"
«Пожарное одеялоны" қазақша "Өрттен қорғайтын/өртке қарсы көрпе" деген аудармасын жай "Отжапқыш" не "Отжапқы" деп ауыстырсақ қалай?

Әдеттегі көз алдына елестететін "көрпе" емес қой бұл шынында, ағылшын тіліндегі "Blanket» - жабықты, бітеуді, тұмшалауды білдіреді. Рақмет!
Қарлығаш Жастілекқызы Тункинова, Abdikarim, Құлманов Сәрсенбай Қуантайұлы
  • "Отжапқы" терминін қолдаймын. Ұсынысыңызды дәлелдеп, Тіл саясаты комитетіне хат жолдасаңыз болады немесе жыл аяғында Алаңда жазылған пікірлерді жинап, Комитетке біз ұсынысхат жібере аламыз.

  • Мендигереев Азамат 3 жыл бұрын

    Пікіріңізге рақмет! Қабылданса, барлығымызға техникалық терминдерімізді бір "сілкіп" алғанымыз дұрыс болар еді....

  • "Отжапқы" сөзінде терминге тән белгілер бар. Ықшамдылық, қысқалық, дәлдік тәрізді. Ұсынысты қолдауға болады.

Басқа пікірлерді көрсету

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Все пользователи

Attention! To leave a message, please sign in.