"
Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы жариялаған «Қазақы терминдерді халық жасайды» атты республикалық байқауының 3-кезеңіне ұсынған Серік Ерғалидың мәтіндегі баламалары
БЕРІЛГЕН мәтіндер: 2-бөлім
ІІ. «Блогер» мамандығының аясы уақыт өткен сайын кеңейе беретінін дәлелдеп тұр. Толығырақ ...Авторлық блог жүргізу – кішігірім газет шығарумен бірдей. Бірақ оны жазатын бір ғана адам. Автордың өзі автор, корректор, редактор, фотограф және өңдеуші бола алады. Грамматика, стилистика, HTML, SEO, дизайн тіпті SMM блогердің арсеналында болады. Ол өзінің блогын түрлі спамдар мен фишингтен сақтауы қажет. Блогерлер – маркетинг «білгіші». Мақала жазады, оны жариялайды. Осымен бітті деп ойлайсыз ба? Жоқ! Аудитория оның мақаласын оқып, пікірлесу керек. Осы үшін де блогерлер интернет-маркетингтің мәселелерімен танысады: іздеу құралдары, әлеуметтік желілердегі жарнама.

БАЛАМАЛЫ мәтіндер

ІІ. «Блогер» мамандығының аясы уақыт өткен сайын кеңейе беретінін дәлелдеп тұр. Дербес блог жүргізу – кішігірім газет шығарумен бірдей. Бірақ оны жазатын бір ғана адам. Автордың өзі автор, қатегер, мәтінгер, фотогер және өңдеуші бола алады. Грамматика, стилистика, HTML, SEO, бетажар тіпті SMM блогердің жыйдағында болады. Ол өзінің блогын түрлі спамдар мен фишиңнен сақтауы қажет. Блогерлер – маркетинг «білгіші». Мақала жазады, оны жариялайды. Осымен бітті деп ойлайсыз ба? Жоқ! Аудитория оның мақаласын оқып, пікірлесу керек. Осы үшін де блогерлер әлемжелі-маркетиң мәселелерімен танысады: іздеу құралдары, әлеуметтік желілердегі жарнама.
#Орысша нұсқасыҚазақша нұсқасыРейтинг
1.авторлық блогдербес блог
2.корректорқатегер
3.редактормәтінгер
4.фотограффотогер
5.дизайнбетажар
6.арсеналжыйдақ
7.спамспам
8.фишингфишиң
9.интернет-маркетингинтернет-маркетиң
Марал Уразгалиева, Bakhytzhamal Esimseit, Akan Altynay және 2
Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Барлық қатысушылар

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.