ағылшын тіліндегі техникалық терминдердің арасында «tug boat" деген сөз бар, орысшасы - буксир, алайда қазақшаға "сүйрегіш кеме", "сүйреуіш" немесе "буксир" емес, қазақша "күшкеме" деп аударып отырмын, себебі - оның қызметі
Толығырақ ...тек "тартуды не сүйреуді" ғана емес, "итеруді» де қамтиды. Ауыр жүк артқан баржыларды сүйрейді не итереді (артынан не жанынан). Суретін интернеттен көруге болады. Ой-пікірлеріңізді айта отырыңыздар. Рақмет!
Assalamý ǵaleıkúm, baýyrym! Kúshkeme burynǵysynan jaqsyraq dep oılaımyn.
Taǵy jegin degen sóz bar, jeginkeme. Jegin - jegilgen, al jegilmegen býksırdi jegin desek, shataq sıaqty
Bir qaraǵanda sátti de jaqsy, defınısıaány ashady. Biraq álde de zerdelep, kórý kerek. Qoldanysqa yńǵaıly, suranyp tur. Tek keıinnen shynymen de kúshti qajet etetin kemeniń basqa túri shyǵyp qalyp, ańtarylmasaq boldy
Басқа пікірлерді көрсету