Алаң
Мақалалар
Кітаптар
Библиография



Түрік тілінде самокат "tekerlekli kızak" деп аталады. Бұл "дөңгелекті шана" деген мағына береді. Кейіннен scuter (scooter) деген сөз де пайда болды. Бірақ халық көбіне ұлттық танымына жақын ұғым ретінде дөңгелекті Толығырақ ...шана мағынасындағы атауды кеңірек қолданып жүр. Ал самокат орыс тілінен келеді. Егер жоқ болмайды жастар осылай қолданып жүр дейтін болсаңыздар мұны самокат түрінде емес "самакат" деп жазу керек. Түркі тілдерінің барлығында сөз қалай оқылса солай жазылады. /о/ мен жазып /а/ мен оқу системі орыс тілінен келген. Осы ережеден Латынға көшу барысында құтылып алсақ әрі терминдерді соған қарай ыңғайласақ жөн болар еді. Алаш ғалымдары "жат сөздер" тілімізге енетін болса оларды тым құрығанда өзіміздің дыбыстық системімізге ыңғайлауымыз керек деген ережені бостан босқа алға тартқан жоқ қой.

"Өзі дөңгелейді, өзі жылжиды" деген мағынаны орыстар жақсы қысқартыпты. Біз басқа сөз тапсақ жақсы болар еді. Мысалы, ұшақ сөзі самолеттің орнына жақсы сіңіп кетті. Ғылым тілінде де қиналмай қолданамыз. Оны Толығырақ ...Шерхан Мұртаза Түркияға барғанда, ucak сөзін естіп алғаш қолданыпты дейтіндер де бар. Бірақ түріктерде -cak, -cek жұрнақтары келер шақты білдіреді ғой. Ucak қазақша ұшар болады біздің ыңғайға салсақ. Сондықтан тілдің ортақ заңдылықтарынан бәрібір алыстамағанымыз жөн. Ойдан сөз құрастырмай, көнерген немесе сирек қолданатын сөздер сөздігінен балама іздеп көрейік.

"Самокат" сөзінің орысшалығы көрер көзге айқын көрінеді. Әдетте орыс тілінен (орыс тілі арқылы емес) енген сөздер аударуға бейім келеді. Сол дәстүрден жаңылмаған дұрыс. Бірнеше балама сөздердің ішінен таңдап алатындай мүмкіндік тудыру қажет деп есептеймін.
Принцип термині 2000 жылы «Қағидат» деп бекітілген. Ал «правило» термині 2018 жылы «қағида» деп бекітіліп, 2022 жылы «қағида» деп қайта бекітілген.
Ереже термині 2018 жылы «положение» деп бекітілген. «Положение» терминінің Толығырақ ...басқа да мағынасы бар: жосық, қалып, жағдай, күй, дәреже, орын, жату, орналасу, ахуал, жол, тұрлау.
Жарғы сөзінің орысша баламасы «Устав», бұл термин 1998 жылы бекітілген, сондай-ақ «Экономика және қаржы», «Іс жүргізу және мұрағат ісі», «Заңтану», «Дене тәрбиесі және спорт», «Тарих», «Философия және саясаттану», «Әскери іс», «Статистика, стандарттау және зияткерлік меншік», «Бекітілген терминдер жинағы» категорияларында «Жарғы» деп берілген.
Егер баяғы Жарғы терминіне қатысты айтар болсаңыз, сіздің меңзегеніңіз «Уложение» – «Заңдар жинағы» (XIX ғасырда құқықтың жекелеген саласындағы заңдар жинағы) болуы керек. «Жеті жарғы» – «Семь уложений». Заңтану категориясында «Жинақтау» – «Уложение», «Герман азаматтық заңдар жинағы» – «Германское гражданское уложение» деп ұсынылған.
Ерболат Ғалымжанұлы, дұрыс емес. Презентацияны қарасаңыз, положение дегеннің екі мағынасы бар. біреуі - ереже, екіншісі - ережелер жинағы.
«Дұрыс емес» деген кезде сөзіңіздің нақты негіздемесі болуы қажет. https://termincom.kz/ сайтында «Термин іздеу» батырмасына бассаңыз, терминнің қазақша және орысша атауы, категориясы шығады. Осы жерден «Положение» терминінің бекітілген нұсқасын, категория бойынша Толығырақ ...қолданысын көруге болады.
Егер бекітілген нұсқасымен келіспесеңіз, Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетіне немесе Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығына хат жолдағаныңыз жөн.
Положение термині 2018 жылы «Ереже» деп бекітілген. «Положение» терминінің басқа да мағынасы бар: жосық, қалып, жағдай, күй, дәреже, орын, жату, орналасу, ахуал, жол, тұрлау. Бекітілген нұсқасына тоқталып өтсек:
1) Положение – жағдай (2020 жылы бекітілген термин)
2) Исходное положение – Бастапқы күй, бастапқы қалып (2019 жылы бекітілген термин)
3) Цис-положение – Цис қалпы (2019 жылы бекітілген термин)
4) Положение финансовое – Қаржы жағдайы (2016 жылы бекітілген термин)
5) Положение – Ереже (іс жүргізу) (2010 жылы бекітілген термин)
6) Процессуальное положение – Процестік жағдай (заң) (2010 жылы бекітілген термин)
7) Мета-положение – Ара орын(хим) (2006 жылы бекітілген термин)
8) Пара-положение – Қарсы орын (хим) – (2006 жылы бекітілген термин)
9) Социальное положение – Әлеуметтік жағдай (еңбек және халықты әлеуметтік қорғау) (2005 жылы бекітілген термин)
10) Социальное положение – Әлеуметтік жағдай (тарих) (2005 жылы бекітілген термин)
11) Безнадежное положение – Үмітсіз жағдай (мед) (2005 жылы бекітілген термин)
12) Злоупотребление служебным положением – Қызмет бабын теріс пайдалану (заң.) (2005 жылы бекітілген термин)
13) Орто-положение – Қоңсы орын (Бекітілген терминдер жинағы)
14) Положение плода – Жатырдағы баланың қалпы (Бекітілген терминдер жинағы)
https://termincom.kz/ сайтындағы категориялар бойынша:
1) Положение – Қағида, жағдай (Заңтану)
2) Положение – Күй; жағдай; қалып (Дене тәрбиесі және спорт)
3) Положение – Жол, тұрлау (Пән сөздері)
4) Заднее положение ударника – Соққының қайырылған түрі (Әскерлік атаулар)
5) Военное положение – әскери жағдай (Заңтану)
6) Жосық, қалып, жағдайы – Положение (Әскерлік атаулар)
7) Қамау жосығы – Осадное положение (Әскерлік атаулар)
8) Нүктенің бастапқы орны - Положение точки начальное (Математика)
9) Жағдай, орын – Положение (Информатика және есептеуіш техника)
10) Правовое положение – Құқықтық ереже (Заңтану)
11) Положение стоя – Түрегеп тұру күйі (Дене тәрбиесі және спорт)
12) Начальное положение – Бастапқы қалып (Дене тәрбиесі және спорт)
13) Положение горизонтальное – Жазық жатыс (Дене тәрбиесі және спорт)
14) Положение о соревновании – Жарыс ережесі (Дене тәрбиесі және спорт)
15) Типовое положение – үлгі ереже (Іс жүргізу және мұрағат ісі)
16) Нормативное положение – нормативті ереже (Іс жүргізу және мұрағат ісі)
17) Положение камер – Камералардың орналасуы (Мәдениет және өнер)
18) Временное положение – Уақытша ереже (Тарих)
19) Доминирующее положение – Басым, үстем жағдай (Философия және саясаттану)
20) Материальное положение – Материалдық жағдай (Философия және саясаттану)
21) Положение чрезвычайное – Төтенше жағдай (Философия және саясаттану)
22) Исходное положение – Бастапқы негіз (Философия және саясаттану)
23) Положение – Жағдай, ереже (Философия және саясаттану)
24) Бедственное положение – Мүшкiл хал-ахуал (Философия және саясаттану)
25) Законоположение – Заң ережесі (Философия және саясаттану)
26) Устройство для установки ремизок в одинаковое положение –Ремизкаларды бірдей орнату құрылғысы (Жеңіл және тоқыма өнеркәсібі)
27) Синоптическое положение (ситуация) – Синоптикалық жағдаят (Геология, геодезия және география)
28) Положение географическое – Географиялық орын (Геология, геодезия және география)
29) Положение продольное – Ұзынша орналасу (Медицина)
30) Положение боковое – Қырынан жату (Медицина)
31) Аксиальное положение – Аксиалді орналасу (Химия)
32) Положение о государственной статистике – Мемлекеттік статистика туралы ереже (Статистика, стандарттау және зияткерлік меншік)
33) Положение закона – Заң ережесі (Статистика, стандарттау және зияткерлік меншік)