Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы жариялаған «Қазақы терминдерді халық жасайды» атты республикалық байқауының 3-кезеңіне ұсынған Серік Ерғалидың мәтіндегі баламалары
БЕРІЛГЕН мәтіндер: 1-бөлім
І. Толығырақ ...Элементтердің бір-бірімен жалғасу қағидаты мен формасы MODULAR Robotics конструкторының MOSS сериясына ұқсас. Конструктордың басты тетіктері – көлемі жағынан бірдей текшелер, тек реттегіші бар модуль ғана сары түсті қосарланған текше түрінде жасалған. Олар бір-бірімен арнайы жалғастырғыш тетік арқылы біріктірілген. Басқа түстердің де мағыналық жүгі бар. Мотор көк түсті текшенің, сервожетек көгілдір текшенің, датчиктер мен камералар ашық жасыл текшенің, сенсорлар қызыл текшенің ішінде, ал аккумулятор текшесі – қоңыр жасыл, біріктіруші текшелер – сары түсті.
БАЛАМАЛЫ МӘТІНДЕР
І. Егжейлердің бір-бірімен жалғасу қағидаты мен формасы MODULAR Robotics құрауышының MOSS дүркініне ұқсас. Конструктордың басты тетіктері – көлемі жағынан бірдей текшелер, тек реттегіші бар бөлімшек қана сары түсті қосарланған текше түрінде жасалған. Олар бір-бірімен арнайы жалғастырғыш тетік арқылы біріктірілген. Басқа түстердің де мағыналық жүгі бар. Жүргек көк түсті текшенің, сервікелтіргі көгілдір текшенің, бергектер мен көргектер ашық жасыл текшенің, сезгектер қызыл текшенің ішінде, ал қуатжыйғыш текшесі – қоңыр жасыл, біріктіруші текшелер – сары түсті.
Алаң
Мақалалар
Кітаптар
Библиография
