"
ҚАЗАҚЫ ЕТ: АС ПЕН АСАМЫҚ



«Бешбармак" аталып кеткен асыл тағамды зерттегеніме біраз жыл болды. Нәтижесінде "Ас пен асамық" деген мақала жазылды. Оны қысқартып "Қазақстан дәуірі» газетінде жарияладық.



«Бешті» «асамық» атау Толығырақ ... турасында



Совет дәуірінде бұл тағамның «қазақша ет» аталуы соған біртабан бүйрек бұру қадамы еді, өкінішке орай одан арыға тереңдеу үрдісі жүрмеді. Әрине, біз ұсынып отырған «асамық» жаңа сөзі дау тудырары хақ. Бірақ бұл неолог болғанмен, қазақ тіліне сіңісті заңдылықтан шыққан жаңа сөз: түбірі «ас», ал «мық» жұрнағы тіліміздегі талай сөзді тудырған орнықты жұрнақтардың бірі: была+мық, қыза+мық, қара+мық, жылы+мық… Бұл сөздер көбіне бірінші бөлігі бұйрық райлы етістікті немесе сын есім түріндегі түбірге – мық жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Біздің жағдайда «аса» етістігіне жалғанып тұр. Демек, бұл ешқандай жаңалық емес, жаңа сөз деуге де келмейді. Ешкімнің авторлығы қажет емес, қазақтың айтылмай келген өз сөзі.

Жаңаша атауға бармауға болмайды, тіл мен танымды мазақ етерлік жасанды «бешбармак» сөзін калькалап «бесбармақ» түрінде атау тіпті де тілді өзіміз қорлау әрі асымызды өз еркімізбен мазақ ету.



https://www.blogger.com/blog/post/edit/4922907354659976531/8599586921660222766
#Орысша нұсқасыҚазақша нұсқасыРейтинг
1.БЕШБАРМАКАСАМЫҚ
Ақерке Нұрмұхамбетова
  • Аршын Жанболатов 5 жыл бұрын

    Негізінен сізбен келісемін. Күнделікті тұрмыста тағамды қалай атасақ та өз еркіміз. Дегенмен, бірізділікті сақтау мақсатында БАҚ-тарда, тағам не туристік салаларда ет асын дұрыс атауымыз өте маңызды. 2003 жылғы “Бесбармачная” кафесімен Толығырақ ... болған жанжал оқиғаның өзі бұған мысал емес пе? Сол кезде екі ғалым-филолог кісілер қазақ тілінде “бесбармақ” сөзінің жоқ екендігін, бұл сөздің башқұрттың «бишбармағы» мен қырғыздың «бешбармағы» сөздерінің дөрекі көшірмесі болып табылатындығын атап өткен еді. Тілімізге жат “Бесбармақ” сөзін қолданыста қалдыру жаһандану заманында, ұлтымыз төрткүл дүниеге мәшһүр болып жатқан кезде қабылданған “Рухани жаңғыру” атты бағдарламасының мақсаттарына сәйкес келеді ме? Елімізді мәдениетті, дамыған ел ретінде көрсету үшін ЭКСПО сияқты көп қаражат талап ететін жобаларды бастамас бұрын, осындай кішігірім болса да, осы сияқты өзекті мәселелерге баса көңіл аударғанымыз абзал.

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Барлық қатысушылар

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.