Қазақ тіліндегі лексикалық жаңалықтардың ассоциативтік тезаурусы
Кітап авторы: Алдашева К.С., Иманқұлова М.А., Набидуллин А.С.
Кітап жайлы мәлімет: – Алматы: ЖК «Жылдам полиграфия
орталығы», 2022. – 159 б.
Жылы: 2022
ISBN: 978‐601‐266‐562‐8
Тезаурус ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің 2020‐2022 жылдарға арналған ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру бағдарламасы шеңберінде М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде орындалған AP08855684 «Қазақыландырылған лексикалық жаңалықтардың менталды лексиконда шоғырлануының синергетикасы: пәнаралық модельдеудің әдіснамалық платформасы» деп аталатын жоба нəтижелерін қорытындылауға бағытталған. Тезаурус материалдары – қазіргі қазақ тілінің лексикалық толығу мүмкіндігін бағалауға, қазақыландырылған лексикалық жаңалықтардың ауызша және жазба коммуникациядағы белсенділігін байқауға, тіл иелерінің менталды лексиконындағы позициясын, ассоциативтік‐вербалды желісін, семантикалық байланыстарын анықтауға, сондай‐ақ лексикалық жаңалықтың тіл жүйесіндегі қазіргі және алдағы жай‐күйін болжауға мүмкіндік беретін лингвистикалық өлшемдер.
Еңбек тілтаным саласының мамандарына, магистранттар мен докторанттарға, жоғары оқу орындарының студенттеріне, сондай‐ақ қазіргі қазақ тілінің жай‐күйіне қызығушылық білдіретін жұртшылық өкілдеріне арналады.