Нормативтік құқықтық актілерде қолданылатын терминдер мен сөз тіркестерінің БІРЫҢҒАЙ СӨЗДІГІ

Кітап авторы: А.Қ.Жұмағали, Г.М.Мұқан, М.Е.Оспаналы, С.Қ.Ыдырыс, Н.Сәулен, А.А.Шокаева, А.А.Нургалиева, Б.М.Искаков, А.Р.Енсебаева, А.К.Ибрайханова, А.К.Кадирхан
Кітап жайлы мәлімет: Нормативтік құқықтық актілерде қолданылатын терминдер мен сөз тіркестерінің бірыңғай сөздігі Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде («adilet.zan.kz») әртүрлі қолданылып жүрген, терминдік мәні ашылмаған, қазақша қате аударылған терминдер мен сөз тіркестерін ретке келтіру, біріздендіру мақсатында әзірленді.
ISBN: 978-601-7504-99-1
Бірыңғай сөздікте заң, экономика салалары мен ісқағазын жүргізуде қолданылатын терминдер мен сөз тіркестері қамтылды. Сөздік заң және экономика саласының қызметкерлеріне, аудармашыларға, мемлекеттік қызметшілерге, ЖОО білім алушылары мен оқытушыларына, зерттеушілерге, сондай-ақ жалпы оқырман қауымға арналған.