Бұл термин «электроника, радиотехника және байланыс» саласына тиесілі. Аталған термин дефинициясына қарасақ, «ударная розетка» – электр құралдарын, әсіресе соққы, жоғары қуат немесе діріл құрылғыларын қосуға арналған рәзеткінің арнайы түрі. Яғни, Толығырақ ...бұл рәзеткі түрі ауыр соққы қабылдайды және ауыр соққыны өзіне тартады. Термин қазіргі таңда Терминология комиссиясымен бекітілмеген. Дегенмен, «ударная» сөзі басқа терминдер құрамында болып, «соққы» (2016), «соққы беретін» (2021), «соққылаушы» (2020) түрінде бекітіліп, әртүрлі салаларда қолданылып келеді.
«Розетка» термині де бекітілмеген. Аталған термин «электроника, радиотехника және байланыс», «сәулет және құрылыс» салаларында «розетка» күйінде қолданылады.
А. Байтұрсынұлының терминжасам қағидаттарына сүйене отырып, кірме терминдерді қазақ тілінің табиғатына сәйкес өзгертуді ұсынамыз. Нақтырақ айтсақ: «ударная розетка» терминінің қазақша баламасы ретінде «соққы қабылдаушы рәзеткі» немесе «тартпалы рәзеткі» терминдерін қолдануға болады. Дегенмен, терминнің нақты баламасын анықтау және ғалымдардың сараптамасынан өткізу үшін осы және басқа да сұрақ тудырып жүрген терминдерді Комиссия отырысына ұсына аласыз. Сіздің ойыңызша, бұл терминнің қай баламасы мазмұнын толық ашады?
Сұрағыңыз үшін Сізге алғыс айтамыз!
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырмасы бойынша Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы әзірледі.
Бұл термин «электроника, радиотехника және байланыс» саласына тиесілі. Аталған термин дефинициясына қарасақ, «ударная розетка» – электр құралдарын, әсіресе соққы, жоғары қуат немесе діріл құрылғыларын қосуға арналған рәзеткінің арнайы түрі. Яғни, Толығырақ ...бұл рәзеткі түрі ауыр соққы қабылдайды және ауыр соққыны өзіне тартады. Термин қазіргі таңда Терминология комиссиясымен бекітілмеген. Дегенмен, «ударная» сөзі басқа терминдер құрамында болып, «соққы» (2016), «соққы беретін» (2021), «соққылаушы» (2020) түрінде бекітіліп, әртүрлі салаларда қолданылып келеді.
«Розетка» термині де бекітілмеген. Аталған термин «электроника, радиотехника және байланыс», «сәулет және құрылыс» салаларында «розетка» күйінде қолданылады.
А. Байтұрсынұлының терминжасам қағидаттарына сүйене отырып, кірме терминдерді қазақ тілінің табиғатына сәйкес өзгертуді ұсынамыз. Нақтырақ айтсақ: «ударная розетка» терминінің қазақша баламасы ретінде «соққы қабылдаушы рәзеткі» немесе «тартпалы рәзеткі» терминдерін қолдануға болады. Дегенмен, терминнің нақты баламасын анықтау және ғалымдардың сараптамасынан өткізу үшін осы және басқа да сұрақ тудырып жүрген терминдерді Комиссия отырысына ұсына аласыз. Сіздің ойыңызша, бұл терминнің қай баламасы мазмұнын толық ашады?
Сұрағыңыз үшін Сізге алғыс айтамыз!
Ударная розетка - соққыш розетка