"

ТЕК ТЕРМИНКОМ МҮШЕЛЕРІ ҒАНА ДАУЫС БЕРЕ АЛАДЫ! РТК 2026 жылғы 4-отырысында бекітілетін терминдер (жаратылыстану-математика бағыты)

№ САЛАСЫ ТЕРМИН САНЫ РЕТТІК САНЫ
1 Ихтиология саласы терминдері 300 1-300
2 Мұнай және газ өнеркәсібі ("ҚазМұнайГаз" ҰК ұсынған терминдер) 120 301-420
#Орысша нұсқасыҚазақша нұсқасыРейтинг
1.абботиныжалған теңге балықтар
абботины
жалған теңге балықтар
Ихтиология саласы терминдеріабботина (эпоним. James Francis Abbott) – «Джеймс Фрэнсис Эббот»
Дефинициясы1. Жалған теңге балықтар – тұқы тұқымдасына жататын, ұзындығы 10–12 см-ден аспайтын ұсақ, кәсіптік маңызы жоқ балық түрі. Шығыс Азиядан (Қытай, Амур алабы) Қазақстан су қоймаларына 1950 жылдары кездейсоқ әкелінген. Инвазивті балық. Қазіргі таңда Балқаш-Алакөл және Арал-Сырдария алаптарында кең таралған. Ол жергілікті шабақтар секілді су түбіндегі ұсақ жәндіктермен қоректенеді.
2. Этимологиясы: абботина (эпоним. James Francis Abbott) – «Джеймс Фрэнсис Эббот»
3. Өзбек: abbotinlar
4. Түрік: abbotinler
5. Ағылшын: abbotines
6. Неміс: abbots
7. Бекітілген нұсқасы: –
8. Қолдану саласы: Ауыл шаруашылығы, Биология, Су шаруашылығы, Тамақ өнеркәсібі және тұрмыстық қызмет, Экология
9. Заңнамадағы қолданысы: 1) Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2020 жылғы 9 қазандағы № 252 бұйрығы. ... Өзен абботинасы ...
10. Ұсыныстар: сөздің анықтамасына және шығу тегіне сәйкес кісі есімімен аталған терминді, оның үстіне бұл балық түрі о бастан жергілікті болмауы себепті, түпнұсқалығын негізге алып "абботин", көпше түрде "абботиндер" болып бекітілуін ұсынамыз.
0
2.аберрацияауытқушылық, жекеленген тұқым қуалаушылық өзгеріс, жеке ауытқушылық аберрация (2018)
аберрация
ауытқушылық, жекеленген тұқым қуалаушылық өзгеріс, жеке ауытқушылық аберрация (2018)
Ихтиология саласы терминдеріаберация (лат. ab) — «бөліну», «алыстау», «шеттеу», (лат. errare) — «адасу», «жаңылысу», «кезу», «қателесу».
Дефинициясы1. аберрация — ихтиология мен балық шаруашылығында балықтардың құрылымында, реңінде, генетикалық кодында немесе мінез-құлқында байқалатын биологиялық нормадан кез келген ауытқу. Тар ғылыми мағынада бұл термин генетикалық ақаулардың, уытты заттардың немесе инкубация жағдайларының бұзылуынан туындайтын морфологиялық кемістіктерді (қаңқа деформациясы) және хроматикалық аномалияларды (альбинизм, меланизм) сипаттайды. Акваөсіруде (жасанды балық өсіруде) бұл құбылыс уылдырық пен шабақтардың өлім-жітімін арттыратын маңызды фактор ретінде қарастырылады.
2. Этимологиясы: аберация (лат. ab) — «бөліну», «алыстау», «шеттеу», (лат. errare) — «адасу», «жаңылысу», «кезу», «қателесу».
3. Өзбек: aberatsiya
4. Түрік: sapma
5. Ағылшын: aberration
6. Неміс: аberration
7. Бекітілген нұсқасы: аберрация (2017), аберрация (2018), жарық аберрациясы (2018), оптикалық жүйе аберрациясы (2018), сфералық аберрация (2018)
8. Қолдану саласы: Ауыл шаруашылығы, Биология, Медицина, Экология
9. Заңнамадағы қолданысы: 1) Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 9 сәуірдегі № 502-V ҚРЗ. ... «Атмосфералық ауаны қорғау туралы»: биологиялық және химиялық ластану факторларының тірі организмдерде генетикалық өзгерістер (хромосомалық аберрациялар) тудыру деңгейінің мониторингі ...
2) Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығы. ... Семей ядролық қауіпсіздік аймағында экологиялық ахуалды бағалау және тұрғындардың денсаулығын бақылау (хромосомалық аберрациялар жиілігін зерттеу) ...
3) Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ Экологиялық кодексі. ... Қоршаған ортаға уытты және мутагендік әсерді бағалау өлшемшарттары, аберранттық метафазалардың пайыздық үлесі, жасушалар деңгейіндегі аберрация спектрі ...
4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 қазандағы № ҚР ДСМ-140/2020 бұйрығы. ...
Зертханалық диагностика стандарттары: мутагендік және радиациялық әсерді биологиялық индикациялау, хромосомалық аберрацияларды талдау қызметтерінің тарифі ...
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-272/2020 бұйрығы. ... (хромосомалық аберрациялар) ...
10. Ұсыныстар: сөздің анықтамасы мен қолданысын ескере келе, ұқсас үдеріс түрінде бір сөздің көп саладағы қолданысын ескере, бұл саладағы ерекшелігін көрсете отырып "түр ауытқуы" терминін бекітуді ұсынамыз.
0
3.абиосестонабиосестон
абиосестон
абиосестон
Ихтиология саласы терминдеріабиосестон (грек. а) — "теріс бөлшек", (грек. bios ) — "тіршілік", (грек. sestos ) — "електен өткізілген".
Дефинициясы1. Абиосестон — су экожүйелеріндегі (өзен, көл, теңіз) су массасында қалқып жүретін, шығу тегі органикалық және бейорганикалық болып келетін өлі бөлшектердің жиынтығы. Академиялық гидробиологияда бұл ұғым су құрамындағы майда минералды қосындыларды (құм, саз, тұнба) және өсімдіктер мен жануарлардың ыдырау өнімдерінен тұратын деривтерді (детрит немесе триптон) сипаттау үшін қолданылады. Абиосестон тірі организмдер жиынтығы саналатын биосестонмен бірге судың жалпы сестонын құрайды және су айдындарының мөлдірлігіне, жарық режиміне, сондай-ақ сүзгіш ағзалардың қоректену процестеріне тікелей әсер ететін маңызды экологиялық фактор болып табылады.
2. Этимологиясы: абиосестон (грек. а) — "теріс бөлшек", (грек. bios ) — "тіршілік", (грек. sestos ) — "електен өткізілген".
3. Өзбек: abioseston
4. Түрік: abioseston
5. Ағылшын: abioseston
6. Неміс: abioseston
7. Бекітілген нұсқасы: –
8. Қолдану саласы: Биология, Су шаруашылығы, Экология
9. Заңнамадағы қолданысы: –
10. Ұсыныстар: сөздің анықтамасы мен қолданысын ескере келе. грекше түбірлерге мән бере отырып "тірі қалытқы" - "биосестон", ал "өлі қалытқы" - "абиосестон" деп қарастытырып "өлі қалытқы" нұсқасын термин ретінде бекітуді ұсынамыз.
0
4.абиотическая мелиорацияабиотикалық мелиорация
абиотическая мелиорация
абиотикалық мелиорация
Ихтиология саласы терминдеріабиотикалық (грек. а + bios) — "бей+өмір, тіршілік", мелиорация (лат. melior) — "жақсарту", "жағдайды оңтайландыру".
Дефинициясы1. Абиотикалық мелиорация — бұл адамның техника мен химияның көмегімен жердің, судың физикалық-химиялық жағдайын тікелей өзгертуі.
2. Этимологиясы: абиотикалық (грек. а + bios) — "бей+өмір, тіршілік", мелиорация (лат. melior) — "жақсарту", "жағдайды оңтайландыру".
3. Өзбек: abiotik melioratsiya
4. Түрік: abiyotik ıslah
5. Ағылшын: abiotic land reclamation
6. Неміс: abiotische мelioration
7. Бекітілген нұсқасы: абиотикалық нүкте (2022), суармалау мелиорациясы (2022), мелиорациялық орман дақылдары (2022), биологиялық мелиорация (2022)
8. Қолдану саласы: Ауыл шаруашылығы, Биология, Су шаруашылығы, Экология
9. Заңнамадағы қолданысы: 1) Қазақстан Республикасының Жер кодексі (12-бап, 28-тармақша).Жерді мелиорациялау (мелиорация) — жердің құнарлылығын, өнімділігін түбегейлі жақсартуға бағытталған гидротехникалық, мәдени-техникалық, химиялық, агроорман-мелиорациялық, агротехникалық және ұйымдық-шаруашылық іс-шаралар кешені.
2) Қазақстан Республикасының Орман кодексі (96-бап, 1-тармақ). Ормандарды қорғау оларды өрттерден, заңсыз кесулерден, ... сондай-ақ қолайсыз абиотикалық және биотикалық факторлардың өзге де зиянды әсерлерінен қорғау жөніндегі өртке қарсы, күзет, биотехникалық және өзге де іс-шараларды қамтиды
10. Ұсыныстар: сөздің анықтамасы мен қолданысын ескере келе, грекше түбірлерге мән бере отырып "табиғи құнарландыру" - "природное мелиорация", ал "бейтабиғи құнарландыру" - "абиотикалық мелиорация" деп қарастытырып "бейтабиғи құнарландыру" нұсқасын термин ретінде бекітуді ұсынамыз.
0
5.аборигенная ихтиофаунабайырғы ихтиофауна, жергілікті балықтар әлемі
аборигенная ихтиофауна
байырғы ихтиофауна, жергілікті балықтар әлемі
Ихтиология саласы терминдеріаборигенная (лат. ab+origo) – «бастау», «шығу тегі», «түпнегіз», ихтиофауна (грек. ichthys, лат. Fauna) – «балық»+ «жануарлар әлемінің жиынтығы».
Дефинициясы1. Байырғы ихтиофауна – нақты бір су экожүйесінде адамның қатысуынсыз, табиғи эволюциялық даму нәтижесінде қалыптасқан байырғы балық түрлерінің жиынтығы. Ол белгілі бір географиялық аймақтың гидрологиялық және климаттық жағдайларына толық бейімделгендігімен сипатталады. Экологиялық тепе-теңдікті сақтау мен су биоәртүрлілігін қорғауда, әсіресе сырттан әкелінген инвазивті түрлердің ықпалынан қорғау тұрғысынан, бұл популяцияның маңызы өте жоғары.
2. Этимологиясы: аборигенная (лат. ab+origo) – «бастау», «шығу тегі», «түпнегіз», ихтиофауна (грек. ichthys, лат. Fauna) – «балық»+ «жануарлар әлемінің жиынтығы».
3. Өзбек: mahalliy ixtiofauna
4. Түрік: yerli balık faunası
5. Ағылшын: native ichthyofauna
6. Неміс: die aborigine der Ichthyofauna
7. Бекітілген нұсқасы: аборигендік түрлер (2022), жергілікті тұқымдар (2022), абориген (2018)
8. Қолдану саласы: Ауыл шаруашылығы, Биология, Су шаруашылығы, Экология
9. Заңнамадағы қолданысы: 1) Қазақстан Республикасының Заңы 2004 жылғы 9 шілдедегі № 593-II. ... балық ресурстары, өзге де су жануарлары ... деңгейін сақтау ... ихтиофаунаның түрлік құрамы мен жай-күйі ...
2) Қызылорда облысы әкімдігінің қаулысы 2019 жылғы 5 ақпандағы № 1318. ... Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбелерін бекіту туралы ...
3) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. бұйрығы 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-04/148.... су айдындарының өнімділігін арттыру, ихтиофаунаның құрамын жақсарту ... балықтандыру мақсатында ...
10. Ұсыныстар: сөздің анықтамасы мен этимологиясын саралай отырып, заңнамадағы қолданысын ескере келе "жергілікті балықтар әлем" нұсқасын бекітуді ұсынамыз.
0
6.аборигенные виды рыббайырғы (тұрақты), жергілікті балық түрлері
аборигенные виды рыб
байырғы (тұрақты), жергілікті балық түрлері
Ихтиология саласы терминдеріаборигенные (лат. ab, origo) — " о бастан", "тумысынан"
Дефинициясы1. Жергілікті балық түрлері — бұл белгілі бір су айдынында, өзенде немесе аймақта адамның көмегінсіз, табиғи түрде ежелден бері өсіп-өніп жатқан балықтар.
2. Этимологиясы: аборигенные (лат. ab, origo) — " о бастан", "тумысынан"
3. Өзбек: baliqlarning mahalliy turlari
4. Түрік: yerli balık türleri
5. Ағылшын: native fish species
6. Неміс: aborigine fischarten
7. Бекітілген нұсқасы: аборигендік түрлер (2022), жергілікті тұқымдар (2022), тоған балығы (2024)
8. Қолдану саласы: Ауыл шаруашылығы, Биология, Су шаруашылығы, Экология
9. Заңнамадағы қолданысы: 1) Қазақстан Республикасының Заңы 2004 жылғы 9 шілдедегі № 593-II (Жануарлар дүниесін қорғау туралы).... Балық шаруашылығы мелиорациясы ... құнды балық түрлерінің уылдырық шашу орындарын, жергілікті популяциялардың қоныс аудару жолдарын сақтау ...
2) Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысы 2017 жылғы 14 наурыздағы № 57.... Бекітілген су қоймаларының ихтиофаунасын зерттеу ... жергілікті балық түрлерінің (сазан, көксерке, табан) заңсыз аулануына жол бермеу және олардың өсімін молайту ...
3) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы 2015 жылғы 13 наурыздағы № 18-03/211.... Су айдындарын және (немесе) учаскелерді балықтандыру ... жергілікті балық түрлерінің табиғи популяциясына қауіп төндіретін ... жат түрлерді жіберуге жол бермеу ...
4) Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығы 2023 жылғы 31 мамырдағы № 183.... Ғылыми-зерттеу мақсатында балық аулау ... су экожүйесіндегі жергілікті балық түрлерінің биологиялық негіздемесін, жыныстық және жас құрамын анықтау ...
10. Ұсыныстар: сөздің анықтамасы мен заңнамалық құжаттардағы қолданысын, жеке сөздер тіркесінде бұрын-соңды бекітілуін ескере келе "жергілікті балық түрлері" нұсқасын бекітуді ұсынамыз.
0
7.абсолютная плодовитостьөсімталдық шегі
абсолютная плодовитость
өсімталдық шегі
Ихтиология саласы терминдеріабсолютная (лат. absolutus) – «мүлдем», «кәміл»,,«толық», «тәуелсіз».
Дефинициясы1. Абсолюттік өсімталдық – балық аналығының уылдырық шашу кезеңі алдында оның аналық бездерінде (уылдырық жолдарында) дамитын барлық уылдырық түйіршіктерінің жалпы нақты саны.Бұл көрсеткіш белгілі бір дараның бір көбею маусымындағы жеке репродуктивті мүмкіндігін сипаттайды және балықтың жасына, ұзындығына әрі салмағына пропорционалды түрде өсіп отырады.
2. Этимологиясы: абсолютная (лат. absolutus) – «мүлдем», «кәміл»,,«толық», «тәуелсіз».
3. Өзбек: mutlaq unumdorlik
4. Түрік: mutlak doğurganlık
5. Ағылшын: absolute fertility
6. Неміс: absolute fruchtbarkeit
7. Бекітілген нұсқасы: некенің нетто өсімталдылығы (2025), абсолют қуаңшылық (2022), абсолютті ылғалдылық (2021)
8. Қолдану саласы: Ауыл шаруашылығы, Биология, Су шаруашылығы, Экология
9. Заңнамадағы қолданысы: 1) Қазақстан Республикасының Заңы 2004 жылғы 9 шілдедегі № 593-II. ... жануарлар дүниесі объектілерінің өсімталдық қабілетін және олардың экологиялық жүйелердегі тұрақтылығын сақтау ...
2) Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексі 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ. ... биологиялық ресурстардың табиғи қайта өнімділік және өсімталдық қабілеттерін сақтау ... экологиялық шегін (сыйымдылығын) айқындау ...
3) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы 2015 жылғы 13 наурыздағы № 18-03/211. ... балық өсіру-мелиорациялық жұмыстар ... балықтардың өсімталдық деңгейін арттыру ... аулаудың шекті көлемдерін белгілеу ...
4) Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығы 2022 жылғы 23 маусымдағы № 220. ... тұқымдық өнімділік ... өсімдіктер популяциясының табиғи қайта өсімталдық қабілетінің шегінен аспауын бақылау ...
10. Ұсыныстар: сөздің мәнісін, шығу тегін ескере келе "өсімталдық шегі" нұсқасын бекітуді ұсынамыз.
0
8.абсолютный возрасть рыббалықтың нақтылы жасы
абсолютный возрасть рыб
балықтың нақтылы жасы
Ихтиология саласы терминдеріабсолютный (лат. absolutus) – «мүлдем», «кәміл»,,«толық», «тәуелсіз».
Дефинициясы1. Балықтардың абсолюттік жасы – балық дернәсілінің уылдырықтан жарып шыққан сәтінен бастап, оның ауланған немесе өлген уақытына дейінгі өткен нақты күнтізбелік уақыт кезеңі.Ихтиологияда бұл көрсеткіш шартты жас топтарынан (бір жасар, екі жасар және т.б.) айрықшаланып, нақты уақыт өлшемдерімен — жылдармен, айлармен және күндермен өрнектеледі. Көрсеткіш балықтың қатты құрылымдарындағы (қабыршақ, отолит, жалпақ сүйектер) жылдық сақиналарды талдау арқылы анықталады.
2. Этимологиясы: абсолютный (лат. absolutus) – «мүлдем», «кәміл»,,«толық», «тәуелсіз».
3. Өзбек: baliqlarning mutlaq yoshi
4. Түрік: balıkları memnun etmek mutlak
5. Ағылшын: the absolute age of pisces
6. Неміс: das absolute аlter der fische
7. Бекітілген нұсқасы: абсолютті ылғалдылық (2021), абсолют қуаңшылық (2022), балық пастысы (2024)
8. Қолдану саласы: Ауыл шаруашылығы, Биология, Су шаруашылығы, Экология
9. Заңнамадағы қолданысы: 1) Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығы 2022 жылғы 21 қазандағы № 659. ... балықтың жасы – өмірінің толық жасының саны арабтың санымен, құртшабақтың жасы – 0+ белгіленеді ...
2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы 2015 жылғы 24 шілдедегі № 18-03/685. ... Балықтың түрі. Балықтың жасы (аймен немесе жылмен). Балықтың салмағы (килограммен) ...
3) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. бұйрығы 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-04/148. ... балық ресурстарының құрамын, жас ерекшелігін, жыныстық құрылымын, өсу қарқынын және балықтардың қоңдылығын анықтау ...
4) Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысы 2023 жылғы 14 желтоқсандағы № 291. ... бекіре тұқымдас балықтардың жас топтары бойынша популяциялық құрылымын зерттеу, уылдырық шашу тиімділігін бағалау ...
10. Ұсыныстар: сөздің қолданысын, мәнін ескере келе "балықтың нақты жасы" нұсқасын бекітуді ұсынамыз.
0
9.автолиз рыбыбалық автолизі
автолиз рыбы
балық автолизі
Ихтиология саласы терминдеріавтолиз (грек. αὐτός +lýsis) – "өздігінен", "ыдырау", "босау".
Дефинициясы1. Балық автолизі – балық ауланғаннан кейінгі бұлшықет тіндерінде микроорганизмдердің қатысуынсыз, меншікті ішкі ферменттердің әсерінен жүретін биохимиялық өздігінен ыдырау процесі.
2. Этимологиясы: автолиз (грек. αὐτός +lýsis) – "өздігінен", "ыдырау", "босау".
3. Өзбек: baliqning avtolizi
4. Түрік: balık otolizi
5. Ағылшын: autolysis of fish
6. Неміс: autolyse des fisches
7. Бекітілген нұсқасы: автолиз (2018)
8. Қолдану саласы: Ауыл шаруашылығы, Биология, Су шаруашылығы, Экология
9. Заңнамадағы қолданысы: 1) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты қорғау министрінің бұйрығы 2021 жылғы 25 мамырдағы № 178.
... тамақ пепсинін автолиз әдісімен алудың технологиялық процесін жүргізу ... өнімді стандартты белсенділікке дейін жеткізу ...
2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы 2017 жылғы 12 мамырдағы № 277. ... ішкі органдардың шіру өзгерістері, аутолиз (автолиз) ... сот-медициналық зертханалық зерттеулердің күрделілік санаттары ...
3) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы 2017 жылғы 3 наурыздағы № 95. ... Балық және балық өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар ... табиғи тін құрылымының бұзылуы ... бұлшықет тіндерінің босауы ...
4) Кеден одағының Техникалық регламенті (ТР КО 040/2016) «Балық және балық өнімдерінің қауіпсіздігі туралы».
... шикізат сапасы ... балықтың өз ферменттерінің әсерінен табиғи қасиеттерін жоғалтуы ... өнімнің тотығу және бұзылу көрсеткіштері ...
10. Ұсыныстар: сөздің заңнамалық құжаттардағы қолданысын, этимологиясы мен мәнін ескере келе "балық автолизі" нұсқасын бекітуді ұсынамыз.
0
10.агрессивность водысудың жемірлігі, судың жебірлігі
агрессивность воды
судың жемірлігі, судың жебірлігі
Ихтиология саласы терминдеріагрессивность (лат. aggredi) – «шабулдау», «жеміру», «әрекет ету»
Дефинициясы1. Судың жемірлігіі (балық шаруашылығында) – судың химиялық құрамы мен физикалық-химиялық қасиеттерінің (pH деңгейі, еріген газдар, тұздар мен ауыр металдар концентрациясы) балықтар мен басқа да гидробионттардың организміне зиянды, уытты немесе жоюшы әсер ету қабілеті.
2. Этимологиясы: агрессивность (лат. aggredi) – «шабулдау», «жеміру», «әрекет ету»
3. Өзбек: suvning agressivligi
4. Түрік: suyun saldırganlığı
5. Ағылшын: water aggressiveness
6. Неміс: aggressivität des wassers
7. Бекітілген нұсқасы: жемірлік (хим.) (2004), жебірлік (хим.) (2006)
8. Қолдану саласы: Ауыл шаруашылығы, Биология, Су шаруашылығы, Экология
9. Заңнамадағы қолданысы: 1) Қазақстан Республикасының Заңы 1997 жылғы 16 шілдедегі № 167-I (ҚР Қылмыстық кодексі). ... Қылмыстық жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар ... кінәлі адамның нақтылы жасы ... қылмыс жасауға мәжбүр ету ...
2) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы 2002 жылғы 11 сәуірдегі № 4. ... Егер сот істі қарау кезінде кәмелетке толмаған адамның нақтылы жасы анықталмаған жағдайда ... туған жылының соңғы күні ...
3) Қазақстан Республикасының Заңы 2003 жылғы 9 шілдедегі № 481-II (ҚР Су кодексі). ... Жер асты суларының химиялық құрамы мен сапасы ... судың жемірлігі (агрессивтілігі) ... қоршаған ортаға зиянды әсерін тигізбеу ...
4) Қазақстан Республикасының Заңы 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442-II (ҚР Жер кодексі). ... Топырақтың техногендік ластануы ... грунт және жер асты суларының жебірлігі ... жер учаскелерінің құнарлылығын қалпына келтіру ...
10. Ұсыныстар: сөздің мәнін, терминүміткердің анықтамасын саралай отырып, "жемір", "жебір" сөздерінің арасындағы жарыспалықты аңғардық. Дұрысы - қатты нәрсе "жебір" болады да, сұйық нәрсе "жемір" келеді. Мәселен, аяқтың өкшесі жебір болса, су жарды жеміреді. Сондықтан "судың жемірлігі" нұсқасын бекітуді ұсынамыз.
0
11.адекватныйсайма-сай (2009), дәлме-дәл, барабар
адекватный
сайма-сай (2009), дәлме-дәл, барабар
Ихтиология саласы терминдеріадекватный (лат. adaequatus) – «теңестірілген», «пара-пар етілген».
Дефинициясы1. Адекваттылық – зерттеліп отырған объектіге, белгілі бір жағдайға, ережеге немесе өлшемшарттарға толық сәйкестікті, теңдікті және үйлесімділікті білдіретін ұғым.
2. Этимологиясы: адекватный (лат. adaequatus) – «теңестірілген», «пара-пар етілген».
3. Өзбек: adekvat
4. Түрік: uygun
5. Ағылшын: adequate
6. Неміс: adäquat
7. Бекітілген нұсқасы: сайма-сай (филос.) (2009), барабар бақылау (индустр. инновац.) (2014)
8. Қолдану саласы: Биология, Заңтану, Су шаруашылығы, Іс жүргізу және мұрағат ісі, Экология, Экономика және қаржы
9. Заңнамадағы қолданысы: 1) Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексі (Жалпы бөлім). ... Өз міндеттемелерін бұзған тарап екінші тарапқа келтірілген шығындарды және негізсіз тапқан табыстарын барабар мөлшерде толық өтеуге міндетті...
2) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашандағы № 414-V Еңбек кодексі. ... Жұмыс беруші қызметкерлер үшін олардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін лайықты еңбек жағдайларын жасауға, сондай-ақ атқарған жұмысына адекватты ақы төлеуге міндетті...
3) Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы № 351-VI Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі. ... Әкімшілік органның немесе лауазымды адамның қабылдаған шешімі істің нақты мән-жайларына және заң талаптарына толық сәйкес келуі тиіс...
10. Ұсыныстар: көрсетілген анықтама мен сөздің қолданысын ескерек келе "сайма-сай" нұсқасын бекітуді ұсынамыз.
0
12.аквариумаквариум, су қора (пән сөздері)
аквариум
аквариум, су қора (пән сөздері)
Ихтиология саласы терминдеріаквариум (лат. aqua+arium) – «су»+«орын, мекен, қойма, ыдыс».
Дефинициясы1. Аквариум – су организмдерін (балықтар, омыртқасыздар, өсімдіктер, қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылар) ұстауға, өсіруге, олардың өмір сүру әрекетін зерттеуге және көпшілікке көрсетуге арналған, сумен толтырылған, мөлдір қабырғалары бар жасанды экологиялық жүйе немесе техникалық құрылғы.
2. Этимологиясы: аквариум (лат. aqua+arium) – «су»+«орын, мекен, қойма, ыдыс».
3. Өзбек: akvarium
4. Түрік: akvaryum
5. Ағылшын: aquarium
6. Неміс: аquarium
7. Бекітілген нұсқасы: –
8. Қолдану саласы: Ауыл шаруашылығы, Биология, Су шаруашылығы, Экология
9. Заңнамадағы қолданысы: 1) Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI Экологиялық кодексі. ... Зоологиялық коллекцияларды (жануарлар дүниесі объектілерінің, оның ішінде хайуанаттар бақтарының, цирктердің, зоологиялық питомниктердің, аквариумдардың, океанариумдардың жабайы жануарларының жинағын) құру және толықтыру жануарларды табиғи ортадан алу арқылы жүзеге асырылады...
2) Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі. ... Жануарларды, соның ішінде хайуанаттар бақтарындағы, цирктердегі, омарталардағы, аквариумдардағы жануарларды ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалар мен ветеринариялық нормативтерге сәйкес ұстау, өсіру және пайдалану талаптарын бұзу әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады...
3) Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 97-VII Заңы. ... Жануарларды мәдени ойын-сауық мақсаттарында пайдалануға қойылатын талаптарды айқындау кезінде зообақ, хайуанаттар бағы, аквариум, океанариум, бассейн және басқа да жануарларды ұстау объектілерінің қауіпсіздік нормалары ескерілуі тиіс...
10. Ұсыныстар: көрсетілген анықтама мен сөздің қолданысын ескере келе "аквариум" сөзіне бекітуді ұсынамыз.
0
13.акведуксужетек, тарнау
акведук
сужетек, тарнау
Ихтиология саласы терминдеріакведук (лат. aqua, duco) – "су", "жүргіземін".
Дефинициясы1. Акведук – бұл су көздерінен елді мекендерге, суару жүйелеріне немесе өнеркәсіп орындарына су жеткізуге арналған көпір тәрізді су өткізгіш құрылыс.
2. Этимологиясы: акведук (лат. aqua, duco) – "су", "жүргіземін".
3. Өзбек: su kemeri
4. Түрік: su kemeri
5. Ағылшын: aqueduct
6. Неміс: аquädukt
7. Бекітілген нұсқасы: тарнау (су шар.) (2005), сужетек науасы (2021)
8. Қолдану саласы: Ауыл шаруашылығы, Биология, Су шаруашылығы, Экология
9. Заңнамадағы қолданысы: 1) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Өкімі 1999 жылғы 22 қаңтар N 4а-ө. ... 2506 Гидравликалық машиналар, сужетектер және су пневмо ...
2) Жылжымайтын мүлік объектілерін мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау жөніндегі нұсқаулығын бекіту туралы бұйрық. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы № 367 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 9 маусымда № 32746 болып тіркелді. ...Осы Нұсқаулықта мынандай терминдер пайдаланылады: 1) акведук... .
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 2 маусым N 698. ... Гидравликалық машиналар, 15 сужетектер және су пневмоавтоматикасы ... .
4) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы № 543 Бұйрығы. ... (қоғамдық ғимараттар, акведуктер) ...
5) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2017 жылғы 6 қаңтардағы № 2 бұйрығы. ...(сифонды құдықтар, акведуктар, дюкерлер, сарқырамалар және су шығаратын құрылыстар)...
10. Ұсыныстар: көрсетілген сөздің анықтамасы мен қолданысын зерделей келе, сөздің жаңалығы мен ақпараттылығын негізге ала отырып "сужетек" нұсқасын бекітуді ұсынамыз.
0
14.акклиматизацияжерсіну, бейімделу, көндігу, жерсіндіру (1971)
акклиматизация
жерсіну, бейімделу, көндігу, жерсіндіру (1971)
Ихтиология саласы терминдеріакклиматизация (лат. Ad+ грек, klima) – «жақындау», «бағытталу», «бейімделу» +«еңістік»
Дефинициясы1. Акклиматизация – бұл организмнің жаңа, үйреншікті емес климаттық-географиялық жағдайларға бейімделу (үйренісу) процесі.
2. Этимологиясы: акклиматизация (лат. Ad+ грек, klima) – «жақындау», «бағытталу», «бейімделу» +«еңістік»
3. Өзбек: iqlimlashish
4. Түрік: iklimlendirme
5. Ағылшын: acclimatization
6. Неміс: аkklimatisierung
7. Бекітілген нұсқасы: жерсіндіру (биол.) (1971), жануарларды жерсіндіру (2021), таулы аймаққа жерсіндіру (2022)
8. Қолдану саласы: Ауыл шаруашылығы, Биология, Су шаруашылығы, Экология
9. Заңнамадағы қолданысы: 1) Қазақстан Республикасының Заңы 2004 жылғы 9 шілдедегі № 593-II (Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы). ... Су қоймаларының биологиялық өнімділігін арттыру мақсатында сырттан әкелінген және жаңа ортаға толық бейімделген жерсіндірілген балық түрлері (ақ амур, дөңмаңдай, көксерке және басқалары) тұрақты мемлекеттік мониторингтен өткізілуі тиіс ...
2) Қазақстан Республикасының Заңы 2023 жылғы 2 қаңтардағы № 183-VII ҚРЗ. ...өсімдіктерді жерсіндіру – өсудің барлық даму сатысынан өтетін және өніп кете алатын тұқым беретін жаңа немесе өзгерген жағдайларына өсімдіктердің бейімделуі ...
3) Қазақстан Республикасының Кодексі 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ (Экологиялық кодексі). ... Табиғи су айдындарына жаңадан әкелінген жерсіндірілген балық түрлерінің таралуы мен олардың жергілікті фаунаға әсері алдын ала ғылыми негіздемеден және экологиялық сараптамадан өтуі тиіс ...
4) Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2023 жылғы 20 наурыздағы № 92 бұйрығы. ... акклиматизациялауға және будандастыруға ...
5) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2024 жылғы 12 ақпандағы № 55 бұйрығы. ... акклиматизация – жануарлар мен өсімдіктердің жаңа тіршілік жағдайларына бейімделуі ...
10. Ұсыныстар: сөздің қолданысы мен берілген анықтаманы негізге ала отырып "жерсіндіру" нұсқасын бекітуді ұсынамыз.
0
15.акклиматизированные виды рыбжерсіндірілген балық түрлері
акклиматизированные виды рыб
жерсіндірілген балық түрлері
Ихтиология саласы терминдеріакклиматизация (лат. аd+ грек, klima) — «жақындау», «бағытталу», «бейімделу» +«еңістік»
Дефинициясы1. Жерсіндірілген балық түрлері — бұл адамның тікелей көмегімен немесе кездейсоқ жағдайлармен өздерінің табиғи мекендеу ортасынан басқа, жаңа су қоймаларына ауыстырылып, сол жердің табиғи жағдайына бейімделіп кеткен балықтар.
2. Этимологиясы: акклиматизация (лат. аd+ грек, klima) — «жақындау», «бағытталу», «бейімделу» +«еңістік»
3. Өзбек: iqlimlashtirilgan baliq turlari
4. Түрік: iklime alışmış balık türleri
5. Ағылшын: acclimatized fish species
6. Неміс: akklimatisierte fischarten
7. Бекітілген нұсқасы: жерсіндіру (биол.) (1971), жануарларды жерсіндіру (2021), таулы аймаққа жерсіндіру (2022)
8. Қолдану саласы: Ауыл шаруашылығы, Биология, Су шаруашылығы, Экология
9. Заңнамадағы қолданысы: 1) Қазақстан Республикасының Заңы 2004 жылғы 9 шілдедегі № 593-II (Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы). ... Су қоймаларының биологиялық өнімділігін арттыру мақсатында сырттан әкелінген және жаңа ортаға толық бейімделген жерсіндірілген балық түрлері (ақ амур, дөңмаңдай, көксерке және басқалары) тұрақты мемлекеттік мониторингтен өткізілуі тиіс ...
2) Қазақстан Республикасының Заңы 2023 жылғы 2 қаңтардағы № 183-VII ҚРЗ. ...өсімдіктерді жерсіндіру – өсудің барлық даму сатысынан өтетін және өніп кете алатын тұқым беретін жаңа немесе өзгерген жағдайларына өсімдіктердің бейімделуі ...
3) Қазақстан Республикасының Кодексі 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ (Экологиялық кодексі). ... Табиғи су айдындарына жаңадан әкелінген жерсіндірілген балық түрлерінің таралуы мен олардың жергілікті фаунаға әсері алдын ала ғылыми негіздемеден және экологиялық сараптамадан өтуі тиіс ...
4) Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2023 жылғы 20 наурыздағы № 92 бұйрығы. ... акклиматизациялауға және будандастыруға ...
5) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2258 Қаулысы ... Балықтардың түрлері ...
10. Ұсыныстар: берілген анықтама мен заңнамалық құжаттардағы қолданысын ескере келе "жерсіндірілген балық түрлері" нұсқасын бекітуді ұсынамыз.
0
Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.
Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.