"
ҚОР ТОЛЫҚТЫРУ АЙДАРЫ
#Орысша нұсқасыҚазақша нұсқасыРейтинг
1.АБДИКАЦИЯАБДИКАЦИЯ
АБДИКАЦИЯ
АБДИКАЦИЯ
заңағылш. abdication – «бас тарту»
Дефинициясымонархтың тақтан ресми түрде бас тартуы.
+2
2.АБОЛИЦИОНИЗМАБОЛИЦИОНИЗМ
АБОЛИЦИОНИЗМ
АБОЛИЦИОНИЗМ
заңлат. abolitio – «жою, болдырмау»
ДефинициясыXVIII-XIX ғғ. соңында АҚШ-тағы негрлердің құлдығын жою қозғалысы; ал Ұлыбритания, Франция және бірқатар басқа елде отаршылдықтағы құлдықты жою қозғалысы.
+2
3.АБСОЛЮТНАЯ МОНАРХИЯАБСОЛЮТТІК МОНАРХИЯ
АБСОЛЮТНАЯ МОНАРХИЯ
АБСОЛЮТТІК МОНАРХИЯ
заң
Дефинициясымемлекеттік (заңнамалық, атқарушылық, сот), сондай-ақ рухани (діни) биліктің толық монархтың қолында заң жүзінде және нақты шоғырланатын монархиялық басқару формасының бір түрі. Қазіргі таңда дүниежүзінде 8 абсолюттік монархия сақталған олар: Бахрейн, Бруней, Ватикан, Катар, Кувейт, БАӘ, Оман, Сауд Аравиясы. Осы елдердің кейбіреуінде конституциялық монархияға өту бойынша алғашқы қадамдар жасалған. Абсолюттік монархияда монарх атқару билігін үкіметпен бірге, ал заң шығару билігін әртүрлі заң жөнінде кеңес беретін органдардың (сайланатын немесе тағайындалатын) көмегімен жүзеге асырады.
+2
4.АБСТИНЕНТНЫЙ СИНДРОМАБСТИНЕНТТІ СИНДРОМ
АБСТИНЕНТНЫЙ СИНДРОМ
АБСТИНЕНТТІ СИНДРОМ
заң
Дефинициясысозылмалы маскүнемдік пен нашақорлықтың негізгі белгілерінің бірі. Алкогольді (нашақорлық заттарды) қабылдауды шұғыл түрде тоқтату немесе олардың мөлшерін азайту нәтижесінде пайда болатын бірқатар соматикалық және психологиялық бұзылушылықтармен (дірілдеу, терлеу, жүректің тез қағуы, ұйқының бұзылуы және т.б.) сипатталады.
0
5.АБСТРАКТНЫЕ СДЕЛКИАБСТРАКТІЛІ МӘМІЛЕЛЕР
АБСТРАКТНЫЕ СДЕЛКИ
АБСТРАКТІЛІ МӘМІЛЕЛЕР
заң
Дефинициясыазаматтық құқық ғылымында жарамдылығы мәміле негізіне – мақсатына тәуелді болмайтын мәміле құқығы. Каузалды мәмілелер абстрактілі мәмілелерге қарама-қарсы.
+2
6.АВАРИЙНЫЙ КОМИССАРАПАТТЫҚ КОМИССАР
АВАРИЙНЫЙ КОМИССАР
АПАТТЫҚ КОМИССАР
заң
Дефинициясысақтандырылған кемелер мен жүктер бойынша залалдың себептерін, сипаты мен көлемін анықтаумен айналысатын тұлға немесе фирма. Апаттық комиссардың аты-жөні мен координаттары сақтандыру сертификатында немесе полисте көрсетіледі. Сақтандыру жағдайы орын алған кезде сақтанушы апаттық комиссарға жүгінуге міндетті. Апаттық комиссардың қызметтері өте ауқымды және сақтандырушының нұсқауларымен айқындалады. Апаттық комиссар апаттық сертификат жасайды, онда залалдың сипаты, көлемі мен себебі расталады, соның негізінде сақтандырушы сақтанушының талап-тілектерін төлеу немесе одан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
+2
7.АВТОГУЖЕВАЯ ПОВИННОСТЬАВТОМОБИЛЬ-ЖЕГІН КӨЛІК ЖОЛЫ
АВТОГУЖЕВАЯ ПОВИННОСТЬ
АВТОМОБИЛЬ-ЖЕГІН КӨЛІК ЖОЛЫ
заң
Дефинициясыстихиялық апатпен күресу үшін немесе қандай да бір маңызды мемлекеттік тапсырмаларды орындау үшін азаматтық немесе әскери биліктердің қарауына тарту күшін, автомобиль немесе жегін көлік беру міндеті. Соғыс кезінде әскери билік енгізуі мүмкін.
+2
8.АВТОКРАТИЯАВТОКРАТИЯ
АВТОКРАТИЯ
АВТОКРАТИЯ
заңrp. autokrateia – «самодержавие»
Дефинициясыжоғарғы билік бір адамға шексіз тиесілі болатын басқару жүйесі.
+2
9.АВТОРСКИЙ ЛИСТАВТОРЛЫҚ ПАРАҚ
АВТОРСКИЙ ЛИСТ
АВТОРЛЫҚ ПАРАҚ
заң
Дефинициясыәдеби шығарманың көлемін өлшейтін бірлік, ол 40 мың баспа таңбаға немесе 700 жол өлең материалына немесе басылған 3 мың см2 графикалық материалға тең.
+2
10.АГРАРНОЕ ПРАВОАГРАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ
АГРАРНОЕ ПРАВО
АГРАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ
заң
ДефинициясыҚР және басқа да бірқатар елдердегі кешенді, мамандандырылған құқық саласы, ауылшаруашылық қызметі саласында пайда болатын аграрлық (жер, мүліктік, еңбек, ұйымдастыру-басқару), қоғамдық қарым-қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар жүйесі.
+2
11.АГРЕССИВНОЕ НАМЕРЕНИЕАГРЕССИЯШЫЛ НИЕТ
АГРЕССИВНОЕ НАМЕРЕНИЕ
АГРЕССИЯШЫЛ НИЕТ
заң
Дефинициясыхалықаралық құқықта нақты бір жағдайда агрессия актісінің болуын анықтау кезінде БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі ескеретін критерийлердің бірі. Агрессия актісін белгілей отырып, Қауіпсіздік кеңесі мемлекеттің бастапқыда жасаған іс-әрекеттерінде агрессияшыл сипаттағы ниеті, мысалы, күшті қолдану арқылы аумақты аннексиялауға ұмтылуы, басқа мемлекеттің аумағын әскери түрде басып алуы және т.б. болды ма деген сұрақты анықтайды.
+3
12.АГРЕССИЯ КОСВЕННАЯЖАНАМА АГРЕССИЯ -
АГРЕССИЯ КОСВЕННАЯ
ЖАНАМА АГРЕССИЯ -
заң
Дефинициясыхалықаралық құқықта қандай да бір мемлекеттің тұрақты қарулы күштерінің құрамын енбейтін немесе белгілі бір мемлекет ұйымдастырса не оның атынан немесе оның тапсырмасы бойынша әрекет ететін, бірақ оларға тиісті екендігін жасыратын қарулы тонаушылар тобы, топтар, тұрақты күштер немесе жалшылар жасайтын агрессия.
+2
13.АГРЕССИЯ ПРЯМАЯТІКЕЛЕЙ АГРЕССИЯ
АГРЕССИЯ ПРЯМАЯ
ТІКЕЛЕЙ АГРЕССИЯ
заң
Дефинициясыхалықаралық құқықта мемлекеттің тұрақты қарулы күштері жүзеге асыратын агрессия. БҰҰ Бас Ассамблеясының 1974 ж. 14 желтоқсанда қабылданған «Агрессияны анықтау» деген 3-бапқа сәйкес, соғыс жариялауға тәуелсіз, агрессия актілері ретінде мынадай тікелей агрессиялар қарастырылады: а) мемлекеттің қарулы күштерінің басқа мемлекеттің аумағына басып кіруі немесе шабуыл жасауы не болмаса уақытша сипаты қандай болса да, осындай басып кірудің немесе шабуыл жасаудың нәтижесі болып табылатын кез келген әскери басқыншылық не болмаса күш қолдану арқылы басқа мемлекеттің аумағына немесе оның бір бөлігіне аннексия жасау; б) мемлекеттің қарулы күштерімен өзге мемлекеттің аумағын бомбалау немесе мемлекеттің өзге мемлекет аумағына қарсы кез келген қаруды қолдануы; в) басқа мемлекеттің қарулы күштерімен мемлекеттің айлақтарын немесе жағалауларын қоршау: г) мемлекеттің қарулы күштерінің басқа мемлекеттің құрлықтағы, теңіздегі немесе әуедегі күштеріне не теңіз және әуе флоттарына жасаған шабуылы; д) басқа мемлекеттің аумағында орналасқан бір мемлекеттің келісімде көзделген шарттарды бұзып, қабылдайтын мемлекетпен жасалған келісім бойынша қарулы күштерді қолдануы Келтірілген тізім толық емес. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі БҰҰ Жарғысының қағидаларына сәйкес, басқа актілер де тікелей агрессия деп анықталуы мүмкін.
+2
14.АГРЕССОРАГРЕССОР
АГРЕССОР
АГРЕССОР
заңлат. aggressor – «қарақшылар шабуылын жасайтын адам»
Дефинициясыхалықаралық құқықта агрессия жасаған мемлекет. Мемлекет топтарының әрқайсысы агрессияға нақты қатысса, олардың бәрі агрессия ретінде әрекет ете алады (мысалы, әскери көмек туралы шартқа байланысты).
+2
15.АД РЕФЕРЕНДУМАД РЕФЕРЕНДУМ
АД РЕФЕРЕНДУМ
АД РЕФЕРЕНДУМ
заң
Дефинициясыхалықаралық құқықта мемлекет өкілінің халықаралық шартқа шартты түрде қол қоюы, бұл мемлекеттің өзі үшін міндетті шартпен алдын ала келісу немесе оның мәтінімен келісу тәсілін білдіреді. Егер оны мемлекет растаса, оған түбегейлі қол қойылды деген сөз.
+2
Анар Сағынтаева, Aibek Qali, Қуанышев Жапсарбай және 1
Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Барлық пайдаланушылар

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.