Терминология мәселелері 2-том
Book author: Ш. Құрманбайұлы, Е. Әбдірәсілов, Ә. Әміров
Book information: XX ғасырдың отызыншы жылдарынан бастап қазақ терминологиясы дамуының жаңа кезеңі басталды. Бұл кезеңді қамтитын 60 жылдай уақыт ішінде терминнің, терминологияның түрлі мәселелеріне арналған көптеген ғылыми және ғылыми-көпшілік мақалалар жарық көрді. Әр жылдары түрлі басылымдарда жарияланған ондай еңбектерді зерттеушілердің, аспиранттар мен магистранттардың, студенттердің табуы оңайға түсе бермейді. Сондықтан қазақ терминологиясы дамуының тұтас бір кезеңіне қатысты жарияланымдар жинақталып беріліп отыр. Жинақта қамтылған мақалалар хронологиялық тәртіпке бағындырылған.
Жылы: 2006
ISBN: 9965-9904-0-9
Бұл еңбек тілші ғалымдардың, терминология тарихын зерттеушілердің, терминтанушылар мен терминологтардың, терминографтардың, тіл мәселесі қызықтыратын көпшілік қауымның қажетіне жаратуы үшін шығарылып отыр. Жинақты жоғары оқу орындары филология факультеттерінің студенттеріне терминология бойынша жүргізілетін курстарға қосымша құрал, хрестоматия ретінде де пайдалануға болады.