Алаң
Мақалалар
Кітаптар
Библиография



Тағамның орыс тіліндегі атауы «Манты с резаным мясом», осы терминді қазақ тілінде «Туралған еттен жасалған манты» деп атау туралы ұсынысыңызды қолдаймын, сонымен қатар «Туралған ет қосылған манты» десе де болады.


Пікіріңізбен келісемін. Омлет – жұмыртқаны сүтпен араластыру арқылы жасалған уыздық (қуырған жұмыртқа). Қазақ тілінің кірме сөздер сөздігі / Құрастырғандар: Ш. Құрманбайұлы, С.Исақова, Б.Мизамхан және т.б. Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық Толығырақ ...қоры, 2019. – 596 б.
Алайда «Уыздық» сөзінің бірнеше мағынасы бар екендігін ескерген жөн:
1) Ананың уыз сүті. Б.Қалиев, Ж.Түймебаев, Ш. Құрманбайұлы, С.Исакова. "Мұқағали тілі" сөздігі. – Алматы, 2017
2) Мал жейтін шөп. Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. 14-том./Құраст.: М.Малмақов, Қ.Есенова, Б.Хинаят және т.б. – Алматы, 2011. - 800 б.
3) Жұмыртқаны қуыру арқылы жасалған тағам. Б.Қалиев. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. Алматы, 2014. - 728 б.
4) Уызға тоюшылық. Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. 14-том./Құраст.: М.Малмақов, Қ.Есенова, Б.Хинаят және т.б. – Алматы, 2011. - 800 б.

Уыздық - нелог/жаңа жасанды сөз екен. Бұрын-соңды кездестірмедім, бірақ түсіндірме сөздікке кірсе де бұл сөз қолданыста жоқ. Шамасы, қолданымға қолайсыз, сіңімсіз болғандықтан болуы керек. Шындығында уыз сөзінен туындатып уыздық дегенде Толығырақ ...қуырылған жұмыртқа мүлдем басқа тағам болып кетеді. Уыздық деген тағам болса, уызға бірдеңе қосып пісірпген басқа тағамның атауы ретіндле қабылданады. Бұны кім ұсынса да өте гастроним

"Уыздық" сөзін, егер жаңылыспасам, И.Жарылғапов "яичница" сөзінің баламасы ретінде ұсынған болатын.
Дұрыс!