде немесе қан тамырлары қабырғасында шектелген, көтеріңкі орналасқан, тығыз немесе инфильтративті түзіліс түрінде байқалатын патологиялық өзгеріс.
2. Этимологиясы: –
3. Өзбек: blyashka, tuguncha, tuganak, tuguncha, tuguncha
4. Түрік: plak, düğüm, papatya, düğüm, düğüm, düğüm
5. Ағылшын: plaque, nodule, chamomile, nodule, knot
6. Неміс: Plaque, Knoten, Kamille, Knoten, Knoten, Knoten, Knoten
7. Бекітілген нұсқасы: түйіртпек (2005)
8. Қолдану саласы: Медицина
9. Заңнамадағы қолданысы: 1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 24 шілдедегі № 257 бұйрығы. ... Бляшка-құраушы ...
2) Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 2026 жылғы 22 қаңтардағы № 5 бұйрығы ... түйіншектеу құралдарының ...
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 14 мамырдағы № 339 қаулысы. ... түйіртпектелуімен жүреді ...
4) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2026 жылғы 30 наурыздағы № 106 бұйрығы ... Дәрілік түймедақ ...

10. Ұсыныстар: терминге берілген анықтамаға, заң мәтіндеріндегі қолданысына сүйене отырып, "түйіртпек" нұсқасын бекітуді ұсынамыз.
-1
12.бронхиальная астмабронхты астма, бронхылық демікпе, бронхтық демікпе, бронх демікпесі (2017)
бронхиальная астма
бронхты астма, бронхылық демікпе, бронхтық демікпе, бронх демікпесі (2017)
Медицина (терапия) саласы терминдері (ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған)бронхы (грек. βρόγχος (brónkhos) – "кеңірдек", "тыныс жолы"; астма (грек. ἆσθμα (ásthma) – "ентігу", "тыныстың тарылуы", "тұншығу".
Дефинициясы1. Бронхты астма, бронхылық демікпе, бронхтық демікпе, бронх демікпесі – иммундық-қабынулық механизмдерге негізделген, бронх қабырғасының ісінуі, тегіс бұлшықеттерінің түйілуі және шырыштың артық бөлінуі нәтижесінде тыныс жолдарының уақытша тарылуымен өтетін созылмалы ауру.
2. Этимологиясы: бронхы (грек. βρόγχος (brónkhos) – "кеңірдек", "тыныс жолы"; астма (грек. ἆσθμα (ásthma) – "ентігу", "тыныстың тарылуы", "тұншығу".
3. Өзбек: bronxial astma
4. Түрік: bronşiyal astım
5. Ағылшын: bronchial asthma
6. Неміс: Asthma bronchiale
7. Бекітілген нұсқасы: балалар бронх демікпесі (2019)
8. Қолдану саласы: Медицина
9. Заңнамадағы қолданысы: 1) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы 3 сәуірдегі № 120 бұйрығы ... кәсіптік астма және басқа да аурулар ...
2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 6 қарашадағы № ҚР ДСМ-185/2020 бұйрығы ... демікпесі - ауыр нысан; бронхоэктатикалық ауру ...
3) Астана қаласы мәслихатының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 373/48 шешімі ... Бронх демікпесі Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары Жеке көтералмау ...
4) Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2020 жылғы 14 қаңтардағы № 1 ұсынымы ... бронх демікпесін және ересектерде өкпенің созылмалы обструкциялық ауруын емдеу ...
10. Ұсыныстар: басқа тілдердегі аудармаларын, заңнама мәтіндеріндегі қолданысын, бекітілген терминдерді ескере отырып, бекітілген "бронх демікпесі" нұсқасын қалдыруды ұсынамыз.
+1
13.бронхоэктатическая болезньбронхоэктатикалық ауру, бронх кеңеюі, бронхэктазиялық ауру, бронхэктаздық ауру
бронхоэктатическая болезнь
бронхоэктатикалық ауру, бронх кеңеюі, бронхэктазиялық ауру, бронхэктаздық ауру
Медицина (терапия) саласы терминдері (ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған)бронх (грек. βρόγχος (brónkhos) – "кеңірдек", "тамақ", "тыныс жолы"; эктаз (гр. ἔκτασις (éktasis) – "кеңею", "созылу".
Дефинициясы1. Бронхоэктаздық ауру, бронх кеңеюі, бронхэктазиялық ауру, бронхэктаздық ауру – бронх қабырғасының қабыну-деструктивтік өзгерістері салдарынан олардың тұрақты, қайтымсыз кеңеюімен сипатталатын, іріңді қақырықтың бөлінуі, созылмалы жөтел және тыныс жеткіліксіздігімен өтетін өкпенің созылмалы ауруы.
2. Этимологиясы: бронх (грек. βρόγχος (brónkhos) – "кеңірдек", "тамақ", "тыныс жолы"; эктаз (гр. ἔκτασις (éktasis) – "кеңею", "созылу".
3. Өзбек: bronxoektatik kasallik
4. Түрік: bronşektatik hastalık
5. Ағылшын: bronchiectatic disease
6. Неміс: Bronchiektasen
7. Бекітілген нұсқасы: бронхтар (2023)
8. Қолдану саласы: Медицина
9. Заңнамадағы қолданысы: 1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 23 ақпандағы № ҚР ДСМ-17 бұйрығы. ... Бронхоэктатикалық ауру ...
2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 6 қарашадағы № ҚР ДСМ-185/2020 бұйрығы. ... бронхоэктатикалық ауру - ауыр, гормонға тәуелді нысан ...
3) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 17 ақпандағы № 9 бұйрығы. ... бронхылар туберкулезі ...
4) Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2026 жылғы 4 ақпандағы № 35 бұйрығы ... бронх демікпесінің ұстамаларын басу үшін ...
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2026 жылғы 6 қаңтардағы № 2 бұйрығы ... бронхоскопия кабинеттері ...
10. Ұсыныстар: терминге берілген анықтаманы, басқа тілдегі аудармаларын, заңнама мәтініндегі қолданысын ескере отырып, "бронхоэктатикалық ауру" нұсқасын бекітуді ұсынамыз.
-1
14.вегетацияөсінді, өсіп өну, вегетация (2017)
вегетация
өсінді, өсіп өну, вегетация (2017)
Медицина (терапия) саласы терминдері (ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған)вегетация (латын. vegetare) – "жандандыру", "тірілту", "күш беру".
Дефинициясы1. Өсінді, өсіп өну, вегетация – организмнің (көбінесе өсімдіктің) өсуі мен дамуын қамтамасыз ететін тіршілік әрекеттерінің жиынтығы.
2. Этимологиясы: вегетация (латын. vegetare) – "жандандыру", "тірілту", "күш беру".
3. Өзбек: o‘sish, vegetatsiya
4. Түрік: bitkileşme
5. Ағылшын: growth, vegetation
6. Неміс: Vegetation
7. Бекітілген нұсқасы: вегетация (2017)
8. Қолдану саласы: Медицина
9. Заңнамадағы қолданысы: 1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2026 жылғы 27 қаңтардағы № 34 бұйрығы ... вегетациялық кезең ...
2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2025 жылғы 15 сәуірдегі № 108 бұйрығы ... вегетация кезеңінде ...
3) Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің м.а. 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 334-НҚ бұйрығы ... осы вегетациялық кезең ішінде ...
4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 23 желтоқсандағы № 923 қаулысы. ... кадрлардың өсіп-өнуіне қол жеткізіледі ...
5) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 шілдедегі N 1087 Қаулысы. ... жасыл желектердің өсіп-өнуіне әсер ететін топырақтың құрамы қатты бұзылған ...
6) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 наурыздағы N 267 Қаулысы. ... бірқалыпты өсіп-өну деңгейіне дейiн қалпына келтіру ...
10. Ұсыныстар: терминге берілген анықтаманы негізге ала отырып, қазақ тіліндегі "өсіп өну" нұсқасын бекітуді ұсынамыз.
-1
15.венозное давлениевенозды қысым, веналық қысым
венозное давление
венозды қысым, веналық қысым
Медицина (терапия) саласы терминдері (ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған)вена (латын. vena) – "көктамыр", "қан тамыры".
Дефинициясы1. Венозды қысым, веналық қысым – көктамырлардағы қанның тамыр қабырғасына түсіретін қысымы. Бұл қысым жүрекке қайтып келетін веналық қан ағысының деңгейін және жүректің оң жүрекшесіне қанның толуын сипаттайды.
2. Этимологиясы: вена (латын. vena) – "көктамыр", "қан тамыры".
3. Өзбек: venoz bosim
4. Түрік: venik basınç
5. Ағылшын: venous pressure
6. Неміс: Venöser Druck
7. Бекітілген нұсқасы: ұңғытүп қысымы (2025), веналық жетіспеушілік (2024)
8. Қолдану саласы: Медицина
9. Заңнамадағы қолданысы: 1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2026 жылғы 24 ақпандағы № 18 бұйрығы ... Венозды қанды, қан плазмасын алу ...
2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 9 қыркүйектегі № 90 бұйрығы ... веноздық қанды ...
3) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 21 шiлдедегi № 476 бұйрығы ... Педиатриялық орталық веноздық катетер ...
4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 25 желтоқсандағы N 1283 Қаулысы. ... Қысымды деңгейлестірушілер ...
5) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 тамыздағы N 884 Қаулысы. ... Iшкi валюта рыногына көрсетiлген қысым ...
10. Ұсыныстар: бекітілген терминдерді, басқа тілдегі аудармаларды, анықтаманы ескере отырып, "веналық қысым" нұсқасын бекітуді ұсынамыз.
+1
Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.
Внимание! Чтобы оставить сообщение, надо войти в сайт.