Қазақ терминжасамының негізгі әдіс-тәсілдері
Book author: Редакция алқасы: Б. Иісбекұлы, Л. Есбосын, Ж. Искакова, А. Қожахмет, Б. Ысқақ, О. Махсуд, М. Шәкенова. Жауапты редактор: Н. Әбдікәрім
Book information: «Қазақ терминжасамының негізгі әдіс-тәсілдері» республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдарының жинағы
Жылы: 2026
ISBN: 978-601-7614-54-6
«Қазақ терминжасамының негізгі әдіс-тәсілдері» республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдарының жинағы.
Конференция жинағында қазақ терминжасамының дәстүрлі және қазіргі әдіс-тәсілдері, түркі халықтарының терминдерді игеру тәжірибесі, терминді аудару, ұлт тіліне бейімдеу жолдары, терминдерді біріздендіру мен стандарттау, салалық терминологияның даму ерекшеліктері және цифрлық терминология тәрізді мәселелер қамтылған.
Баспаға «Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» КеАҚ Ғылыми кеңесі (№8 хаттама, 2026 жылғы 5 қазан) ұсынған. – Павлодар, ТОО «Дом печати», 2026. – 246 бет.