Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Сарапшы мамандар

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық терминология комиссиясының III-отырысында қаралатын терминдер

МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР САЛАСЫНЫҢ ТЕРМИНДЕРІНЕ ЖАСАЛҒАН ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ САРАПТАМА ҚОРЫТЫНДЫСЫ
#Орысша нұсқасыҚазақша нұсқасыРейтинг
1.«галле» стекло  «галле» шынысы
«галле» стекло 
«галле» шынысы
СаласыМәдениет және өнер
Этимологиясы1. Галлешынысы. Эмиль Галле (1846-1904) атты француз дизайнерінің есіміменбайланысты безендендірілген, әдемі суреттер салынған шыны түрі. 2. Әзербайжан: Şüşə Galle3. Қырғыз: Галле айнеги4. Өзбек: Galle shisha5. Түрік: Hallecam 6. Ағылшын: Galle Glass7. Испан: Cristal DeGalle8. Неміс: Galle Glas9. Француз: Galle Glass10. Бекітілген нұсқасы: 11. Заңнамадағықолданысы: 12. «галле» стекло – «галле» шынысы
Дефинициясы
Рейтинг
+10
2.«галльский дух»  «галлдықжан» галл рухыгалдық рух
«галльский дух» 
«галлдықжан» галл рухыгалдық рух
СаласыМәдениет және өнер
Этимологиясы1. Галлдық жан2. Әзербайжан: Gal ruhu3. Қырғыз: Галл руху4. Өзбек: Gali ruh5. Түрік: Gali ruhu6. Ағылшын: Gali spirit7. Испан: Espíritu deGali8. Неміс: Gali Geist9. Француз: Gali esprit10. Бекітілген нұсқасы: 11. Заңнамадағықолданысы: 12. «галльскийдух» – «галлдық жан»
Дефинициясы
Рейтинг
+5
3.гамма римского-корсаковаримский-корсаков гаммасы
гамма римского-корсакова
римский-корсаков гаммасы
СаласыМәдениет және өнер
Этимологиясы1. Римский-корсаков гаммасы. НиколайАндреевич Римский-Корсаков (1844-1908) Ресей композиторы, дирижер. Римский-Корсаковтыңесімімен байланысты гамма, – ретімен орналасқан музыка әуендерінің қатары,тон-жартылай тон.  2. Әзербайжан:Rimski-Korsakovun qamması3. Қырғыз:  Римский-корсаковгаммасы4. Өзбек: Rim-Korsakovgammasi5. Түрік: Rimsky-Korsakov gaması6. Ағылшын: Rimsky-Korsakovscale7. Испан: Escala deRimsky-Korsakov8. Неміс:Rimsky-Korsakow-Skala9. Француз: Échelle deRimsky-Korsakov10. Бекітілген нұсқасы: 11.Заңнамадағықолданысы: 12. гаммаримского-корсакова – римский-корсаков гаммасы
Дефинициясы
Рейтинг
+7
4.«гамма черномора»«черномор гаммасы»
«гамма черномора»
«черномор гаммасы»
СаласыМәдениет және өнер
Этимологиясы1. Черномор гаммасы. Музыкалықтермин. Баспалдақтары тұтас тондардың бірізділігін құрайтын дыбыс, гамма.Кейде «целотондық гамма» деп аталады.  2. Әзербайжан: Çernomorqamması 3. Қырғыз: Черномиоргаммасы4. Өзбек: Chernomor gammasi5. Түрік: Tüm ton ölçeği6. Ағылшын: Whole tonescale7. Испан: Escala de tonocompleta8. Неміс: Ganze Tonskala9. Француз: Toute l`échellede ton10. Бекітілген нұсқасы: 11. Заңнамадағықолданысы:12. гаммачерномора – черномор гаммасы
Дефинициясы
Рейтинг
+7
5.Гардский мост Гард көпірі
Гардский мост
Гард көпірі
СаласыМәдениет және өнер
Этимологиясы1. Гард көпірі – негізгіатауы «Пон-дю-Гар» (фр. Pont du Gard, – «Гар арқылы көпір») - ең жақсысақталған ежелгі Рим акведуктары. Францияның Гар деген жерінде орналасқан,көпір Гардон (бұрыңғы Гар) өзені арқылы өтеді. Ұзындығы 275 метр, биіктігі 47метр. 1985 жылдан бастап ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұрасы болып саналады. 2. Әзербайжан: Qard körpüsü 3. Қырғыз: Гард көпүрө4. Өзбек: Gard ko`prigi5. Түрік: Pont du Gard6. Ағылшын: Pont du Gard7. Испан: Puente del Gard8. Неміс: Pont du Gard9. Француз: Pont du Gard10. Бекітілген нұсқасы: 11. Заңнамадағықолданысы: 12. Гардскиймост – Гард көпірі
Дефинициясы
Рейтинг
+7
6.Гармодий и Аристогитон» Гармодий мен Аристогитон
Гармодий и Аристогитон»
Гармодий мен Аристогитон
СаласыМәдениет және өнер
Этимологиясы1. Гармодий мен Аристогитон (көнегрек. Ἁρμόδιος και Ἀριστογείτων; Афины – 514 б.з.д) тиранға қарсыкүресушілер, азат етушілер. Б.з.д. 514 жылы ағайынды-тирандар Гиппия менГиппархқа қарсы күрескен ежелгі грек Афина қаһармандары. Күрес нәтижесіндеГипархты өлтіріп, өздері қаза тапты. Тиранияны құлатқаннан кейін Гармодий менАристогитон тиранияға қарсы күрестің маңызды фигураларына айналды. Оларұлттық батырлар және еркін мемлекеттің негізін қалаушылар болып құрметтелді,олардың құрметіне культтар орнатылды, әндер шырқалды, олардың ұрпақтарысалықтан босатылды. XII ғасырдан бастап, әсіресе XVI ғасырда Еуропадаабсолюттікпен күрес және конституционализмнің қалыптасуы аясында «Тиранғақарсы күрес» теориясы дамыды. Грек кейіпкерлері Гармодий мен Аристогитонканондық образдарға айналды. 2. Әзербайжан: Garmodium vəAristogiton3. Қырғыз: Гармодий жанаАристогитон4. Өзбек: Harmodius vaAristogeiton5. Түрік: Tiran katilleri6. Ағылшын: Harmodius andAristogeiton7. Испан: Harmodius ogAristogeiton8. Неміс: Tyrannenmörder9. Француз: Harmodius etAristogeiton10. Бекітілген нұсқасы: 11. Заңнамадағықолданысы: 12. Гармодий иаристогитон – Гармодий мен Аристогитон
Дефинициясы
Рейтинг
+6
7.Гауди стиль Гауди стилі
Гауди стиль
Гауди стилі
СаласыМәдениет және өнер
Этимологиясы1. Гауди стилі – Каталонсәулетшісі (Испания) Анто́ни Пла́сид Гильéм Гауди́-и-Корне́ттің (1852-1926)қалыптастырған сәулет стилі. 2. Әзербайжан: Gaudi Stil3. Қырғыз: Гауди Стили4. Өзбек: Gaudi Uslubi5. Түрік: Gaudi Tarzı6. Ағылшын: Gaudi Style7. Испан: Gaudí Estilo8. Неміс: Gaudi-Stil9. Француз: Le Style DeGaudi10. Бекітілген нұсқасы:-11. Заңнамадағықолданысы: - 12. Гауди стиль – Гаудистилі
Дефинициясы
Рейтинг
+8
8.Гвельфов сокровища Гвельфтер қазынасы»
Гвельфов сокровища
Гвельфтер қазынасы»
СаласыМәдениет және өнер
Этимологиясы1. Гвельфтер қазынасы (неміс:Welfenschatz) – ортағасырлық шіркеу өнерінің коллекциясы. Бастапқы кездеГерманияның Брауншвейгеқаласының соборында орналастырылған еді. Көптеген нысан XVII ғасырдасобордан алынып, 1930 жылдары әр жаққа таратылып кетті. 2. Әзербайжан: Guelfa Xəzinəsi3. Қырғыз: Гвельфтерқазынасы4. Өзбек: Guelph Xazina5. Түрік: Guelph Hazine6. Ағылшын: Guelph Treasure7. Испан: El Tesoro DeGuelph8. Неміс: Welfenschatz9. Француз: Le Trésor DeGuelph10. Бекітілген нұсқасы:-11.Заңнамадағықолданысы: - 12. Гвельфовсокровища – Гвельфтер қазынасы
Дефинициясы
Рейтинг
+7
9.Гебальский стиль  Гебаль стилі
Гебальский стиль 
Гебаль стилі
СаласыМәдениет және өнер
Этимологиясы1. Гебаль стилі (Библ,Гебал (Губл) (финик. gebal; грек.Βύβλος, Byblos) – Ежелгі Финикий қаласы. Жерорта теңізінің жағалауындаорналасқан. Ливанның қазіргі астанасы Бейрутан 32 км қашықтықта болған ежелшіқала атауы. Қазіргі уақытта ежелгі Гебал/Библ орнында Джебейль (Джубейль)қаласы орналасқан. Гебаль стилі «ежелгі Гебаль қаласының стилі» дегендіаңғартады.   2. Әзербайжан: Qəbələ stili3. Қырғыз: Гебаль стили4. Өзбек: Gebalikuslubi5. Түрік: Gebal tarzı6. Ағылшын: Gebal style7. Испан: Estilo Gebal8. Неміс: Gebali Stil9. Француз: Style gebal10. Бекітілген нұсқасы:-11.Заңнамадағы қолданысы: - 12. Гебальский стиль–Гебальстилі
Дефинициясы
Рейтинг
+5
10.«гелиопольская эннеада» богов «гелиопольдық тоғыздық» құдайлары Гелиополь құдайлары
«гелиопольская эннеада» богов
«гелиопольдық тоғыздық» құдайлары Гелиополь құдайлары
СаласыМәдениет және өнер
Этимологиясы1. Гелиопольдықтоғыздық құдайлары – Эннеада (грек. Ἐννεάς – «тоғыздық»),сондай-ақ Ұлы эннеада немесе Гелиополь пантеоны деп аталып жүр. ЕжелгіМысырдағы ең басты тоғыз құдай. Бастапқыда Гелиополь қаласында пайда болған. 2. Әзербайжан: Enneadatanrıları 3. Қырғыз: Эннеада4. Өзбек: Enneada5. Түрік: Enneada6. Ағылшын: Ennead7. Испан: Enéada8. Неміс: Neunheit vonHeliopolis9. Француз: Ennéade10. Бекітілген нұсқасы:-11. Заңнамадағықолданысы: - 12. Гелиопольская эннеада богов –гелиопольдық тоғыздық құдайлары
Дефинициясы
Рейтинг
+7
11.Генуи звезда Генуи жұлдызы Генуя жұлдызы
Генуи звезда
Генуи жұлдызы Генуя жұлдызы
СаласыМәдениет және өнер
Этимологиясы1. Генуи жұлдызы (Генуя(итал. Genova – Италиядағы қала, Лигурия әкімшілік аймағына қарасты Генуяпровинциясында орналасқан) – жылы жерде өсетін, жылдам пісетінжасыл түсті райхан (базилик) сорты.  2. Әзербайжан: Genuya ulduz3. Қырғыз: Генуи жылдызы4. Өзбек: Genuya yulduz5. Түрік: Cenova yıldız6. Ағылшын: Genoa star7. Испан: Estrella deGénova8. Неміс: Genua Stern9. Француз: Gênes étoiles10. Бекітілген нұсқасы:-11. Заңнамадағықолданысы: - 12. генуизвезда  – генуи жұлдызы
Дефинициясы
Рейтинг
+7
12.Геракловы столбыГераклдер бағаны
Геракловы столбы
Гераклдер бағаны
СаласыМәдениет және өнер
ЭтимологиясыГераклдер бағаны (Геркулестербағаны), (лат. Columnae Herculis) – Гибралтар бұғазына кіруді шектейтінбиіктіктерді белгілеу үшін қолданылған антикалық атау. Солтүстік жартас (Еуропа жағынан) – Гибралтаржартасы (Ұлыбритания иелігінде орналасқан Гибралтар), ал оңтүстік бағанретінде (Солтүстік Африка жағынан) Мароккодағы Джебель-Муса тауы немесеСеутаның жанында орналасқан Абила тауы.2. Әзербайжан: Heraclessütunları3. Қырғыз: Геракл устуну4. Өзбек: Herkulustunlari5. Түрік: Herkül sütünleri6. Ағылшын: Pillars ofHercules7. Испан: Columnas deHércules8. Неміс: Säulen desHerakles9. Француз: Colonnesd`Hercule10. Бекітілген нұсқасы:-11. Заңнамадағықолданысы: - 12. Геракловы столбы – Гераклдер бағаны
Дефинициясы
Рейтинг
+8
13.горлица    горлица
горлица    
горлица
СаласыМәдениет және өнер
ЭтимологиясыГорлица (лат.Streptopelia, көне грек. στρεπτο- +πέλεια «әшекей тағынған көгершін») –көгершін тектес құс түрі.2. Әзербайжан: Qurqur3. Қырғыз: Бактектер4. Өзбек: Gʻurraklar5. Түрік: Kaplumbağagüvercin6. Ағылшын: Streptopelia7. Испан: Streptopelia8. Неміс: Turteltauben9. Француз: Streptopelia10. Бекітілген нұсқасы:-11. Заңнамадағықолданысы: - 12. горлица – горлица
Дефинициясы
Рейтинг
+5
14.габа, габардингаба, габардин
габа, габардин
габа, габардин
СаласыМәдениет және өнер
ЭтимологиясыГабардин (исп.gabardina)– су өткізбейтін пальто мен костюм тігуге арналған арналған мата түрі. 2. Әзербайжан: Qabardin3. Қырғыз: Габардин4. Өзбек: Gabardin5. Түрік: Gabardin6. Ағылшын: Gabardine7. Испан: Gabardina(tejido)8. Неміс: Gabardine9. Француз: Gabardine10. Бекітілген нұсқасы:-11. Заңнамадағықолданысы: - 12. габа, габардин – габа, габардин
Дефинициясы
Рейтинг
+6
15.габброгаббро
габбро
габбро
СаласыМәдениет және өнер
ЭтимологиясыГаббро (итал. gabbro)– интрузиялық толықкристалды магмалық тау жынысы; терең қабаттарда жататын магмалықтау жынысы. 2. Әзербайжан: Qabbro3. Қырғыз: Габбро4. Өзбек: Gabbro5. Түрік: Gabro6. Ағылшын: Gabbro7. Испан: Gabro8. Неміс: Gabbro9. Француз: Gabbro10. Бекітілген нұсқасы:-11. Заңнамадағықолданысы: - 12. габбро – габбро
Дефинициясы
Рейтинг
+7
Аркалык Тилдер, Әскербек Әбдіғалиев, Abjanova Gúlbahira және 4
  • "Галантный стиль - сырбаздық стиль" делінген. Ал, "Галантность" сөзінің өзінің аудармасында "сырбаздық" деген мүлдем жоқ - наздылық, сыпайылық, ізеттілік, әдептілік. Онда, логика бойынша, "наздылық стиль, сыпайылық стиль, ізеттілік стиль, әдептілік Толығырақ ...стиль" - дердің бірі болуы керек қой?

  • Омашұлы Дәуітәлі 2 ай бұрын

    "гелиопольдық тоғыздық" құдайлары деген баламасын қолдаймын

  • Madi Aiymbetov 2 ай бұрын

    галл рухы - дұрыс

Басқа пікірлерді көрсету

2015 ж. 2017 ж. шыққан сөздіктер.
ТЕРМИНОЛОГИЯНЫ ДАМЫТУ ТЕТІГІ

Тіліміздің дамуындағы өзекті мәселені термин жайы алып отыр. Терминді қазақшалау лексикалық қорды байыту ғана емес, ең әуелі тілдің ғылыми саласын дамыту көрінісі болып табылады. Сол себепті, тілдің қаншалықты Толығырақ ...лексикалық қоры бай болса да, оның терминдік жұтаңдыққа тап болуы заңды да. Терминологияны дамытуға сөздерді «құлағынан тізіп терминге айналдырудың» қатысы жоқ, ол ең әуелі сәйкес ғылыми саланың дамуына тәуелді жайт.
Басқаша айтқанда, терминология - белгілі бір ғылыми ойлау жүйесінің даму нәтижесі. Егер де ғылыми салалар қазақ тілді ғалымдармен қамтылмаса, ал олардың жұмысы өз тіліндегі ғылымды дамытуды қамтымаса, сол саладағы терминология да тоқырайды. Сондықтан терминология саласын біржақты Мемтерминкоммен шешу мәселені жартылай және жасанды жолмен ғана қарастыру болмақ.
Сайып келгенде, қазақтілді терминология қазақтілді сәйкес ғылыми салалардың дамуына бірден бір тәуелді объект, сол салаға сәйкес қазақтілді ғылыми орта нығаймай, оның тілін ортасыз дамыту жасандылыққа душар етіп, одан ештеңе шықпайтынына назар аударатын уақыт келді. Біздің кәзіргі терминологияның жайы да осымен шамалас ахуалды бастан кешіп отырғаны жасырын емес. Терминология саласындағы мәселелер шешілуден гөрі кейбір күрмеулі сипатқа ие болып отырғаны да сондықтан. Бұл – бір мәселеден өзге мәселенің туындап отырғанының айғағы. Енді туынды мәселелерді санамалап көрейік.
Бірінші. Қоғамдық ортаның талқылауында термин мен жаңа ұғымдар, сөз тіркестері мен лексикалық бірліктердің әуесқойлық форматта қаралуында. Терминнің өзі - ең әуелі ғылыми тілдік нысан. Ендеше, оны қарастыратын да, қолданатын да, тіпті дамытатын да ғылыми субъект болуы керек еді. Бұл мәселені шешуден біздің ғылым субъектлері аласталған секілді енжар немесе олардың дауысы ескерілмейді және оларға қазақтілді терминологияны дамыту міндеті толық жүктелмеген болмаса ғылыми лингвистикалық бастаманы алға бастыратын тетік жоқтықтан осындай халды кешіп отырмыз. Ғылыми кеңестердің терминмен айналысу мүмкіндігі мен әлеуеті қарастырылмаған. Содан келіп, бұл күрделі мәселе ғалымдар мен сарапшылардың емес, қарапайым тіл жанашырларының, отаншылдардың оъектісіне айналған.
Өз кезегінде әлгі термин тудырушы «жанашыр топ» қазақтілді термин мен неологизмді қоздатып, терминологияны ұшқары көріністерге ұрындыруда. Сала мамандарының міндетіне қол сұққан әуесқой лингвистер мен тіл жанашырлары аталмыш салалық терминологияға пайдасынан гөрі, қолданымы жарамсыз жасанды «неологизмдерді» балалатып, залалын келтіруде. Ал, бұл жайт аталмыш сала бойынша білім негіздерін қазақ тілінде оқып сіңіруді ауырлатып, білім тұтынушы жастарды қазақтілді білім көздерінен шошытумен бірге қашыруда. Олар амалсыз түрде орыстілді білім көздеріне жүгініп, нәтижесінде қазақ тіліндегі тұрмыстық деңгейді меңгерген орыстілді маманға айналуда.
Терминологиясы әрі-сәрі ЖОМдардағы (жоғарғы оқу мекемесі) білім беретін қазақтілді бөлімдер мемлекеттік тілдегі оқулықтармен, керек-жарақпен қамтылмастан, қазақтілді студенттердің, аспиранттардың орыс тілінде оқуы дағды мен нормаға айналып, ақырында қазақтілді ғылым тілі тоқырауды бастан кешуде.

Екінші. Қазақ тілді терминологияны дамыту мәселелері тілдік сұраныстан гөрі, тілдік кембағалдықтан (неполноценность) туындап жатқандай сыңайы бар. Мәселен, терминнің қазақшалануы ғылыми ортаның сұранысынан емес, ең әуелі отаншылдық тұрғыдан тіл жанашырларының араласуынан жаппай қазақша терминдету қозғалысын туындатып жіберді. Бұл сырттай қарағанда, қазақ тілінің лексикалық қорын байытушы, тілді тазартушы сипаттағы үдеріс болып көрінгенмен, терминология мәселесін қарастыру ғылыми үдерістен тыс, маманданған негізде емес, қоғамдық сипатты болғандықтан, керісінше, тілдің лексикалық қорын әлдебір лингвистикалық вируспен былғайтын, тілдік жүйені ыдырататын және тіл тұтынушыларын жирендіретін ахуалға әкеліп соғуда.
Уәжіміз жалаң болмасын, мысал келтірейік. Тілге соңғы жылдары зорлап-зомбылап кіріктірген программа, лидер, рыйнок («рынок» деп орысша жазып жүргенімізді мойындайық) сөздерінің баламасы болып жүрген бағдарлама, көшбасшы, нарық неологемдері арқылы қазақ тілі байыды ма, лингвистикалық жүйесі нығайды ма, сөзжасам қабылеті артты ма?! «Иә» деуге асықпайық! «Ориентир» ұғымын беріп келген «бағдар» сөзі арқылы қазақ тілі «ориентировка» ұғымын беретін «бағдарламадан» қағылып қана қойған жоқ, осындай қатардағы сөздердің қазақша баламасын тудыру үдерісі тұйыққа тірелді. Бұған дейін «аялда» етістігінен «аялдама» зат есімін тудыру қалыптасқан үдеріс болса, енді кемінде 6-7 салалық мағынасы бар «программа» сөзін бір ғана дәйексіз сөзбен баламалау тәжірибесі пайда болды. «Бағдарлама» сөзі белгілі бір бағытты жалпылама дөрекі түрде бетке алу мүмкіндігі болса, «программа» ұғымы нақты тәсілдер мен мүмкіндіктер қарастырылған қойылған мақсатқа, межеге нақты жету жолы болып табылады. Нәтижесінде қазақ лексикасын «тонайтын» шала терминге тап болып отырмыз.Бұған қоса, тіліміздегі белгілі бір объект (әскер, ел, жол) бойынша басшылықты білдіретін қолбасшы, елбасшы, жолбасшы сөздерінің жасамдары енді белгілі бір топтың, лектің ұшы, басы дегенді білдіретін «лидер» сөзіне «көшбасшы» деген жадағай да жасанды сөзді балау арқылы тәрк етілді; «лидердің» ешқандай басшылыққа қатысы жоқтығы ескерілмеді, сөйтіп, тілдің морфологиялық әлеуетіне нұқсан келтірілді. «Лидер» қазақшаланғанмен, қазақ тілінің сөзжасам қасиетінің кейбір мүмкіндіктеріне нұқсан келді. Осылайша, аталған жаңа сөздер арқылы «қазақ тілі нығайды ма?» деген сауалға берілетін жауап жоқ, тұйыққа тіреліп отыр.
Енді бір мысалға назар аударайық. Бірнеше ғасырлық тарихы бар «рыночная цена» ұғымын беріп келген нарық сөзі зорлықпен «рынок» ұғымының баламасы болып таңылды. «Сауда орны» ұғымымен бірге «тауар айналымының алаңы» деген ұғымды бере алатын «рынокқа» одан да «базар» сөзі лайық емес пе еді?! Сөйтіп, «нарық-рынок» баламасы арқылы тілдің талай ғасырлық қалыптасқан лексикалық мазмұнын тәркілеу жүзеге аса бастады.
Ондап саналатын бұл нәтижелер тілімізге ене бастаған әлемдік неологемдерден өш алып жүрген Дон Кихотты елестетеді. Мұндай көріністердің астарында шын мәнінде, біздің тіліміздің ішкі қуатын күшейтумен айналысудан гөрі, терминологиялық әуесқойлық дағды орын алған, халықаралық ұғымдар мен терминдерді түсінбеуден туатын құрметтемеу және қабылдай алмау кембағалдығы мен қазақ лексикасын дамыту жолындағы шыдамсыздық жатыр.
Үшінші. Терминологиямен айналысатын тиянақты ғылыми- мемлекеттік құрылым жоқ. Кәзіргі ғылыми сипаттан алшақ үдерісті қолданып, қазақша термин тізімдерін бекітумен айналысатын Мемлекеттік терминологиялық коммиссияны ғылыми алқаға да, мемлекеттік құрылымға да, тіпті, термин мәселесіне тиянақты араласатын қоғамдық ортаға да жатқыза алмаймыз. Бір қызығы сол – мемтерминком бекіткен терминдердің міндетті қолданымдық құзыры жоқ. Оның үстінде бұл комиссияның атауында «мемлекеттік» анықтауыш болғанмен, терминді мемлекеттік тұрғыдан қарастыратын мемлекеттік құрылым емес. Себебі, жылына анда-санда жиналып, қолға түскен термин жобасын талқылайтын бұл құрылым форматы жағынан қоғамдық алқаға жатады. Мемтерминкомның термин мәселесін жүйелі шешетіндей қауқары да, мүмкіндігі де жоқ. Ғылыми салалық кеңестермен де, қоғамдық ортамен де тығыз да жүйелі қатынас орнатылмаған. Ұсынылған баламаларды алдын ала талдайтын, сараптайтын зертхана жоқ. Термин жобаларын жариялы түрде талдауға арналған заман талабына лайық бұқаралық ақпарат-жаршы құралы тағы жоқ. Нәтижесінде қарастырылған терминдер субъективтік сипаттан әріге аса алмауда, бекітілген терминдер лингвистикалық ортаның сенімінен шыға алмай, көбіне күмән мен дау тудыруда.Бекітілген терминдеріміз де дәйексіз ономастикалық ахуалдың кебін киюде. Тіпті, бір билік өкілінің терминге қатысты пікірі әлгі лингонысанның тағдырын шешіп жүргені адам жылатар жағдай.
Жалпы, Мемтерминком - Кеңестік өкімет талабы мен тоталитарлық қоғам тудырған және ақпараттану қарқыны бәсең кезеңге тән өткен шақтың құрылымы. Оны заман мен тілдің даму талабына сәйкестендіруді ойластыратын уақыт келді. Қысқасы, Мемтерминкомның кәзіргі ахуалы қазақ тілінің терминологиясына үлес қосатындай тіл талабы мен заман қарқынына ілесетіндей құрылым бола алмай отырғанын мойындау - әлдекімдерді жазғырудан туындаған жайт емес, мемлекеттік тілдегі тоқыраған ғылым тілін ғылыми ортаның жанды қатынас құралына айналса деген аңсардан туындаған ортақ уәж.
Сонымен, қазақ терминологиясын дамыту үшін не істеу керек? Біздің пайымымызша, ол үшін төмендегідей ұстанымдар ескерілгені жөн:
- термин – ғылыми объект, бірақ жалпыға ортақ тұтыным сипаты бар лексикалық бірлік;
- термин дамыту мәселесі - мемлекеттің араласу міндеті болып табылатын мемлекеттік тілді дамыту саласы, бірақ термин қалыптастыру – тілді қолдану үдерісіндегі қоғамның ортақ міндеті.
Аталмыш ұстанымдарды ескерсек, терминологияны дамыту құрылымы төмендегіше түрде өзінен өзі туындайды.
Біріншіден, қазақ терминологиясын дамыту тұжырымдамасы мен сәйкес нормативтік акт қажет.
Екіншіден, белгілі бір ғылыми кеңес, технологиялық ұжым немесе мемлекеттік мекеме мүдделі бола тұрып, нақты терминді қазақшалауға немесе неологемдік сұраныс жасайтындай алгоритм орнығуы керек.
Үшіншіден, белгілі бір терминді қазақшалауға немесе неологемдік ұсыныс жасауға сәйкес түрде салалық ғылыми кеңес, технологиялық ұжым немесе мемлекеттік мекеменің,тіпті, жекедара сарапшының қақы болуы тиіс.
Төртіншіден, мемлекеттік тараптан терминологияны дамытуға бағытталған, жаңа терминдер мен неологемдерді зерделейтін ғылыми терминологиялық зертхана (Тілбілім институты жанында) болғаны жөн.
Бесіншіден, сұранысқа сәйкес түскен ұсыныстардың талқысы жариялық сипатта жүруі керек, ол үшін арнайы электрондық бюллетень (сайт, портал) лайықты құрал болар еді.
Алтыншыдан, Терминологиялық зертхана мен ғылыми кеңестердің талқысынан өтіп, сұрыпталған ақырғы терминдік бірліктер сәйкес министрлік (Білім және ғылым) құзырымен сынақтық мерзімге қолданысқа ұсынылғаны жөн.
Жетіншіден, сынақтық мерзімнен өткен терминдер үкіметтік терминологиялық комиссия қаулысымен бекуі тиіс.
Осылайша құрылған терминологиялық ғылыми-мемлекеттік-көпшілік құрылым жалпы тіл тұтынушылары мойындайтын және баянды да дәйекті термин саласын дамытып қана қоймай, бұл саладағы ұшқарылық пен тоқырауды жояды деген сенім бар.
С.Ерғали
***Көптеген ғылыми терминдердің бір сөзбен аударылмайтыны, мән-мағнасы ауқымды болатыны белгілі. Сондықтан латын (грек) тіліндегі Толығырақ ...көптеген ғылыми атаулар аударылмай сол қалпында сақталуы қажет. Мәселен, асқазанның қабынуын ғылыми тілде гастрит деп атайды. Бұл сөздің орыс тіліндегі түсіндірмесі «воспаление слизистой оболочки желудка». Науқасқа диагноз қойылғанда дерттің атауы АХЖ (аурулардың халықаралық жіктемесі) талаптарына сәйкес болуы міндетті. Латын тілінен енген көптеген терминдердің қазақша түсіндірмесін беру мамандардың ісі. Халықаралық ғылыми терминдердің негізгі түбірлері сақталу керек. Грек, латын тілдерінен енген негізгі түбірлік терминдерге жалғанып жаңа термин туындататын бөлшектерге мән беру керек. Мысалы, -а; -ан; -аза; --амило; -анти; -био; -гидр; -эндо; -экзо; т.с.с. Мысалы, ан+емия, анти+токсин, гидро+цефалия, эндо+скопия, т.с.с.
***Орыстардың өз тілдеріне сәтті аударған немесе тыңнан тапқан орысша терминдері болса мүмкіндігінше қазақ тіліне аудару керек.

***Орысша сөз тіркестерімен аталатын терминдерді аударғанда 2-3 сөзден көп болмағаны жөн. Термин ұзақ сөйлем болып тұрса латыншасынан, немесе ағылшыншасынан аббревиатуралық термин жасау керек. Мысалы: Ла́зер (ағылшынша .... « light amplification by stimulated emission of radiation » деген құбылысты орыстар «усиление света посредством вынужденного излучения» ) деп ұзақ түсіндрмелеп басын қатырмай-ақ ағылшыншаның бірінші әріптерінен аббревиатура сөз жасап ЛАЗЕР дейді.
*** -логия; ...-изм қосылып жасалған атауларды казақшаға аударудың қажеті жоқ, мысалы, фило+логия, гастро-энтеро+логтя, коммун+изм

***Өткен 5-10 жыл бұрын терминкомның талқылауынан өтіп ұсынылған, тілдік айналымда жүріп, санаға сіңіп кеткен қазақы атау сөздерді «шо-то мне не нравится» деп қайта-қайта талқыға салып, білгірсіп өзгерте берудің несі жақсы ??.
(Мухамбедия Ахметтөреұлы)
Кісі есімдерінің жаңа әліпбиде жазылуы талқыланды
Файлды жүктеу
Тілімізді парсының өзі дәріптемейтін ХАНА мен НАМАларды қаптатып жібердік. «ОПРОСты" намалатып "сауалнама» дедік.
Дұрысы кәдімгі СҰРАҚТАМА ғой. Опросить - сұрақтау, допросить - сұрамалау, допрос - сұрама, вызвать к допросу Толығырақ ...- сұрамаға шақыру; опрос - сұрақтама.
Психолингвистика тарапынан қабылдауға құлақ дайын емес, бірақ сөзжасам өзіміздікі! Бұралқы емес. Талай сөзді тудырып тұр.
«Делопроизводствоны» іс жүргізу деген сөз тіркесімен баламалап жүрміз. Бұл термин емес, тіркес, болымсыз сөйлем.
Делопроизводство - ісжүргізім
Интернетті «ғаламтор» деп неге бар ұғымды былықтырып жүрміз: ғалам - вселенной (астрономиялық термин), тор - сетка. Сонда не ұттық.
Ең болмаса ӘЛЕМЖЕЛІ деп калька жасаған дұрыс қой
Порталдың қабылеті нашар. Пікір жазғанда тыныс белгілерін қойсаң, сөйлем өтпей тұрып алады, балықтың қылқаны құсап.
Сосын Бекітуге ұсынылған терминдерге қатысты пікір білдіру жалпылама емес, әр терминге қатысты жіктелетіндей болуы керек. Жамыратып Толығырақ ...бар терминге былықтырып пікір білдіру тіпті тиімсіз
РАССРОЧКА<br>
«Рассрочка« дегенді "бөліп төлеу" деп жүрміз. Негізі рассрочка - расстянуть срок дегеннің қысқарған түрі, мерзімді созып төлеу. "Бөліп төлеу" дефиницияны бұзып тұр, мерзімді созбай-ақ бір күнде 3-4 рет бөліп төлеуге Толығырақ ... <a class=»more-link">Толығырақ ...</a><span class="hidden-text">болады, бірақ ол рассрочка емес!<br>
Сондықтан оны "созып төлеу» деген барынша дұрысырақ</span>
Сұрақ: Терминдерді БІРІЗДЕНДІРУ ма ? әлде БІРІЗДІЛЕНДІРУ ма ?
  • Серік Ерғали 4 күн бұрын

    Біріздендіру. Калькасы керек болса - бірізділендіру, бірақ оған дені дұрыс қазақтың тілі келмес

Барлық қатысушылар