Тіл синергетикасы және лексикалық жаңалықтар: монография

Кітап авторы: Алдашева К.С.
Кітап жайлы мәлімет: – Алматы: ЖК «Жылдам полиграфия орталығы», 2022. – 248 б.
Жылы: 2022
ISBN: 9786012665635
Ғылыми монография ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің 2020‐2022 жылдарға арналған ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру бағдарламасы шеңберінде М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде орындалған AP08855684 «Қазақыландырылған лексикалық жаңалықтардың менталды лексиконда шоғырлануының синергетикасы: пәнаралық модельдеудің әдіснамалық платформасы» деп аталатын жоба нəтижелерін қорытындылауға бағытталған. Тіл синергетикасы – ұлттық тілдің эволюциясын, дамуын, ашық сипатын, ондағы динамикалық үдерістерді талдаудың және модельдеудің әдіснамалық платформасы. Тіл жүйесінде қазақыландырылған лексикалық жаңалықтардың пайда болуы ұлт тілінің өміршеңдігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, қазақ тілінің динамикалық әлеуетін танытатын күрделі үдеріс ретінде бағаланады.


Еңбек тілтаным саласының мамандарына, магистранттар мен докторанттарға, жоғары оқу орындарының студенттеріне, сондай‐ақ қазіргі қазақ тілінің жай‐күйіне қызығушылық білдіретін жұртшылық өкілдеріне арналады.